Қазақстан Республикасында СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 7 шілде N 647

Қолданыстағы

     Мемлекеттің бірқатар мекемелерінің қайта ұйымдастырылуына байланысты 
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қосымшаға сәйкес СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес 
жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін.
     2. "Қазақстан Республикасында СПИД-тің алдын алу және онымен күрес 
жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер 
Кабинетінің 1995 жылғы 5 тамыздағы N 1084  

P951084_

  қаулысының 
2-тармағының екінші абзацының күші жойылған деп саналсын.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                                 Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                                 1998 жылғы 7 шілдедегі
                                                 N 647 қаулысына
                                                       қосымша
     
                СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес
                     жөніндегі үйлестіру кеңесінің
                               Құрамы
     
     Көшербаев Қ.Е.                 - Қазақстан Республикасы Білім,
                                      мәдениет және денсаулық сақтау
                                      министрі, төраға
     
     Дүрімбетов Е.Е.                - Қазақстан Республикасының Бас
                                      мемлекеттік санитарлық дәрігері,
                                      Қазақстан Республикасы Білім,
                                      мәдениет және денсаулық сақтау
                                      министрлігінің Денсаулық сақтау
                                      комитеті төрағасының орынбасары,
                                      төрағаның орынбасары
     
     Сапарбеков М.К.                - СПИД-тің алдын алу және оған қарсы
                                      күрес жөніндегі республикалық
                                      орталықтың Бас директорының
                                      орынбасары, хатшы
     
     Жалымбетов Б.Ұ.                - Қазақстан Республикасы Көлік және
                                      коммуникациялар министрлігінің
                                      Әкімшілік департаментінің директоры
     
     Гурский А.С.                   - Қазақстан Республикасы Ақпарат
                                      және қоғамдық келісім министрлігінің
                                      Бұқаралық ақпарат құралдары
                                      департаментінің директоры
     
     Ерекешев С.В.                  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
                                      министрлігінің Бас медициналық
                                      санитарлық инспекторы
     
     Ыдырысов Е.А.                  - Қазақстан Республикасының Сыртқы
                                      істер вице-министрі
     
     Ызбанов М.К.                   - Қазақстан Республикасы Көші-қон
                                      және демография жөніндегі
                                      агенттігінің көші-қон басқармасының
                                      бастығы
     
     Кесебаева П.Т.                 - Қазақстан Республикасы Әділет
                                      министрлігінің Заң шығару және
                                      халықаралық құқық департаментінің
                                      бөлім бастығы
     
     Наймушина О.В.                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
                                      министрлігі Бюджет департаментінің
                                      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
                                      қорғау басқармасының бастығы
     
     Отто И.И.                      - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
                                      министрінің орынбасары
     
     Сатыбалдиев Е.А.               - "Қазақстан теледидары мен
                                      радиосы" республикалық
                                      корпорациясының президенті
     
     Сиврюкова В.А.                 - Қазақстан Республикасы Еңбек және
                                      халықты әлеуметтік қорғау
                                      министрлігінің парламентпен
                                      байланыс жөніндегі хатшысы 
     
     Шәкліков Т.Е.                  - СПИД-тің алдын алу және оған қарсы
                                      күрес жөніндегі Республикалық
                                      орталықтың бас директоры
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.