Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 қазандағы N 1316 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 621

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi және ақпараттық қызмет көрсетулердi мемлекеттiк тiркеу үшiн ақы алудың тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 қазандағы N 1316 P961316_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 43, 413-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

     аталған қаулымен бекiтiлген Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және
онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу және ақпараттық
қызмет көрсеткенi үшiн төлем алу тәртiбi туралы ережеде:
     4-тармақ "зейнеткерлер" деген сөзден кейiн "сондай-ақ заң
актiлерiне сәйкес тиiстi жеңiлдiктердi пайдаланатын өзге де адамдар"
деген сөздермен толықтырылсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi