"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы" мемлекеттiк кәсiпорнының атауын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 24 маусымдағы N 600

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" 1997 жылғы 20 қазандағы N 3700 U973700_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 47, 430-құжат) және "Қазақстан Республикасының астанасы - Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы деп қайта атау туралы" 1998 жылғы 6 мамырдағы N 3941 U983941_ Жарлықтарын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы" мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)" "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы" мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)" деп қайта аталсын.
      Ескерту. Екінші және үшінші бөлімнің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi