Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттiк органның орталық аппараты қызметкерiнiң өзi тұрып жатқан қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үйдi сатып алу шартының нысанын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 24 маусымдағы N 592

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын және Астана қаласына
қоныс аударған мемлекеттiк органның орталық аппараты қызметкерiнiң
өзi тұрып жатқан қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үйдi сатып алу
шартының қоса берiлiп отырған нысаны бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1998 жылғы 24 маусымдағы
                                          N 592 қаулысымен
                                            бекiтiлген

         Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын және Астана
         қаласына қоныс аударған мемлекеттiк органның орталық
               аппараты қызметкерiнiң өзi тұрып жатқан
           қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үйдi сатып алу

                                ШАРТЫ

     Астана қаласы                      199__ жылғы "___"___________

     Тараптар:
     Сатушы: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 сәуiрдегi
N 377-26қ қаулысына сәйкес Астана қаласы әкімінің жанындағы Тұрғын үй 
департаментi атынан ___________________
_____________________________________________________________________
                  (қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты)
және ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
мекен-жайдағы қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үйде тұрып жатқан сатып
алушы:
_____________________________________________________________________
    (қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты оның төлқұжат деректерi,
_____________________________________________________________________
                    қашан және кiм берген, нөмiрi,
_____________________________________________________________________
                оның қызметi және республикалық бюджет
_____________________________________________________________________
            есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органның атауы)
осы шартты мына төмендегiлер туралы жасасты:
     1. Сатушы сатады, ал сатып алушы өзiмен бiрге тұрақты тұратын
кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң, оның iшiнде отбасының уақытша жоқ
мүшелерiнiң келiсiмiмен
_____________________________________________________________________
                 (жұбайының тегi, аты, әкесiнiң аты)
_____________________________________________________________________
               (ордерге сәйкес балалардың және басқа да
_____________________________________________________________________
             отбасы мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)
_____________________________________________________________________
өзiне ордерге сәйкес 199__ жылғы "___"___________ берiлген Астана
қаласындағы _________________________________________________________
_________________________________________________________ мекен-жайда
орналасқан, ________ бөлмеден тұратын, жалпы пайдалы алаңы __________
шаршы м., тұрғын алаңы ________ шаршы м., қызметтiкке теңестiрiлген
жайлы пәтердi ортақ бiрлескен меншiкке сатып алады.


      2. Сатылатын пәтердiң баланстық құны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң "Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық" МК-ның 1998 жылғы "____"___________ N ____________ анықтамасы бойынша _____________ теңгенi құрайды.
      3. Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттiк орталық органның қызметкерi, мемлекеттiк органдардың орталық аппараттарының Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi комиссиялары тұрғын үй беру жөнiндегi шешiм қабылдаған сәттен бастап, аталған мемлекеттiк органда немесе басқа мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк қызметте, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 мамырдағы N 623 қаулысымен бекiтiлген тiзбеге сәйкес техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қызметтерде кемiнде екi жыл жұмыс iстеуге мiндеттеме алған жағдайда, сатушы пәтердi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 сәуiрдегi N 377-26қ қаулысымен бекiтiлген Ережеге сәйкес _______________________________ АҚШ долларына баламды _____________ _________________________________________ теңгеге (сомасы цифрмен және жазбаша көрсетiледi) сатып алушының меншiгiне бередi. <*> <*>
      Тұрғын үй сатып алу кезiнде еңбек шартын жасасу жөнiндегi мiндеттеме Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарымен тағайындалатын лауазымды адамдарға қолданылмайды.
      Қызметкер мемлекеттiк орган мен мемлекеттiк орталық органның қызметкерi арасында жасалған Келiсiм-шартта бекiтiлген, аталған мемлекеттiк органда немесе басқа мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк қызметте, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 мамырдағы N 623 қаулысымен бекiтiлген тiзбеге сәйкес техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қызметтерде мiндеттеме алған белгiленген мерзiм бойы жұмыс iстеу мiндеттемесiн бұзған кезде, не ол еңбек

тәртiбiн бұзғаны үшiн жұмыстан босатылған кезде тұрғын үйдi сатып алу
оның баланстық құны бойынша жүргiзiледi.
<*>

     Бұл шарт қызметкердiң мiндеттеменi өз кiнәсiнен емес, атап
айтқанда:
     1) мемлекеттiк орган таратылған, қызметкерлердiң саны немесе
штаты қысқартылған;
     2) жұмысын жалғастыруға кедергi келтiретiндей науқастануына
байланысты;
     3) зейнеткерлiкке шығуына байланысты;
     4) мемлекеттiк қызметшi отставкаға кеткен;
     5) заң актiлерiнде көзделген өзге жағдайларда орындамаған
реттерде қолданылмайды.
     Сонымен қатар бұл шарт қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза
тапқан қызметкерлердiң отбасына қолданылмайды.
     4. Сатып алушы 3-тармақта көрсетiлген соманы мына есеп айырысу
шотына төлейдi ______________________________________________________
                           (оператор банк көрсетiлсiн)


      5. Иелiктен алынатын пәтер осы шарт жасасқан сәтте мемлекет меншiгi болып табылады, ешкiмге сатылмаған, кепiлге берiлмеген, дау нысанасы болып табылмайды және сот арқылы тұтқындалмаған.
      6. <*>
      7. Сатып алынған пәтерге билiк жасау құқығы сатып алушыда осы шарттың 3-тармағында көрсетiлген жағдайлар туғанда және осы шарт Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң "Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық" МК-да тiркелгенде пайда болады.
      8. Осы шарт сатып алушы, сатушы және жылжымайтын мүлiктi

тiркеу органы үшiн 3 дана етiп жасалды.
     Қызметкер бюджеттiк несиенi ресiмдеген кезде агент банк үшiн
тұрғын үй сатып алу шартының қосымша (төртiншi) данасы жасалады.
<*>

     9. Осы шарт сатып алатын тұрғын үйi үшiн ақша "Жаңа астана"
қорының шотына түскеннен кейiн күшiне енедi.
<*>

     
      Сатушы                             Сатып алушы
     М.Ө. қолы                          қолы
     
     ЕСКЕРТУ. 9-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.08.04. N 738
              қаулысымен.  

P980738_

 
     ЕСКЕРТУ. 6-тармақ алып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.08.27. N 810
              қаулысымен.  

P980810_

 
     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.11.11. N 1148
              қаулысымен.  

P981148_

 
     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi, 8-тармақ 2-абзацпен толықтырылды -
              ҚРҮ-нiң 1998.12.22. N 1317 қаулысымен.  

P981317_

 
     ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.27. N 567            
              қаулысымен.  

P010567_