Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы туралы ережелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 19 маусым N 574. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.09. N 368 қаулысымен. ~P000368

Күшін жойған
     "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалау жөніндегі бұдан

былайғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 17 
қарашадағы N 3761  

U973761_

  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының 
Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қоса беріліп отырған:
     1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже;
     2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы туралы ереже 
бекітілсін.
     2. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені 
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 маусымдағы 
N 934  

P970934_

  қаулысының күші жойылған деп танылсын.
     
     
      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     


                                                   Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 1998 жылғы 19 маусымдағы N 574 қаулысымен бекітілген


                  Қазақстан Республикасының Қорғаныс
                   министрлігі (Қорғанысмині) туралы
                             ЕРЕЖЕ

                            Миссиясы

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің миссиясы Қарулы Күштерді дамыту және елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға даярлау болып табылады.

                 I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қарулы Күштерге, Қазақстан Республикасындағы қорғаныс құрылысына әскери-саяси басшылық жасауды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлерін басқаруды жүзеге асыратын әскери басқарудың орталық органы болып табылады.
      2. Министрлік өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Министрлікті ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарын ұстауға көзделген қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.
      4. Министрліктің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      5. Министрлік заңды тұлға болып табылады, оның банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі, бланктері және мөртаңбалары болады.

                        II. Басымдықтары

      6. Министрліктің жұмысындағы басымдықтардың негізі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиясы болып табылады, оның ішінде:
      1) Қазақстан Республикасының егемендігін, аумақтық тұтастығын және шекарасына қол сұқпаушылықты қорғауға Қарулы Күштердің даярлығын қамтамасыз ету мақсатында әскери-саяси басшылықты жетілдіру және олардың құрылымын оңтайландыру;
      2) басқару органдары мен әскерлерді жедел, жұмылдырушылық және жауынгерлік даярлау жүйесін жетілдіру;
      3) Қарулы Күштерді қамтамасыз етудің барлық түрлерін жетілдіру;
      4) қорғаныс кешені кәсіпорындарын дамыту және нығайту;
      5) әскери білім берудің, әскери кадрларды даярлаудың ұлттық жүйесін жетілдіру, ұлттық әскери-ғылыми базаны құру және дамыту;
      6) әскери қызмет пен әскери-қызметтік қарым-қатынастарды ізгілендіру, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету, әскери қызметтің беделін көтеру. Әскери қызметшілердің денсаулығын нығайту, дене даярлығы мен көнбістілігін арттыру жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаны әзірлеу және оны іске асыруды қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын, әскери тәртіпті және отансүйгіштікті насихаттау.

             III. Міндеттері, функциялары және құқықтары

      7. Министрліктің негізгі міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін қолдау және қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасына қарсы әскери шабуылды болдырмау және ықтимал басқыншылыққа қарулы тойтарыс беру үшін тиісті жағдайлар жасау;
      2) әскери-саяси жағдайға баға беру, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне болуы мүмкін қауіптің сипаты мен дәрежесін анықтау;
      3) әскери саясат пен әскери доктринаны әзірлеу, Қазақстан Республикасында бірыңғай әскери-техникалық және әскери-экономикалық саясатты жүргізу;
      4) басқа мемлекеттермен әскери-саяси және әскери ынтымақтастықты жүзеге асыру және бірлескен қорғанысты ұйымдастыруды келісу, сондай-ақ соғысты болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүргізуге тікелей қатысу;
      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау мен күзетуді нығайту жөніндегі әскери-саяси шешімдерді жүргізу;
      6) әскери, құқықтық, отансүйгіштік және адамгершілік тәрбиенің тұжырымдамасын әзірлеу мен бекіту және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жеке құрамының арасында тәртіпті нығайту;
      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту туралы, әскери қызметшілердің және Министрліктің азаматтық персоналының әлеуметтік және құқықтық кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары мен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін іске асыруды қамтамасыз ету;
      8) экономиканың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың соғыс уақытында жұмыс істеуге жұмылдырушылық даярлығын, сондай-ақ республиканың халқы мен аумақтарын, коммуникацияларын қорғанысқа даярлауды ұйымдастыруға қатысу;
      9) Қарулы Күштерді дамытудың, ғылыми-техникалық және арнайы зерттеулерін және Қарулы Күштердің мұқтажы үшін әскери кадрларды даярлаудың бағыттарын айқындау;
      10) әскери қызметті жүргізуге байланысты айналадағы ортаны қорғау жөніндегі шараларға бақылау жасау;
      11) республикалық бюджеттің жобасы бойынша қорғанысқа арналған шығыстар жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      8. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды орындайды:
      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қарауына ұсынады;
      2) белгіленген тәртіппен Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
      3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскерлерінің түрлері мен тектерінің құрылымын, штат санын белгілейді, өз құзыретінің шегінде кадрларды даярлау мен орналастыруды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қарулы Күштерге адам, көлік және материалдық-техникалық ресурстарды жұмылдыруды жүргізеді;
      4) белгіленген тәртіппен қорғаныс мұқтажы үшін қару-жарақты, әскери техниканы, басқа да материалдық құралдарды жасауға, шығаруға, жөндеуге және беруге, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге мемлекеттік тапсырысты орналастырады, оларды жасауға, сынауға, шығаруға және дайындалу сапасына бақылау жасауды жүзеге асырады;
      5) әскери ғылымды дамытуға басшылық жасайды, әскери-ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады және жүргізеді;
      6) қарулануға (жабдықтау мен пайдалануға) қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және әскери техниканың жаңа және жетілдірілген үлгілерін қабылдаудың, сондай-ақ ескірген үлгілерді қаруланудан (жабдықтаудан, пайдаланудан) алып тастаудың тәртібін белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібін дамыту мен конверсиялаудың бағыттарын айқындауға қатысады;
      8) әскери кадрларды даярлау процесіне бақылау жасайды және заңдарда белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттердің тиісті мемлекеттік органдарымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын олардың әскери-оқу орындарына жіберуді қамтамасыз етеді;
      9) белгіленген тәртіппен әскери саясат, әскери-техникалық жарақтандыру және әскери ынтымақтастықтың өзге де түрлері мәселелері бойынша келіссөздер жүргізуге және халықаралық шарттар жасасуға қатысады, олардың орындалу барысына бақылау жасауды жүзеге асырады;
      10) әскери-саяси жағдай туралы ақпараттарды жинауды, қорытуды және талдауды ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне бар және болжалған әскери қауіптің сипаты мен дәрежесін айқындайды;
      11) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері бірлестіктерінің құрамаларының және әскери бөлімдерінің, кәсіпорындары мен мекемелерінің жауынгерлік және жұмылдырушылық даярлығының жай-күйін тексереді;
      12) қаржы және материалдық-техникалық құралдардың ұтымды жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
      13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      9. Министрліктің өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруы және өз функцияларын орындауы кезінде:
      1) қорғаныс туралы заңдардың орындалуына бақылау жасауға және оны бұзуға кінәлі адамдарды белгіленген тәртіппен жауапқа тартуға;
      2) өз құзыретінің шегінде орындалуы міндетті нұсқаулар беруге және нормативтік құқықтық актілер шығаруға;
      3) белгіленген тәртіппен меншіктің барлық нысандарындағы субъектілерден, лауазымды адамдардан және азаматтардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
      4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамындағы мүлікке иелік етуді және пайдалануды жүзеге асыруға;
      5) заңдарда белгіленген жағдайларда және тәртіппен лицензиялауды жүзеге асыруға;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік ұйымдарды құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға;
      7) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болуға, олардың жарғыларын бекітуге, оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыруға;
      8) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзіне берілген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

          IV. Қызметінің ұйымдастырылуы және жауапкершілігі

      10. Министрлік Қарулы Күштерді дамыту және оны мемлекетті қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға даярлау үшін толық жауапкершілікте болады.
      11. Министрлікті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      12. Министр Министрліктің жұмысына басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершілікте болады.
      13. Министр:
      1) Министрліктің жұмысын ұйымдастырады;
      2) өз орынбасарларының, Қарулы Күштер түрлері қолбасшыларының және Министрліктің лауазымды адамдарының міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді;
      3) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
      4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің республиканың егемендігін, аумақтық тұтастығын және шекарасына қол сұғылмаушылығын қорғау үшін жауынгерлік даярлығының жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
      5) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жоғары командованиесінің басшылық лауазымдарын атқаруға тағайындалатын және жоғары әскери атақтар беруге ұсынылатын генералдар мен офицерлердің кандидатураларын ұсынады;
      6) Қарулы Күштердің түрлерін даярлау мен қолданудың жоспарларын бекітеді;
      7) әскерлердегі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тәртіпті және құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық жұмыстардың тұжырымдамасын бекітеді;
      8) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына сәйкес әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін атқарған мерзімді қызмет әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарынан босату туралы және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы бұйрықтар шығарады;
      9) Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылысы жөнінде ұсыныстарды, оларды қолдану жоспарларын және жұмылдыру жоспарларын ұсынады;
      10) офицерлік құрамды қызметке тағайындайды, қызмет бойынша ауыстыру, әскери атақтар беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарынан босату мәселелерін шешеді;
      11) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді, белгіленген тәртіппен Министрлік аппаратының генералдары мен офицерлерін қызметке тағайындау және босату туралы шешімдер қабылдайды;
      12) Қарулы Күштердің түрлері, әскерлердің тектері және Министрліктің үлес алушы құрылымдық бөлімшелері бойынша қару-жарақтың, әскери техниканың негізгі түрлерінің, күрделі салымдар мен басқа да материалдық-техникалық құралдардың тапсырыс көлемінің, сондай-ақ бюджеттік қаржылардың бөлінуін бекітеді;
      13) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа мемлекеттердің Қарулы Күштерімен ынтымақтастығын ұйымдастырады;
      14) әскери қызметшілер мен азаматтық қызметшілерді, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын марапаттау (оның ішінде белгіленген тәртіппен атаулы қарумен) және көтермелеудің басқа да түрлері туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен қызметшілеріне жазалар қолдану туралы бұйрықтар шығарады;
      15) азаматтардың арыздарын, өтініштерін қарауды және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің, қызметшілерінің және Министрліктің жұмысшы персоналының құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды ұйымдастырады;
      16) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      14. Министрдің 4, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.
      15. Министрдің орынбасарларын және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің қолбасшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      16. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері түрлерінің, Министрлік комитеттерінің, департаменттерінің, бас басқармаларының (басқармаларының), бөлімдерінің және қызметтерінің атқаратын қызметі олар туралы ережелерде айқындалады.
      17. Комитеттердің төрағаларын Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      18. Министрлік департаменттерінің, бас басқармаларының (басқармаларының), бөлімдерінің және қызметтерінің бастықтары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. Министрлікте әскери басқару органдарының қызметін жетілдіру, атқаруды бақылау, кадрларды іріктеу, жұмысты жақсарту мәселелері жөніндегі шешімдерді алқалы түрде әзірлеу үшін кеңесуші-консультациялық орган-алқа құрылады.
      Алқаның жеке құрамын Министр бекітеді.
      Алқаның шешімдері Министрдің бұйрығымен жарияланады.
      20. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлерінде осындай принцип бойынша Қарулы Күштер түрлерінің әскери кеңестері құрылады.
                                                   Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 1998 жылғы 19 маусымдағы N 574 қаулысымен бекітілген


                         Қазақстан Республикасы
                   Қарулы Күштерінің Бас штабы туралы
                               ЕРЕЖЕ

                I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы (бұдан әрі - Бас штаб) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдануды және оның күнделікті қызметін ұйымдастыруды жедел-стратегиялық жоспарлау органы болып табылады. Бас штаб Қарулы Күштер түрлерінің, Бас штаб департаменттерінің, бас басқармаларының (басқармаларының), бөлімдерінің және қызметтерінің жұмысын бағыттайды және үйлестіреді, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтары мен нұсқауларының негізінде әскерлердің жауынгерлік және күнделікті қызметіне басшылық жасайды, оларды қатаң және бұлжытпай іске асырады.
      Соғыс уақытында Бас штаб Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Ставкасының жұмыс органы болып табылады.
      2. Бас штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қорғаныс министрінің директиваларын және осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Бас штабтың аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін ұстауға көзделген қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.
      4. Бас штабтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі, бланкілері, мөртабандары болады.

                II. Бас штабтың міндеттері мен функциялары

      5. Бас штабқа мынадай міндеттерді шешу жүктеледі:
      1) әскери-саяси жағдайға талдау жасау және бағалау, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне ықтимал қауіптің сипаты мен дәрежесін анықтау және Қорғаныс министрінің шешімдер қабылдауы үшін ұсыныстар дайындау;
      2) әскери доктриналарды, әскери саясатты әзірлеуге қатысу және Қазақстан Республикасында бірыңғай әскери-техникалық және әскери- экономикалық саясатты жүргізу;
      3) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігі жүйесінің және бітімгерлік қызметтің шеңберінде қорғанысты жоспарлауға қатысу;
      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғауды жоспарлау және ұйымдастыру;
      5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық даярлығын қамтамасыз ету, оларды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру, стратегиялық өрістету мен қолдану жөніндегі шараларды жоспарлау және ұйымдастыру;
      6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің күнделікті қызметін жоспарлау және ұйымдастыру;
      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жедел, жұмылдырушылық, жауынгерлік даярлықтарға және ғылыми жұмыстарға басшылық жасау;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құқықтық тәртіпті және әскери тәртіпті қамтамасыз ету;
      9) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жоспарлау және ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жасақтау;
      10) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қару-жараққа, әскери техникаға және басқа да материалдық құралдарға деген қажеттілігін айқындау, олармен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жұмылдыра өрістетуді жабдықтауды жоспарлау, қару-жарақтың, әскери техниканың және басқа да материалдық құралдардың жедел қорларын жинақтау және орналастыру.
      6. Бас штаб өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды орындайды:
      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік және күнделікті қызметін жедел-стратегиялық жоспарлауды және басқаруды жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының әскери доктринасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      3) Қарулы Күштер құрылысының (дамуының) және әскерлерді жұмылдыра өрістетудің жоспарларын әзірлейді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар құрылысының (дамуының) жоспарларын әзірлеуді үйлестіреді;
      4) атқарушы өкімет органдарының қатысуымен мемлекеттің Қарулы Күштерін қолданудың жоспарын, Қарулы Күштердің жұмылдырушылық жоспарын және қорғаныс мақсатында Елдің аумақтарын жедел жабдықтаудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлейді;
      5) Қарулы Күштердің жауынгерлік және жұмылдырушылық даярлығын, жедел жұмылдырушылық және жауынгерлік даярлықты ұстау жөніндегі шараларды ұйымдастырады және жүргізеді;
      6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жедел даярлаудың, басқа мемлекеттердің қарулы күштерімен бірлесіп қолданылуының және өзара іс- қимылының жоспарларын әзірлеуге қатысады;
      7) Қарулы Күштердің басқа да әскери құралымдармен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
      8) аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға қатысатын күштердің қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;
      9) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды стратегиялық өрістетуді ұйымдастырады;
      10) экономиканы, мемлекеттік органдарды және өзге де ұйымдарды соғыс уақытында жұмыс істеуге жұмылдыруға дайындауды, сондай-ақ республиканың халқын, аумақтарын және коммуникацияларын қорғанысқа даярлауды ұйымдастыруға қатысады;
      11) Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының жұмылдырушылық тапсырмалары мен Жоспарын әзірлеуге қатысады;
      12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғау жөніндегі шараларды жоспарлауды және орындауды ұйымдастырады;
      13) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың және органдардың саны жөнінде ұсыныстар әзірлеуді үйлестіреді;
      14) әскери қызметке және әскери жиындарға шақырылатын азаматтардың саны туралы ұсыныс дайындайды;
      15) азаматтарды әскери есепке алу, әскери қызметке даярлау және оларды әскери қызметке және жиындарға шақыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      16) Қарулы Күштер үшін әскери кадрларды іріктеуді және даярлауды ұйымдастырады;
      17) Қарулы Күштерді қару-жарақпен, әскери техникамен және басқа да материалдық құралдармен қамтамасыз етуді, сондай-ақ бейбіт уақытта осы құралдарды жинақтау мен орналастыруды ағымдағы және перспективалық жоспарлауды жүзеге асырады;
      18) белгіленген тәртіппен қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және әскери техниканың жаңа және жетілдірілген үлгілерін қарулануға (жабдықтауға және пайдалануға) қабылдайды, сондай-ақ ескірген үлгілерді қаруланудан (жабдықтаудан, пайдаланудан) алады;
      19) Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылда жастарға әскери-отансүйгіштік тәрбие беру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, тәрбиелік, құқықтық жұмыстарды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлық санаттағы әскери қызметшілері мен азаматтық қызметшілерін өзге де даярлауды жоспарлайды және ұйымдастырады;
      20) әскерлердің күнделікті қызметтерінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жарғыларының талаптарын орындауы жөнінде жоспарлауды жүзеге асырады және шаралар жүргізеді;
      21) республиканың қорғанысы мүддесінде күрделі құрылысты ұйымдастырады, жүзеге асырады және оған бақылау жасайды;
      22) Қарулы Күштерде әскери ғылымдарды дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      23) республиканың аумағында радиациялық, химиялық және бактериялық зақымдануды анықтау жүйелерін құруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысады, гарнизондарды, әскери қалашықтарды, полигондарды және қорғаныс мақсатындағы басқа да объектілерді мерзімді санитарлық- эпидемиологиялық тексеруді ұйымдастырады;
      24) әскери қызметті жүргізуге байланысты айналадағы ортаны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      25) қаржы және материалдық-техникалық құралдарды ұтымды жұмсауды қамтамасыз етеді;
      26) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтары мен директиваларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

               III. Бас штабтың қызметін ұйымдастыру

      7. Бас штабты, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын, Бас штабтың бастығы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары басқарады.
      8. Бас штабтың бастығы:
      1) Бас штаб департаменттерінің, бас басқармаларының (басқармаларының), бөлімдерінің және қызметтерінің жұмысына басшылық жасайды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық даярлығын және оларды басқаруды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ осы Ережеде Бас штабқа жүктелген тапсырмалар мен міндеттердің орындалуы үшін жеке жауап береді;
      2) өз орынбасарларының, Бас штабтың департаменттері, бас басқармалары (басқармалары), бөлімдері және қызметтері бастықтарының міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындайды;
      3) өзіне жүктелген тапсырмалар мен міндеттерге сәйкес бұйрықтар, директивалар шығарады және нұсқаулар береді, олардың орындалуына бақылау жасайды;
      4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолданудың, аумақтық қорғанысты ұйымдастырудың жоспарларын, Жұмылдыру жоспарын, Қарулы Күштердің құрылысы жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге басшылық жасайды және оларды Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен келісуді ұйымдастырады және Қорғаныс министріне бекітуге ұсынады;
      5) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жауынгерлік даярлықтың тиісті дәрежесіне келтіреді және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану жоспарын және Қарулы Күштерін жұмылдыру жоспарын қолданысқа енгізеді;
      6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік даярлығының

жай-күйіне бақылау жасауды жүзеге асырады;
     7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа мемлекеттердің 
қарулы күштерімен әскери ынтымақтастығын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс 
органдарының қызметіне қатысады;
     8) заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қорғаныс 
министріне генералдар мен офицерлердің кандидатуралары бойынша бос 
лауазымдарға ұсынуға және тағайындауға және жоғары әскери атақтар беруге 
ұсыныстар жасайды;
     9) Бас штабтың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
     10) азаматтардың ұсыныстары мен өтініштерін қарауды және әскери 
қызметшілердің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды 
ұйымдастырады;
     11) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзінің құзыретіне жатқызылған 
басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
     9. Бас штаб бастығының, өзінің ұсынуы бойынша Қазақстан 
Республикасының Қорғаныс министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен 
босататын орынбасарлары болады.