Спирт өндірісін спирт өлшеуші аппараттармен және алкогольді өнімдерді шығару жөніндегі технологиялық желілерді өндірістің (сырадан басқа) көлемін есептеу аспаптарымен міндетті түрде жарақтандыру туралы

Қазақстан Республикасы Yкіметінің ҚАУЛЫСЫ »1998 жылғы 16 маусым N 544

Қолданыстағы
      "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, сондай-ақ алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды лицензиялаудың тәртібі мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 31 шілдедегі N 1195 P971195_ қаулысына (Қазақстан Республикасы Yкіметінің ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 34, 323-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
      ұйымдардың 1999 жылдың 1 қаңтарына дейін өзінің алкогольді өнімдерді (сырадан басқа), этил спиртін және этил спиртінің бас фракциясын өндіру жөніндегі технологиялық желілерін тиісінше өндірістің көлемін есептеу бақылау аспаптарымен және спиртті өлшеу аппараттарымен міндетті түрде жарақтандыруын қамтамасыз етсін;
      бір айлық мерзім ішінде және белгіленген тәртіппен:
      этил спирті мен этил спиртінің бас фракциясын автоматтандырылған есептеуге арналған спирт өлшеуіш аппараттарға, алкогольді өнімдерді есептеудің бақылау аспаптарына және олардың жұмысына бақылау жасау жүйесіне ұсынылатын талаптарды;

     этил спирті мен алкогольді өнімдерді автоматтандырылған есептеу 
жөніндегі нормативті құқықтық актілерді бекітсін.
     2. Спирт өлшеуіш аппараттар мен алкогольді өнімдерді (сырадан басқа) 
өндірудің көлемін есептеу аспаптарын орнатуға және пайдалануға, оларға 
пломба салуына бақылау жасау Комитетке жүктелсін.
     
      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі