Ақпаратты қорғау жөніндегі ұлттық стандарттардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 3 маусым N 507

Қолданыстағы
       "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 3834 U983834_ Жарлығын іске асыру және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ақпаратты қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссия, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті, Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының ақпаратты қорғау жөніндегі ұлттық стандарттарын әзірлесін және 1999 жылдың II тоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.18 N 1299 қаулысымен.
               P981299_
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ақпаратты қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссия, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп:
      1999 жылдың I тоқсанында Ақпаратты қорғау жөніндегі ұлттық стандарттардың сақталуына бақылау жасау органдары туралы ережені әзірлесін және бекітсін;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісуге жататын қызмет түрлеріне лицензия беруге уәкілетті мемлекеттік органдарының тізбесін айқындайтын "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын дайындасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ақпаратты қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, 1999 жылдың I тоқсанында Ақпаратты қорғау құралдарын сертификаттау туралы және Ақпаратты қорғау саласында қызмет көрсету жөніндегі сертификатталатын кәсіпорындар мен ұйымдар туралы" ережелерді әзірлесін және бекітсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі ай мерзім ішінде "Стандарттардың немесе олардың адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзге де нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігіне міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің)

тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 
шілдедегі N 1112  

P971112_

  қаулысымен бекітілген Стандарттардың немесе өзге 
де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігінен міндетті 
сертификаттауға жататын өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) 
тізбесін толықтыру жөнінде ұсыныстар енгізсін.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
     
    Оқығандар:     
  Орынбекова Д.К.
  Кобдалиева Н.М.