Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қаңтардағы N 2 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 20 мамырдағы N 457

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығын және Машина жасауды болжау жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қаңтардағы N 2 P980002_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының, Қорғаныс министрлiгiнiң және Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ведомстволық бағыныстағы "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығын "(СFТО)" құру туралы ұсынысы қабылдансын. "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығының (CFTO) мекен-жайы Алматы қаласы болып белгiленсiн";

     4-тармақтың екiншi абзацындағы "өнеркәсiп орындары мен
тәжiрибелiк өндiрiсi бар конструкторлық-технологиялық бюроларды"
деген сөздер "ғылыми-зерттеу және тәжiрибе конструкторлық ұйымдарды"
деген сөздермен ауыстырылсын.


     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi