Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы. 1998 жылғы 14 мамырдағы N 434

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының экологиялық аудандарға бөлiнуiн реттеу жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 29 маусымдағы N 548 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 25, 305-құжат):
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Экологиялық аудандарға бөлу жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру Республикалық қоршаған ортаны қорғау қоры қаражатының есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн";
      2) <*>
      Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.22. N 1239 қаулысымен .
      3) "Кентаукенiштарату" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 қарашадағы N 1488 қаулысына :
      6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi арқылы" деген сөздер алынып тасталсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi