Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 8 мамырдағы N 418

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мына қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қарашадағы N 1435-6 Iс қаулысына (құпия);
      2) "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1700 P971700_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 52, 480-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы ережеде:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасын инвесторлардың алдына бiлдiруге уәкiлеттiк берiлген орталық атқарушы органмен және" деген сөздер "уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацтағы "мемлекеттiк органдардың" деген сөздерден кейiн "қызметiн" деген сөзбен, "қолданылып жүрген заңдарда көзделген" деген сөздерден кейiн "өз" деген сөзбен толықтырылсын;
      үшiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеңiнен таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асыруға құқық алған" деген сөздер "қолданылып жүрген заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "шарттарын және қызметкерлерге еңбек ақы төлеу қорын" деген сөздер алынып тасталсын, "өкiлдiгiн" деген сөз "аймақтық құрылымдық бөлiмшелерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы "валюталықты қоса алғанда банктерде шоттары" деген сөздер "банктiк шоттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      төртiншi абзацтағы "экономика мен жер қойнауын пайдаланудың басымдықты секторларын" деген сөздер "республиканың экономикасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтағы "нақты" деген сөз алынып тасталсын;
      8-тармақта:
      сегiзiншi абзацтағы "мен жер қойнауын пайдаланудың, жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орташа бизнестi дамытудың басқа да басымдықты салаларына" деген сөздер алынып тасталсын;
      оныншы абзацтағы "инвестициялық тендерлер мен аукциондар" деген сөздер алынып тасталсын;
      он бесiншi абзацтағы "жер қойнауын пайдалану құқықтарының ашық сауда-саттығына байланысты құжаттарды" деген сөздер алынып тасталсын;
      он жетiншi абзацтағы "инвестициялық тендерлер мен аукциондар" деген сөздер алынып тасталсын;
      9-тармақта:
      екiншi абзацтағы "және үкiметаралық келiсiмдер" деген сөздер алынып тасталсын;
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қойнауын пайдалануды лицензиялау жөнiндегi жұмыс органы болуға";
      алтыншы абзацтағы "стратегиялық маңызды инвестициялық жобалар" деген сөздер "жер қойнауын пайдаланудың маңызды жобалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегiзiншi абзацтағы "инвестициялық тендерлер мен аукциондарға" деген сөздер алынып тасталсын;
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен берiлген лицензияларды тоқтата тұру немесе керi қайтару жөнiнде не олардың шарттарын өзгерту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныс енгiзуге";
      он алтыншы абзацтағы "Комитеттiң аймақтық және шетелдiк өкiлдiктерiн, сондай-ақ Инвестициялар жөнiндегi ғылыми-ақпарат орталығын" деген сөздер "аймақтық құрылымдық бөлiмшелердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақтың алтыншы және жетiншi абзацтарындағы "инвестициялық тендерлер мен аукциондар", "инвестициялық тендерлер мен аукциондардың" деген сөздер алынып тасталсын;
      12-тармақтың екiншi абзацындағы "және шетелдiк өкiлдiктерiнiң" деген сөздер "құрылымдық бөлiмшелерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын. "Инвестициялар жөнiндегi ғылыми-ақпарат орталығының" деген сөздер алынып тасталсын;
      14-тармақтың үшiншi, бесiншi және алтыншы абзацтарындағы "дирекциясының" деген сөз алынып тасталсын;
      15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Комитеттiң төрағасы Комитеттiң жұмысын үйлестiредi, барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда, инвесторлармен, шетелдiк мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың делегацияларымен келiссөздерде Комитеттi бiлдiредi, заңдарда белгiленген тәртiппен халықаралық шарттарға қол қояды, инвестициялардың көлемi 30 000 000 (отыз миллион) АҚШ долларына баламды сомадан асатын келiсiм шарттарға қол қояды, сондай-ақ Комитеттiң құзыретiне жатқызылған барлық мәселелер бойынша шешiм қабылдайды.
      Комитеттiң атқарушы директоры, ол болмаған кезде Комитеттiң төрағасын алмастырады, Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған тiкелей басшылық жасайды, оның iшiнде:
      директорлардың, қызметтер басшыларының және Комитеттiң басқа да қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiк шеңберлерiн айқындайды;
      Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      инвесторлармен және жер қойнауын пайдаланушылармен инвестициялардың көлемi 30 000 000 (отыз миллион) АҚШ долларына баламды сомадан аспайтын келiсiм-шарттарға қол қояды;
      өзiне Комитеттiң төрағасы жүктеген өзге де мiндеттердi орындайды.
      16. Комитетте, құрамына лауазымы бойынша: Комитеттiң төрағасы (алқаның төрағасы), атқарушы директор, Комитеттiң директорлары, Қаржы министрлiгiнiң, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң, Әдiлет министрлiгiнiң өкiлдерi кiретiн 9 адамнан тұратын алқа құрылады.
      17. Комитеттiң жанынан отандық және шетелдiк инвесторлар мен жер қойнауын пайдаланушылар бар консультациялық-кеңесушi орган - Консультациялық кеңес құрылады. Консультациялық кеңестiң жеке құрамы мен жұмысының тәртiбiн Комитеттiң төрағасы белгiлейдi.";
      18-тармақтың екiншi абзацындағы "Комитет төрағасының бұйрықтарымен" деген сөздер алынып тасталсын;
      19-тармақ алынып тасталсын;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Комитет жүктелген мiндеттердi тиiмдi орындау үшiн Комитеттiң аймақтық құрылымдық бөлiмшесi - бөлiмшелер құруға құқылы.
      Комитеттiң бөлiмшелерiн құру туралы шешiмдi Комитеттiң төрағасы қабылдайды. Комитеттiң бөлiмшелерi туралы ереженi, сондай-ақ бөлiмшелердiң саны мен құрылымын Комитеттiң төрағасы бекiтедi.
      Комитеттiң бөлiмшесiнiң қызметiн атқарушы директор қызметке

тағайындайтын және қызметтен босататын бөлiмшенiң басшысы
басқарады. Комитет бөлiмшесiнiң басшысы бөлiмшенiң барлық жұмысына
басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады.";
     24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "24. Орталық аппарат (дирекциялар мен қызметтер), бөлiмшелер
мен ведомстволар Комитеттiң бiрыңғай жүйесiн құрайды".
     20-24-тармақтар тиiсiнше 19, 20, 21-тармақтар болып есептелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi