"ҚазАлкоОрталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 20 сәуiрдегi N 396

Қолданыстағы
      "Мемлекеттiк кәсiпорындар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 U952335_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына мемлекеттiк бақылау жасауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "ҚазАлкоОрталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31 қаулысымен.
               P990031_
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь

өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi
бiр айлық мерзiм iшiнде Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн, оны белгiленген
тәртiппен тiркесiн және осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгiзу туралы Қазақстан
Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31 қаулысымен.
               

P990031_

 

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi