"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1791 P971791_ қаулысын iске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiнiң
ұйымдық құрылымына жүргiзiлiп отырған қайта құруға байланысты
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiнiң
қоса берiлiп отырған құрылымы бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрiнiң
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 29 сәуiрдегi
N 395 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгi Салық комитетiнiң
құрылымы
Ұйымдастыру-инспекторлық басқарма
Бақылау-талдама басқармасы
Салық жинау методологиясы басқармасы
Салық аудит басқармасы
Салық төлеушiлермен жұмыс iстеу жөнiндегi басқарма
Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы