Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.04.14. N 578 қаулысымен.
2. "Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 26, 215-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
2-тармақтағы "мен оның жеке құрамы" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы ережеде:
5-тармақтың жетiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң денсаулық сақтау комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрiнiң
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 28 сәуiрдегi
N 389 қаулысымен
бекiтiлген
Эпидемияға қарсы республикалық төтенше
комиссияның құрамы
Құлмаханов Ш.Қ. - Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң
төрағасы, Комиссия төрағасы
Бижанов Н.К. - Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар жөнiндегi комитетi
төрағасының бiрiншi орынбасары,
Комиссия төрағасының бiрiншi
орынбасары
Девятко В.Н. - Қазақстан Республикасының Бiлiм,
мәдениет және денсаулық сақтау
министрлiгi Денсаулық сақтау
комитетiнiң төрағасы, Комиссия
төрағасының орынбасары
Асқаров А.М. - Қазақстан Республикасының Бiлiм,
мәдениет және денсаулық сақтау
министрлiгi Денсаулық сақтау
комитетiнiң мемлекеттiң
санитарлық-эпидемиология қызметi
бастығының орынбасары, хатшы
Алтынбеков С.А. - Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң
Азаматтық қорғаныс және әскери
бөлiмдер департаментiнiң
директоры
Ашықбаев Б.М. - Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауiпсiздiк комитетi төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Бычкова С.Ф. - Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрлiгiнiң Республикалық соттық
сараптама орталығының директоры
Добрица В.П. - Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу
институтының директоры
Дүрiмбетов Е.Е. - Қазақстан Республикасының Бас
мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi,
Бiлiм, мәдениет және денсаулық
сақтау министрлiгiнiң Денсаулық
сақтау комитетi төрағасының
орынбасары
Ерекешев С.В. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлiгiнiң бас дәрiгерлiк-
санитарлық инспекторы
Иманғалиев С.К. - Қазақстан Республикасы Сыртқы
iстер министрлiгiнiң консулдық
қызмет департаментi директорының
мiндетiн атқарушы
Кравчук А.В. - Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң
Төтенше жағдайлардың алдын алу
департаментiнiң директоры
Матаролин С.Г. - "Қазақстан темiр жолы" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорны арнайы
бөлiмiнiң бастығы
Мұсайбеков Ж.С. - Қазақстан Республикасы Бiлiм,
мәдениет және денсаулық сақтау
министрлiгiнiң Туризм және
спорт комитетiнiң бөлiм бастығы
Мұсатаев М.Х. - Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрiнiң
орынбасары (вице-министр)
Оразбақов Ғ.I. - Қазақстан Республикасының Көлiк
және коммуникациялар вице-министрi
Отаров К.М. - Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрiнiң
орынбасары (вице-министр)
Отто И.И. - Қазақстан Республикасы Iшкi
iстер министрiнiң орынбасары
(вице-министр)
Петров В.В. - Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар жөнiндегi комитетi
төрағасының орынбасары
Сәлиев С.Ж. - "Қазақстан теледидары мен радиосы"
республикалық корпорациясының
бөлiм бастығы
Спатаев М.Б. - Республикалық санитарлық-
эпидемиологиялық станцияның
бас дәрiгерi
Тұрсынқұлов С.З. - Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлiгi Мал
дәрiгерлiгi комитетiнiң төрағасы