Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Денсаулық сақтау комитетiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 24 сәуiр N 384. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.05.07. N 553 қаулысымен.

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау

министрлiгiнiң Денсаулық сақтау комитетi туралы ереже;
     Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлiгi Денсаулық сақтау комитетiнiң құрылымы;
     Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлiгi Денсаулық сақтау комитетiнiң қарауындағы мекемелер мен
ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы
                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 24 сәуiрдегi
                                        N 384 Қаулысымен
                                              бекiтiлген

            Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және
          денсаулық сақтау министрлiгiнiң Денсаулық сақтау
                          комитетi туралы
                               ЕРЕЖЕ

                              Миссиясы



      Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтауға деген конституциялық құқығын қамтамасыз ету, салауатты өмiр салтын қалыптастыру және ынталандыру

                          I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Денсаулық сақтау комитетi (бұдан әрi - Комитет) азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырушы мемлекеттiк орган болып табылады.
      2. Комитет Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi құзыретiнiң шегiнде азаматтардың денсаулығын сақтау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзудi жүзеге асырады, халыққа дәрiлiк көмек көрсетудi, оның санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудi және өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша салааралық үйлестiрудi ұйымдастырады.
      3. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрiнiң бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырады.
      4. Комитет аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiн ұстауға көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Комитеттiң құрылымын, құзыретiн, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiмен өзара iс-қимылын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      6. Комитет заңды тұлға болып табылады және оның банктерде

шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы
бейнеленген, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.
     7. Комитеттiң өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерiн
барлық ведомстволық бағыныстағы органдардың, ұйымдар мен лауазымды
адамдардың орындауы мiндеттi.

                    II. Қызметiнiң басымдықтары

     8. Азаматтардың денсаулығын сақтау және салауатты өмiр салтын
қалыптастыру
     9. Денсаулық сақтау жүйесiн реформалау
     10. Азаматтарға дәрiлiк көмек көрсетудi ұйымдастыру және
медициналық мекемелердi жабдықтармен қамтамасыз ету
     11. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын
қамтамасыз ету

       III. Комитеттiң мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

     12. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:


      азаматтардың денсаулығын сақтау мен салауатты өмiр салтын қалыптастыру саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен жүзеге асыруға қатысу, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, азаматтарға дәрiлiк көмек көрсетудi ұйымдастыру;
      салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру, азаматтардың денсаулығын сақтау жөнiндегi мемлекеттiк, нысаналы және кешендi бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;
      медициналық және фармацевтикалық өнеркәсiптi дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, медициналық және фармацевтикалық ғылымды жетiлдiру, денсаулық сақтау кадрларын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
      азаматтардың денсаулығын сақтау саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
      13. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды орындайды:
      азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттiк және нысаналы кешендi бағдарламаларды, денсаулық сақтау саласының әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады және оларды iске асыру мен орындалу барысын бақылау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      мемлекеттiк денсаулық сақтау бюджетiн жасауға қатысады, республикалық денсаулық сақтау мекемелерi мен ұйымдарын қаржыландыруды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiне мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын қалыптастыру жөнiнде ұсынысты табыс етедi;
      денсаулық сақтау реформалаудың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi, олардың iске асырылуы мен орындалуын бақылау шараларын жүзеге асырады, медициналық ғылымның басым бағыттарын дамытуды қамтамасыз етедi, денсаулық сақтау практикасына ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердiң нәтижелерiн енгiзудi ұйымдастырады;
      ведомстволық медициналық-санитарлық қызметтерге, республикалық медициналық, оқу, ғылыми және ғылыми-зерттеу денсаулық сақтау ұйымдарына басшылықты жүзеге асырады және қызметiн үйлестiредi.
      Денсаулық сақтау объектiлерiн жекешелендiрудiң үкiметтiк бағдарламаларын дайындауға қатысады;
      Осы Ережеде белгiленген өкiлеттiктердiң шегiнде жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан аумақтық денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының қызметiн үйлестiрудi және бақылау жасауды жүзеге асырады;
      азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмiр салтын қалыптастыру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында қоғамдық ұйымдармен және бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасайды, төтенше жағдайлар кезiнде медициналық көмек ұйымдастыруды және көрсетудi жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптауға басшылықты және оны ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      азаматтардың денсаулығын сақтау саласында заңдардың қолданылу практикасын талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi жөнiнде заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
      денсаулық сақтау мамандарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеуге қатысады, медицина және фармацевтика кадрларын даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырады, денсаулық сақтау қызметкерлерiн белгiленген тәртiппен аттестациялауды жүзеге асырады, денсаулық сақтау қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау мен оларға еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
      лицензиялау заңдармен Комитеттiң құзыретiне жатқызылған қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялар берудi ұйымдастырады және жүзеге асырады, өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң уәкiлеттi органы - лицензиар мен тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру туралы шешiмдi келiседi;
      барлық меншiк нысанындағы емдеу-алдын алу ұйымдарын аттестациялауға, сапаны бақылау, дәрiлiк заттар мен медициналық техниканы сертификаттау және стандарттау органдарын, инспекциялық бақылау органдарын, медициналық және фармацевтикалық өнiмдердiң сапасын бақылау жөнiндегi бақылау-талдау зертханаларын (орталықтарын) тiркеуге қатысады;
      санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелерiнiң республика аумағындағы санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық пен радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылық етедi;
      республика аумағын карантиндi ауруларды әкелу мен таратудан сақтауды, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетелден сатып алынатын өнiмдердi беру мен өткiзуге санитарлық бақылауды ұйымдастырады;
      республиканың ведомстволық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектiлерiнде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша өзара iс-қимылды ұйымдастырады, өзiнiң өкiлеттiктерiнiң шегiнде санитарлық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      фармацевтикалық қызметке, дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiне, тиiмдiлiгi мен сапасына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, жаңа дәрiлiк заттарды, иммундық-биологиялық препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен техникаларды, емдеу-алдын алу тамақ өнiмдерiн сертификаттауды, сараптауды, оларды тiркеу мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес медициналық практикада қолдануға рұқсат берудi жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен бiрлесiп медициналық және ғылыми мақсаттарға арналған есiрткi заттарын өндiрудi, өңдеудi, әкелудi, сақтауды, тасуды, сатуды, пайдалану мен жоюды бақылайды, сондай-ақ заңды тұлғаларға есiрткi заттарын өндiру, өңдеу, әкелу, сақтау, тасу және сату құқығына заңда белгiленген тәртiппен рұқсат бередi;
      дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен техникалар бойынша нормативтiк-техникалық құжаттаманы әзiрлейдi және бекiтедi, дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың Мемлекеттiк фармакопеясы мен Мемлекеттiк тiзiлiмiн жасайды және жүргiзедi;
      республиканың аумағында меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындар шығарған медициналық мақсаттағы жаңа бұйымдар мен техникаларға техникалық сынақтар жүргiзуге қатысады, емдеу-алдын алу мекемелерi мен халықты дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi, сондай-ақ қаржыландырудың орталықтандырылған көздерiнiң есебiнен сатып алынған және iзгiлiк көмектер желiлерi бойынша түскен дәрi-дәрмек құралдары ресурстарының ұтымды пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асырады:
      денсаулық сақтау мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын дамытуға жағдай тудырады, қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiпте тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады, азаматтардың денсаулығын сақтау саласында шетелдiк несиелердi, гранттарды, инвестицияларды тарту және оларды пайдалану жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
      халықтың денсаулығының жай-күйiне талдау жасайды, медициналық-статистикалық және ғылыми-медициналық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру есептеу-есеп беру құжаттамасын жетiлдiру жөнiндегi шараларды жүргiзедi;
      өз қызметi саласында халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастырады, халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобасын әзiрлеуге қатысады;
      Қазақстан Республикасы тиiстi халықаралық шарттар мен келiсiмдер жасасқан шетел мемлекеттерiмен, Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдармен ақпарат және мамандар алмасуды ұйымдастырады;
      өз құзыретiнiң шегiнде Комитетке жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      14. Комитет жүктеген мiндеттердi жүзеге асыруы және өзiнiң функцияларын орындауы кезiнде:
      азаматтардың денсаулығын сақтау және халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастыру саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыруға;
      атқару үшiн мiндеттi нұсқаулар беруге және нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға, мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан ақпарат сұратуға және алуға, мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердi құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
      мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға және санитарлық-эпидемиологиялық ережелердi, нормалар мен гигиеналық нормативтердi бұзғаны үшiн заңда белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;
      белгiленген тәртiппен заңды және жеке тұлғалардың фармацевтикалық қызметiне, сондай-ақ дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгi, тиiмдiлiгi мен сапасына және олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификатына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
      республикалық бағыныстағы мемлекеттiк денсаулық сақтау кәсiпорындары мен ұйымдарының басшыларын, мемлекеттiк СЭС-тiң мемлекеттiк бас дәрiгерлерiн қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға;
      аумақтық денсаулық сақтау органдарының басшыларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға келiсiм беруге;
      Комитет қызметiнiң бағыттары бойынша консультативтiк-кеңесшi және сараптау органдары ретiнде кеңестер мен комитеттер құруға және олар туралы ережелердi бекiтуге, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда бюджеттiк және бюджеттен тыс қаражаттардың қалыптастырылуы мен пайдаланылуының дұрыстығына, тиiмдiлiгiне тексеру жүргiзуге;
      мiндеттi медициналық сақтандыру бойынша шығындарды өтеуге арналған Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры қаражатының мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асыруға;
      Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзуге, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi пайдалануға құқығы бар.

                 IV. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Комитет төрағасының өзiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
      Комитеттiң аумақтық органдарының басшыларын Комитетпен келiсiм бойынша облыстардың, Алматы және Ақмола қалаларының әкiмдерi тағайындайды.
      16. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас санитарлық дәрiгерi басқарады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас санитарлық дәрiгерi лауазымы бойынша Комитет төрағасының орынбасары болып табылады.
      17. Комитет төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және өз жұмысының жүзеге асырылуы үшiн жеке жауап бередi.
      Комитеттiң төрағасы Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры Дирекциясының қызметiн жалпы үйлестiрудi және оған басшылық жасауды жүзеге асырады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.21. N 929 қаулысымен.
               P980929_
      18. Осы мақсаттарда Комитет төрағасы:
      Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiтетiн мемлекеттiк санитарлық

қызмет туралы ережеден басқа, Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi
туралы ережелердi бекiтедi;
     белгiленген құрылым, адам саны мен еңбекақы қоры шектерiнде
Комитеттiң штат кестесiн бекiтедi;
     тәртiптiк жазалар мен ынталандыру шараларын қолданады;
     өз құзыретiнiң шегiнде азаматтардың денсаулығын сақтау
мәселелерi бойынша бұйрықтар мен өкiмдер шығарады, ережелердi,
тәртiптердi нұсқаулықтар мен өзге де нормативтiк актiлердi бекiтедi;
     қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк органдар мен
ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
     өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер
қабылдайды.

             V. Комитеттi тарату және қайта ұйымдастыру

     19. Комитет заңда белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылады
және таратылады.

                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 24 сәуiрдегi
                                        N 384 Қаулысына
                                              қосымша

           Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және
     денсаулық сақтау министрлiгi Денсаулық сақтау комитетiнiң
                              ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Емдеу-алдын алу мекемелерiнiң қызметiн үйлестiру және денсаулық
     сақтауды реформалау басқармасы
     Дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық және фармацевтика
     өнеркәсiбiн дамыту басқармасы
     Денсаулық сақтау экономикасы, медициналық ғылымдар және
     ресурстық қамтамасыз ету басқармасы
     Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басқармасы

                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 24 сәуiрдегi
                                        N 384 Қаулысына
                                              қосымша

           Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және
           денсаулық сақтау министрлiгi Денсаулық сақтау
          комитетiнiң қарауындағы мекемелер мен ұйымдардың
                              ТIЗБЕСI

     1. Ақмола мемлекеттiк медициналық академиясы
     2. Ақмола жол санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
     3. N 2 Ақмола медициналық колледжi
     4. Ақтөбе мемлекеттiк медициналық академиясы
     5. Алматы дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институты
     6. Батыс Қазақстан жол санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
     7. Қазақ мемлекеттiк медициналық университетi
     8. Қазақ республикалық лепрозорий
     9. Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институты Ақмола қаласындағы
        филиалмен
     10. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
         Ақмола қаласындағы филиалымен
     11. Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты Ақмола
         қаласындағы филиалымен
     12. Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты Ақмола
         қаласындағы филиалымен
     13. Қарағанды қаласындағы кәсiби аурулар клиникасы
     14. Қарағанды мемлекеттiк медициналық академиясы
     15. Қазақстанның медицина және денсаулық сақтау тарихы мұражайы
     16. Обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты Ақмола
         қаласындағы филиалымен
     17. Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық
         проблемалары ғылыми орталығы
     18. Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы
     19. Академик Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы
         Ақмола қаласындағы және Қызылорда қаласындағы филиалдарымен
     20. Н.А.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығы Ақмола
         қаласындағы филиалымен
     21. Терi-венерологиялық ғылыми-зерттеу институты Ақмола
         қаласындағы филиалымен
     22. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Ақмола
         қаласындағы және Қызылорда қаласындағы филиалдарымен
     23. Семей қаласындағы Радиациялық медицина және экология
         ғылыми-зерттеу институты
     24. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық
         орталығы
     25. Атырау обаға қарсы станциясы
     26. Арал теңiзi обаға қарсы станциясы
     27. Ақтөбе обаға қарсы станциясы
     28. Орал обаға қарсы станциясы
     29. Талдықорған обаға қарсы станциясы
     30. Маңғыстау обаға қарсы станциясы
     31. Қызылорда обаға қарсы станциясы
     32. Шымкент обаға қарсы станциясы
     33. "Здравоохранение Казахстана" журналының редакциясы
     34. "Денсаулық" журналының редакциясы
     35. "Шығыс және қазiргi заман медицинасы орталығы"
         республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
     36. Отан соғысы мүгедектерiнiң республикалық клиникалық
         госпиталi
     37. Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана
     38. Республикалық психиатриялық қатаң бақылау ауруханасы
     39. "Ақсай" республикалық балалар ауруханасы
     40. "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығы
     41. Республикалық емхана Ақмола қаласындағы филиалымен
     42. Республикалық қан орталығы
     43. Республикалық балалар сауықтыру-оңалту орталығы
     44. "Бурабай" республикалық балалар туберкулез санаторийi
     45. "Бурабай" республикалық туберкулез санаторийi
     46. "Алатау" республикалық балалар санаторийi
     47. Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
     48. "Стоматология" республикалық ғылыми-клиникалық орталығы
     49. Республикалық ғылыми-медициналық кiтапхана
     50. Республикалық оқу-әдiстемелiк орталығы
     51. "Дезинфекция" республикалық бiрлестiгi" республикалық
         мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
     52. "Республикалық сауда-жабдықтау бiрлестiгi" республикалық
         мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
     53. "Республикалық клиникалық психиатриялық аурухананың
         жанындағы емдеу-өндiрiстiк шеберханасы" республикалық
         мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
     54. "Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық аурухананың
         жанындағы емдеу-еңбек шеберханасы" республикалық
         мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
     55. "Дәрi-дәрмек" дәрi-дәрмек құралдары орталығы" республикалық
         мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
     56. Орта медициналық және фармацевтiк қызметкерлердi даярлау
         және қайта даярлау жөнiндегi республикалық колледж
     57. Республикалық дәрiгерлiк-дене тәрбиесi диспансерi
     58. Республикалық сот медицинасы орталығы
     59. СПИД-тiң алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi
         республикалық орталық
     60. Арнаулы медициналық қамтамасыз ету республикалық орталығы
     61. Ана мен баланың денсаулығын қорғау республикалық
         ғылыми-зерттеу орталығы Ақмола қаласындағы филиалымен
     62. Естудi түзеу республикалық орталығы
     63. Әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық станция
     64. Семей мемлекеттiк медициналық академиясы
     65. Апаттар медицинасы орталығы
     66. Орталық жол санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
     67. Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы
     68. Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медициналық академиясы