Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
"Реформаларды тереңдету және Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбi мен атом энергиясын одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қарашадағы N 1430 P961430_ қаулысында:
1-тармақтың алтыншы абзацындағы "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамының басқармасын, Өскемен қаласында орналастыру туралы ұсынысқа келiсiм берiлсiн" деген сөздер алынып тасталсын;
"Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1148 P971148_ қаулысында:
1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясы" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамының басқармасын Алматы қаласында орналастыру туралы ұсынысқа келiсiм берiлсiн және Компанияны Алматы қаласында қажеттi қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн";
"Уран өнiмiнiң экспортын реттеудiң кейбiр мәселелерi туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 ақпандағы N 130
қаулысында:
4-тармақтың үшiншi абзацындағы "он үшiншi" деген сөз "жетiншi"
деген сөзбен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi