Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Электр энергетикасындағы мемлекеттiк реттеушi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 шiлдедегi N 929 P960929_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 32, 295-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн. Аталған қаулының қосымшасында: Электр энергетикасындағы мемлекеттiк реттеушi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: Оразбаев Б.Е. - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрiнiң орынбасары (вице-министрi), Комиссия төрағасының орынбасары болып Әбiқанов Ө.Ә. - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Стратегиялық жоспарлау департаментiнiң инфрақұрылымды дамыту басқармасы бастығының орынбасары Әлияров К.К. - Энергетика ҚазҒЗИ директоры Мұхамедиев Қ.Ш. - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң жалпыұлттық дамудың мемлекеттiк саясаты басқармасы бастығының орынбасары Наурызбаев А.К. - "KEGOC" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамының вице-президентi Трофимов Г.Г. - Энергетикадағы дүниежүзiлiк экономикалық қызмет республикалық орталығының бас инженерi Утепов Э.К. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi директорының орынбасары Сәдуақасов Э.М. - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi экономикалық саясат басқармасының бастығы; Ө.Е.Шүкеев, А.Д.Тәкенов, О.Ә.Әбдiкамалов, Ж.Ж.Ертiлесова, М.С.Раханов аталған құрамнан шығарылсын; "Радостовцев Н.В. - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрiнiң орынбасары (вице-министрi)"; "Руденко Ю.С. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Материалдық сала департаментiнiң директоры"; "Попандопуло Е.Н. - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Баға қалыптастыру департаментiнiң директоры"; "Тиесов С.Ә. - Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Радостовцев Н.В. - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетiнiң төрағасы, Комиссия төрағасы болып"; "Руденко Ю.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi материалдық өндiрiс басқармасының бастығы"; "Попандопуло Е.Н. - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Баға Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетiнiң табиғи монополияларды реттеу басқармасының бастығы"; "Тиесов С.Ә. - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Электр энергетикасы департаментiнiң директоры". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi