1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгiнiң Авторлық құқықтар жөнiндегi агенттiгi туралы ереже; Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Авторлық құқықтар жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымы бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 сәуiрдегi N 310 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Авторлық құқықтар жөнiндегi агенттiгi туралы ЕРЕЖЕ Миссиясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласындағы саясатын жүзеге асыру. I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Авторлық құқықтар жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасының авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Аппаратты ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң аппаратын ұстауға арналып көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады.
4. Агенттiк заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.
II. Басымдықтары
5. Агенттiктiң басымдықтары:
қазақстандық авторлар мен сабақтас құқық иелерiнiң құқықтарын шетелдерде тиiмдi қорғау;
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк авторлар мен сабақтас құқықтар иелерiнiң құқықтарын бара-бар қорғау;
авторлық құқық пен сабақтас құқық объектiлерiн заңсыз пайдалануға қарсы күресу;
авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласындағы халықаралық конвенцияларға қосылуды қамтамасыз ету болып табылады.
III. Агенттiктiң мiндеттерi
6. Агенттiктiң мiндеттерi:
Қазақстан Республикасында авторлық және сабақтас құқықтардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру;
ғылым, әдебиет және өнер туындыларын, орындауларды, қойылымдарды, фонограммаларды және хабарларды ТМД мемлекеттерiнде және шетелдерде пайдалану кезiнде қазақстандық және шетелдiк авторлар мен сабақтас құқықтар иелерiнiң, олардың мирасқорларының авторлық және сабақтас құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдану;
авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар жасауға қатысу;
өзге мемлекеттiк органдарға өз құзыретiндегi мәселелер бойынша ғылыми-әдiстемелiк көмектер көрсету болып табылады.
IV. Агенттiктiң функциялары мен құқықтары
7. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
шығармаларды пайдаланушылар авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың нормаларын сақтауына және авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық келiсiмдердiң атқарылуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
авторлардың құқықтарын басқаратын ұйымдар мен ұжымдық негiздегi сабақтас құқықтар иелерiнiң қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасында авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңдарды жетiлдiрудi қамтамасыз етедi, қазақстандық авторлар мен сабақтас құқықтар иелерiнiң үздiк шығармаларын, орындауларын, қойылымдарын, фонограммаларын, эфирде және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарлар (бұдан әрi - хабарлар) шет елдерде насихаттауға жан-жақты жәрдем көрсетедi, шығармаларды орындауға арналған құқықтардың импорты мен экспортын ұйымдастыруға ықпал етедi;
авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласындағы заңдардың қолданылу практикасын, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi қорытады және белгiленген тәртiппен қорытудың нәтижелерiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi, сондай-ақ тиiстi орталық атқарушы органдармен бiрге шығармаларды, орындауларды, қойылымдарды, фонограммаларды, хабарларды пайдалану туралы нормативтiк құқықтық актiлердi дайындауға қатысады;
құқықтардың иелерi мен олардың пайдаланушы мирасқорларына берiлген лицензиялық шарттарды тiркейдi;
белгiленген тәртiппен авторлық және сабақтас құқықтарды өзара қорғау туралы халықаралық келiсiмдер мен шарттарды дайындауға және жасасуға қатысады, мұндай келiсiмдер мен шарттарға қол қояды;
азаматтар мен ұйымдарға авторлық құқық пен сабақтас құқықтар мәселелерi бойынша консультация бередi;
ғылым, әдебиет және өнер туындыларының қолжазбаларын сақтауға қабылдайды;
8. Агенттiкке мынадай өкiлеттiктер берiлген:
ұжымдық негiзде авторлардың мүлiктiк құқықтарын басқаратын ұйымдардың қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады;
авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың объектiлерiн пайдаланатын заңды және жеке тұлғалардың қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады;
белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша авторлық және сабақтас құқықтарды өзара қорғау туралы халықаралық келiсiмдер мен шарттарды дайындауға және оларға қол қоюға қатысады;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша авторлық құқық пен сабақтас құқықтар мәселелерi жөнiндегi халықаралық конференциялар мен кеңестерде елдi бiлдiредi және олардың жұмысына қатысады;
белгiленген тәртiппен авторлық құқық пен сабақтас құқықтарға жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға қатысады;
шетелдiк авторлық-құқықтық ұйымдармен келiсiмдер жасасады.
9. Агенттiктiң өз құзыретiнiң шегiнде:
белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың объектiлерiн пайдалану фактiлерi, оларды пайдалануға байланысты алынған кiрiстер туралы ақпараттар сұратуға және алуға, оларды белгiленген тәртiппен қозғау және қарау үшiн авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға олар қабылдаған авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы заңдарды бұзатын актiлердi тоқтату немесе өзгерту туралы ұсыныс енгiзуге;
заңдардың бұзылуын жою мақсатында сотқа талап-арыз беруге,
оларды қарауға қатысуға, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың талап-арыздарын қолдауға; авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қамтамасыз ету мәселелерiне арналған кiтаптар, бюллетендер, әдiстемелiк құралдар, жарнамалық және ақпараттық материалдар шығаруға; белгiленген тәртiппен Агенттiкке жүктелген мiндеттердi орындау үшiн меншiк нысандарына қарамастан ұйымдарда болуға құқығы бар. V. Агенттiк пен оның лауазымдық тұлғаларының жауапкершiлiгi 10. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттердiң уақытылы және сапалы орындалуы үшiн жауапкершiлiкте болады. Агенттiктiң директоры Агенттiктiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн дербес жауапкершiлiкте болады. VI. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру 11. Агенттiктi Директор басқарады.
Агенттiктiң директорын Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Агенттiк директорының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын орынбасары болады.
12. Агенттiктiң директоры:
Агенттiктiң жұмысына жалпы басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Директордың орынбасары мен құрылымдық бөлiмшелер басшыларының мiндеттерi мен жауапкершiлiгiнiң дәрежесiн айқындайды;
Агенттiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және босатады;
Агенттiктiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
Агенттiктiң функциялары мен мiндеттерiнiң орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
белгiленген тәртiппен заңды және жеке тұлғалармен қатынастарда
Агенттiктi бiлдiредi. Агенттiктiң атынан келiсiмдер, шарттар және өзге де мәмiлелер жасасады; заңдарда белгiленген тәртiппен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерiн құрады және таратады; Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi; қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Агенттiктiң атынан заңды және жеке тұлғаларға талаптар мен талап-арыздар ұсыну туралы шешiм қабылдайды; мемлекеттiк органдарда, қоғамдық және басқа да қазақстандық және шетелдiк ұйымдарда Агенттiктi бiлдiредi; қолданылып жүрген заңдардың сақталуын қамтамасыз етедi; өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады; Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлермен өзiне берiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 13. Агенттiктiң директоры болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн орынбасары жүзеге асырады. 14. Агенттiк заңдарда белгiленген тәртiппен таратылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 сәуiрдегi N 310 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Авторлық құқықтар жөнiндегi агенттiгiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Интеллектуалдық меншiк объектiлерiн пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саясатын қамтамасыз ету жөнiндегi және аймақтармен жұмыс жөнiндегi бөлiм Ұйымдардың, ведомстволардың қызметiн үйлестiру және шығармаларды сақтауға беру бөлiмi Авторлық және сабақтас құқықтардың сақталуына бақылау жасау бөлiмi Агенттiктiң iшкi қызметiн қамтамасыз ету бөлiмi