Қазақстан Республикасындағы әдiлет анықтау органдары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 7 сәуiр N 289. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.07.05. N 931 қаулысымен.

Күшін жойған
      ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.07.05. N 931
               қаулысымен. P990931_
      Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң және

"Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiн күшiне
енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiн iске асыру
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     Қоса берiлiп отырған:
     Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тергеу
департаментi туралы ереже;
     Әдiлет министрлiгi Тергеу департаментiнiң құрылымы бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 1998 жылғы
                                           N 289 Қаулысымен
                                             бекiтiлген

        Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тергеу
                        департаментi туралы
                               ЕРЕЖЕ

                              Миссиясы



      Департаменттiң миссиясы - сот әдiлдiгiне қарсы қылмыстар туралы iстер бойынша, сондай-ақ сот шешiмдерiн орындау тәртiбiнiң бұзылуына байланысты iстер бойынша қылмыстық тергеудi жүзеге асыру.

                          1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тергеу департаментi (бұдан әрi - Департамент) заңдарда белгiленген тәртiппен және берiлген өкiлеттiктердiң шегiнде сотты сыйламаушылық көрiнiстерiмен және сот шешiмдерiн орындау тәртiбiн бұзумен байланысты қылмыстар туралы iстер бойынша, сондай-ақ арнаулы атқару және бақылау-қадағалау функциялары мен салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ведомствосы болып табылады.
      2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Департаменттiң қызметiне және оның аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты және заңдарда тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Департаменттiң штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      5. Департаменттiң құрылымын Үкiмет белгiлейдi және онда

Департаменттiң орталық аппаратында анықтау жүргiзудi,
жедел-iздестiру қызметiн және өзге де функцияларды қамтамасыз ететiн
басқармалардың, бөлiмдердiң, сондай-ақ оның аумақтық басқармаларының
болуы көзделедi.
     6. Департамент заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы
мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi, фирмалық баспалық бланкiлерi және
заңдарда көзделген және тыйым салынбаған басқа да деректемелерi
болады.

                          2. Басымдықтары

     7. Басымдықтары:
     әдiл сотты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
     қылмыстармен келтiрiлген материалдық зиянның орнын толтыру;
     тергеу практикасын жетiлдiру болып табылады.

                           3. Мiндеттерi

     8. Негiзгi мiндеттерi:
     қылмысты табу, жолын кесу және тергеу;
     жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ мемлекетке қылмыстармен
келтiрiлген зиянның орнын толтыру;
     IIМ, ҰҚК-нiң және басқа да органдардың жедел қызметтерiмен
өзара iс-қимылды қамтамасыз ету және жасырынған қылмыскерлерге
қатысты қылмыстық iстердi тергеу кезiнде жедел-iздестiру қызметiнiң
нәтижелерiн тиiмдi пайдалану болып табылады.

                           4. Функциялары

     9. Негiзгi функциялары:
     әдiлет анықтау органдарының анықтауына жататын қылмыстарды
тергеу;
     қылмыстық iс жүргiзудегi iстердiң тергеуiне iс жүргiзу
бақылауын жүзеге асыру;
     материалдық залал қылмыстарымен келтiрiлген залалдың орнын
толтыру жөнiнде шаралар қабылдау;


      Департамент қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру, қылмыстарды тергеудi оң тәжiрибенi анықтау, қорыту және тергеу практикасына енгiзу;
      кадрларды iрiктеу және орналастыру;
      Департаменттiң құрылымын, штат санының нормативтерiн жетiлдiру және ұйымдастыру және компьютерлiк техникамен қамтамасыз ету, сондай-ақ анықтаушыларды әлеуметтiк қорғау шаралары және олардың жеке қауiпсiздiгi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      Департаменттiң құзыретiне жататын хаттарды, арыздарды, шағымдар мен өтiнiштердi белгiленген тәртiппен қарау және шешу;
      статистикалық есептер жасау;
      Қазақстан Республикасы әдiлет анықтау органының қызметiне ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру.

                       5. Қызметiн ұйымдастыру

      10. Департамент өз қызметiн заңдық, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мен сақтау, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк мекемелермен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық принциптерiнде жүзеге асырады.
      11. Департаменттi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын директор басқарады. Департамент директорының оның ұсынуы бойынша Әдiлет министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      12. Департамент қызметкерлерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауының тәртiбi Қазақстан Республикасы әдiлет анықтау органдарында қызмет өткеру туралы ережемен реттеледi.
      13. Департамент директоры:
      Департаментке жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын ұйымдастыруға және қылмыстарды тергеуде заңдылықты қамтамасыз етуге жауап бередi;
      Департаменттiң қызметкерлерi арасында мiндеттердi бөледi, қызметкерлердiң өздерiне жүктелген қызметтiк мiндеттерiн орындауына бақылауды қамтамасыз етедi;
      кадрларды қызметке қабылдау және қызметтен босату мәселелерiн шешедi, Департамент қызметкерлерiне тиiстi еңбек және тұрмыс жағдайларын жасау жөнiнде шаралар қабылдайды;
      Департаментке жүктелген мiндеттердi iске асыруға қажеттi ақпаратты сұратады және алады;
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде көзделген барлық өкiлеттiктердi жүзеге асырады, қылмыстық iстер бойынша анықтауды толық, жан-жақты және объективтi жүргiзу жөнiнде шаралар қабылдайды;
      Департамент қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiнiң бөлiнуiне қарамастан, тергеу iсi туралы тапсырмалар бередi;
      жедел кеңестер өткiзедi, департамент қызметкерлерiнiң хабарламаларын, есептерiн және түсiнiктемелерiн тыңдайды, семинарлар, сынақтар және басқа да оқу нысандарын ұйымдастырады, бұйрықтар, өкiмдер және нұсқаулар шығарады;

     Әдiлет министрiнiң бұйрықтары мен нұсқауларының, сондай-ақ алқа
және жедел кеңес шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
     өз құзыретiнiң шегiнде анықтаушылардың, бөлiм және басқарма
бастықтарының қызметiне шағымдарды қарайды, қызметтiк тексеру
тағайындайды;
     мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен, Әдiлет министрлiгiнiң
құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерiмен өзара iс-қимылды
ұйымдастырады;
     өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

          6. Тергеу департаментiнiң аумақтық басқармалары

     14. Департаменттiң аумақтық басқармалары тиiстi аумақта
Департаментке жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн Әдiлет
министрiнiң бұйрығымен құрылады.
     15. Басқармалардың өзiнiң атауы, мөрлерi, мөртаңбалары,
фирмалық бланкiлерi және заңдармен тыйым салынбаған басқа да
деректемелерi болады.
     16. Басқарманың құрылымы мен штат санын Әдiлет министрi
белгiлейдi.
     17. Басқармалар өз қызметiнде жергiлiктi жерлердегi әдiлет
басқармаларына тәуелсiз.
     18. Жергiлiктi жерлердегi әдiлет басқармалары Департаменттiң
басқармаларын материалдық-техникалық және нормативтiк қамтамасыз
етумен айналысады, әдiлет анықтау органы қызметiне үмiткерлердi
iрiктеуге қатысады.
     19. Тергеу департаментiнiң аумақтық басқармалары туралы ереженi
Әдiлет министрi бекiтедi.

              7. Басқа құқық қорғау органдарымен өзара
                    iс-қимыл және ынтымақтастық

     20. Басқа құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл және
ынтымақтастық заңдармен, соның iшiнде құқық қорғау органдары
басшыларының бiрлескен бұйрықтарымен айқындалады.

                     8. Қызметке бақылау жасау

     21. Департаменттiң және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң
қызметiне бақылау жасауды Әдiлет министрi жүзеге асырады.

                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 7 сәуiрдегi
                                        N 289 Қаулысына
                                              қосымша

            Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
                       Тергеу департаментiнiң
                              Құрылымы

     Басшылық
     Тергеудi ұйымдастыру басқармасы
     Бақылау-әдiстемелiк басқармасы
     Аумақтық басқармалар