Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 қазандағы N 1237 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 6 сәуiрдегi N 287

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Займ туралы келiсiмнiң күшiне енуiне арналған шарттарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 қазандағы N 1237 қаулысына P961237_ мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

     7-тармақтағы "Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын
пайдалану жөнiндегi комитет" деген сөздер "Қаржы министрлiгiнiң
Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитет" деген сөздермен ауыстырылсын;
     аталған қаулының 1-қосымшасында:
     "Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасын iске
асыруға арналған Ведомствоаралық үйлестiру кеңесiнiң құрамына мыналар
енгiзiлсiн:
     С.В.Кулагин              - Қазақстан Республикасының Ауыл
                                шаруашылығы министрi, төрағаның
                                орынбасары болып
     Т.Э.Жақселеков           - Қазақстан Республикасының
                                мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi
                                төрағасының орынбасары (келiсiм
                                бойынша)
     А.Б.Зейнелғабдин         - Қазақстан Республикасының
                                Қаржы министрлiгi Сырттан қарыз
                                алу жөнiндегi комитетiнiң төрағасы
     В.А.Керiмқұлов           - Қазақстан Республикасының
                                Экология және табиғи ресурстар
                                министрлiгi Экология комитетiнiң
                                төрағасы;
     "А.И.Андрющенко          - Қазақстан Республикасы Экономика
                                министрiнiң орынбасары
     С.К.Жаназаров            - Қазақстан Республикасы Қаржы
                                министрлiгiнiң жанындағы Шетел
                                капиталын пайдалану жөнiндегi
                                комитет төрағасының бiрiншi
                                орынбасары" деген жолдар мынадай
редакцияда жазылсын:
     "А.И.Андрющенко          - Қазақстан Республикасының
                                Стратегиялық жоспарлау және
                                реформалар жөнiндегi агенттiгi
                                төрағасының орынбасары
     С.К.Жаназаров            - Қазақстан Республикасы
                                Стратегиялық жоспарлау және
                                реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң
                                Сыртқы көмектi үйлестiру
                                департаментiнiң директоры";


     С.Ш.Ахымбеков, А.Қ.Аманбаев, Н.И.Баев, В.И.Балюк,
С.К.Құдайбергенов, С.Қ.Құнанбаев, Ж.Ж.Мұқашев, Б.С.Оспанов,
А.Ф.Романов, О.В.Черная аталған құрамнан шығарылсын.


     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi