Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Астана қаласының әкiмiмен бiрлесе отырып бес күн мерзiм iшiнде Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңартудың техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлесiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жетi күн мерзiм iшiнде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiне қаражаты Астана қаласындағы инфрақұрылымды дамыту және әуежайды қайта жаңарту жобасын қаржыландыруға жұмсалатын 20 млн. АҚШ доллары сомасында заем беру туралы ұсыныстарды жинау мен зерделеудi ұйымдастырсын;
2) "Ақмола қоры" жабық акционерлiк қоғамы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген заемшы және заемға қызмет көрсету жөнiндегi агент болып белгiленсiн.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.02. N 624
қаулысымен. P980624_
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 2)-тармақшасы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
1998.07.03. N 635 қаулысымен. P980635_
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi, Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне:
1) Астана қаласындағы инфрақұрылымды дамыту және әуежайды қайта жаңарту жобасын қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiне ұсынылған шарттар бойынша заем тартудың мүмкiндiгi туралы;
2) аталған қарыз алу шарттарының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес келуi туралы қорытындылар ұсынсын.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.02. N 624
қаулысымен. P980624_
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң және Әдiлет министрлiгiнiң қорытындылары оң болған жағдайда, тиiстi келiсiмдер жасасу және тартылатын заем бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн беру жөнiндегi қажеттi рәсiмдердi жүзеге асырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi