Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 26 наурыздағы N 261

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындардың тiзбесiнде:
     "Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi"
деген тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар
министрлiгi";
     мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 91а-жолдармен толықтырылсын:
     "91а "Казгидромет" республикалық
          мемлекеттiк қазыналық
          кәсiпорны                             Алматы қаласы"

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi