Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.10.2021 № 755 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Инвестициялық жекешелендiру қорларының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1208 P971208_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Аталған қаулымен бекiтiлген Инвестициялық жекешелендiру қорларын қайта құру жөнiндегi шаралар жоспарының 11 және 14-тармақтарындағы "5 айдан кешiктiрмей", "6 айдан кешiктiрмей" деген сөздер, тиiсiнше "11 айдан кешiктiрмей", "12 айдан кешiктiрмей" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi