Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 23 наурыздағы N 254

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 25-құжат)
мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 466-жолдармен
толықтырылсын:
     "466      Қазақстан Республикасының
               Парламентi Iс басқармасының
               автошаруашылығы"
               республикалық мемлекеттiк
               кәсiпорны                        Алматы қаласы"

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi