Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 20 наурыздағы N 242

Жаңартылған

      "Қазақ ақпарат агенттiгi" республикалық қазыналық кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 қазандағы N 1467 қаулысының 8-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi бастаған Қазақстан Республикасы үкiмет делегациясының 1995 жылғы наурызда АҚШ-қа сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 22 маусымдағы N 858 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 22, 251-құжат):
      аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi бастаған Қазақстан Республикасы үкiмет делегациясының 1995 жылғы наурызда АҚШ-қа сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралардың жоспарында;
      реттiк нөмiрi 1, "Инвестициялық бағдарламалар мен жобаларын iске асырылу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау" деген жолдарда 5-бағандағы "ҚазТАГ" деген сөз "ҚАА" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1967 жылғы 27 ақпандағы N 200 өкiмi;
      "Қазақ КСР Министрлер Советiнiң жанындағы Ақпарат агенттiгi (ҚазТАГ) туралы ережеге өзгерту енгiзу туралы" Қазақ КСР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 11 мамырдағы N 186 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi