Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлiгiнiң дене тәрбиесi институттарында жалпы курстық мылтық ату
спорты бойынша жоғары бiлiктi жаттықтырушылар мен биатлон және
бессайыс бойынша спортшы - жаттықтырушылар даярлау жөнiнде оқу
процесiн ұйымдастыру және жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкiметi қаулы етедi:
"Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау
туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар
туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2
ақпандағы N 110 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға "Қазақстан Республикасындағы жекелеген қару
түрiнiң айналымының ережелерi" деген 1-қосымша мынадай мазмұндағы 19-к
қосымшамен толықтырылсын:
" 19-к қосымша
Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық
сақтау министрлiгiнiң дене тәрбиесi институттары үшiн
оқпен атылатын қарулар мен оқ-дәрiлердiң тиесiлiк
ТАБЕЛI
1. Оқ атудан 1-курста есеп алынатын жалпы курс:
(шұғылданатындардың саны - 200 адам):
а) 5,6 мм калибрлi 6 мылтық (ТОЗ - 12);
б) 5,6 мм калибрлi 4 мылтық (ТОЗ - 8);
Бiр шұғылданушыға бiр жылға арналған оқ-дәрi - 550 дана;
2. Биатлоншылардың мамандануы, спорттық шеберлiгiн арттыруы,
түрлi масштабтағы спорттық жиындар мен жарыстарға қатысуы:
5,6 мм калибрлi 11 винтовка (БИ 7-2);
Бiр шұғылданушыға бiр оқу жылына арналған оқ-дәрiлер:
1-шi жылы - 4,5 мың дана;
2-шi жылы - 6 мың дана;
3-шi жылы - 13,5 мың дана;
4-шi жылы - 15 мың дана.
3. Бессайысшылардың мамандануы, спорттық шеберлiгiн арттыруы,
түрлi масштабтағы спорттық жиындар мен жарыстарға қатысуы:
а) 5,6 мм калибрлi 4 спорттық тапанша (Марголин жүйесi);
б) 5,6 мм калибрлi 4 спорттық тапанша (МЦУ жүйесi);
в) 5,6 мм калибрлi бiр спорттық винтовка (БИ 7-2).
Бiр шұғылданушыға бiр оқу жылына арналған оқ-дәрiлер:
1-шi жылы - 5 мың дана;
2-шi жылы - 6 мың дана;
3-шi жылы - 10 мың дана;
4-шi жылы - 10мың дана.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi