1999 жылға арналған мемлекеттiк бюджеттiң жобасын әзiрлеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 16 наурыздағы N 219

Қолданыстағы

      1999 жылға арналған мемлекеттiк бюджеттiң жобасын әзiрлеу, бюджет процесiн одан әрi жетiлдiру, сондай-ақ бюджеттiк қаражаттарды жұмсауды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк органдарының қатысуымен мыналарды әзiрлесiн және ұсынсын:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, 1998 жылдың 23 наурызына дейiн белгiленген нысан бойынша (1-қосымша) 2003 жылға дейiнгi кезеңге арналған бюджеттiк саясаттың бағыттары мен басымдықтарын (қажеттi есептеулермен және негiздемелермен бiрге), сондай-ақ 1999-2003 жылдарға арналған мемлекеттiк бюджеттiң негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамын және мемлекеттiк бағдарламалардың тiзбесiн;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген тiзбе бойынша 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамын;
      1998 жылғы 1 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған индикативтiк жоспарының жобасын;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, 1998 жылдың 15 сәуiрiне дейiн оларға қатысты мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардың санын оңтайландыру туралы ұсыныстарды;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, 1998 жылдың 10 сәуiрiне дейiн 1999-2003 жылдарға арналған Мемлекеттiк қарыз алу бағдарламасын;
      Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiмен және Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесiп, 1998 жылдың 15 сәуiрiне дейiн:
      мемлекеттiк органдар үшiн, сондай-ақ мемлекеттiк бюджеттiң қаражаттары есебiнен ұсталатын ұйымдар үшiн аймақтардың ерекшелiктерiн ескере отырып, 1999-2000 оқу жылдары жоғары және арнаулы орта оқу орындары бойынша мемлекеттiк тапсырыстың құрамына кiретiн мамандықтардың тiзбесiн;
      мемлекеттiк меншiкте қалатын жоғары оқу орындарының тiзбесiн;
      1999-2000 оқу жылдарынан бастап мемлекеттiк тапсырыстың негiзiнде жоғары және арнаулы оқу орындарында оқитын мамандықтар бойынша студенттердiң саны туралы ақпарат;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне:
      1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн белгiленген нысан бойынша (2-қосымша), олардың iшiнен басымдықтарды бөлiп көрсете отырып, мемлекеттiк бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын бағдарламалардың тiзбесiн;
      1998 жылдың 15 сәуiрiне дейiн:
      1999 жылға арнап тоқсан-тоқсанға бөле отырып электр энергиясына, жылуға және басқа жа коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтерiне, аумақтық тұрғыда көлiк түрлерi бойынша, сондай-ақ тұтынушы топтары бойынша (шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, бюджеттiк ұйымдар және халық) жүк және жолаушылар тасымалына бағалар мен тарифтердiң деңгейiнiң болжамын;
      мемлекеттiк борыштың лимиттерiн айқындауға және мемлекеттiк кепiлдiктер ұсынуға қажеттi алдағы 10 жылдық кезеңге арналған Қарыз алу бағдарламасының көрсеткiштерiн, сондай-ақ 1999 жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасында оларды лимиттермен бiрге көрсету үшiн инвестициялық басымдықтарды;
      облыстар, Ақмола және Алматы қалалары бойынша 1999 жылға арналған iшкi жалпы өнiмнiң номиналдық көлемiн және республика бойынша iшкi жалпы өнiмнiң құрылымын;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген 1999 жылға арналған номенклатура бойынша тауарларды, жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) өндiрудiң және сатудың аймақтық тұрғыдағы көлемдерiн;
      аумақтық тұрғыдағы 1999 жылға арналған қажеттi есептеулердi қоса беру арқылы, жұмыс iстеушiлердiң санын, еңбекке ақы төлеу қорын және жұмыссыздардың санын;
      елдер мен есептеулердiң түрлерi және тауарлардың топтары бойынша 1999 жылға арналған импорттың және экспорттың болжамын;
      аумақтық тұрғыда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген номенклатура бойынша заттай түрде және ақшалай түрде өнiмдердiң аса маңызды түрлерiн өндiру туралы ақпаратты;
      аумақтық тұрғыда 1999 жылға арналған пайданың (кiрiстiң) болжамын;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген көрсеткiштер бойынша статистикалық ақпаратты;
      Қазақстан Республикасының облыстары бюджеттерiнiң болжамдары мен жобаларын әзiрлеуге қажеттi ақпаратты;
      3) Облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерiне:
      Қазақстан Республикасының 1999 жылға арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының Индикативтiк жоспарының негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамдарын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1998 жылғы 15 наурызға дейiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң, Ұлттық Банкiнiң (келiсiм бойынша) өкiлдерiнен 1999 жылға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру жөнiндегi бюджеттiк комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
      3. 1999 жылға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру жөнiндегi бюджеттiк комиссия (ол бекiтiлген соң) 1998 жылдың 1 мамырына дейiн функционалдық топтардың тұрғысында 1999 жылға арналған мемлекеттiк және республикалық бюджеттер шығыстарының жоғары лимиттерiн қарасын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуіне енгiзсiн (1-қосымша).
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) 1998 жылғы 15 наурызға дейiн 1999-2003 жылдарға арналған болжамды:
      инфляцияның, теңгенiң айырбас бағамының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қайта қаржыландырудың ресми ставкасының деңгейiн әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiне ұсынсын.
      5. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (келiсiм бойынша) 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн 1999-2003 жылдары көзделiп отырған бағалы қағаздар эмиссиясы үшiн алымның мөлшерi жөнiндегi есептеулердi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынсын.
      6. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн:
      құрал-саймандардың жарақтандырылуының, тозуының және ауыстырылуының нормасын;
      мемлекеттiк тапсырыстың негiзiнде даярланатын жоғары оқу орнының бiр студентiне және арнаулы орта оқу орнының бiр оқушысына арналған шығындар түрлерiнiң тiзбесiн;
      мемлекеттiк тапсырыстың негiзiнде даярланатын жоғары оқу орнының бiр студентiне, арнаулы орта оқу орнының бiр оқушысына арналған шығындар түрлерi бойынша нормаларды;
      бастауыш, орталау және орта, кешкi (ауысымды) жалпы бiлiм беретiн мектептердiң басшы қызметкерлерiнiң, әкiмшiлiк-шаруашылық, оқу-қосалқы және қызмет көрсету қызметкерлерiнiң үлгiлiк штаттарын;
      жоғары оқу орындарының студенттерiне, магистранттарына, аспиранттарына және докторанттарына, арнаулы орта оқу орындарының (колледждердiң) оқушыларына стипендиялар тағайындаудың және төлеудiң тәртiбiн;
      мектепке дейiнгi балалар мекемелерi қызметкерлерiнiң үлгiлiк штаттарын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен бекiтсiн;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз етудiң тәртiбi мен шарттарын әзiрлесiн және бекiтсiн;
      3) 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн шарттық негiзге көшу арқылы, мемлекеттiк тапсырыстың негiзiнде Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң, жоғары (арнаулы орта) оқу орындарының және студенттердiң (оқушылардың) арасындағы кадрлар даярлауды қаржыландырудың тетiгiн жетiлдiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзсiн;
      4) 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорымен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне 1999 жылы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры қаражатының есебiнен қаржыландырылатын медициналық көмек түрлерiнiң тiзбесiн ұсынсын;
      5) 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорымен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша медициналық мекемелерде стационарлық емдеу кезiнде қосымша ақы төлеудiң тәртiбiн әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi мемлекеттiк тапсырыстың негiзiнде жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бiтiрушiлердi жұмысқа орналастырудың тәртiбiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
      1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп, 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне 1999 жылға арналған есептi көрсеткiштiң мөлшерiн, ең төменгi жалақы мен зейнетақының тоқсан сайынғы мөлшерiн белгiлеу жөнiнде ұсыныс, сондай-ақ бюджеттiк саладағы еңбекке ақы төлеудiң жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
      2) 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша жұмсақ және қатты құрал-саймандармен жарақтандырудың табелiн қайта бекiтсiн;
      3) 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне аумақтық тұрғыдағы саны бойынша:
      тұрғын үй жәрдемақысына құқығы бар тұрмысы төмен азаматтардың;
      жеңiлдiктердiң түрлерi бойынша тиiстi бюджеттерден өтелетiн жеңiлдiктерге құқығы бар азаматтардың;
      мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алушылардың;
      балаларға жәрдемақы алушылардың 1999 жылға арналған болжамын ұсынсын;
      4) 1998 жылдың 1 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Республикасы Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығының, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының, Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының 1999 жылға арналған бюджеттерiнiң жобаларын ұсынсын.
      9. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
      1) 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес адвокаттардың тегiн көмегi берiлетiн азаматтар санының болжамын ұсынсын;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп 1998 жылдың 20 мамырына дейiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдар басшыларының жеке жауапкершiлiгiн көздей отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметiне қаржы тәртiбiн күшейтуге және шаруашылық шарттарын жасасуды реттеуге бағытталған нормативтiк құқық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныс енгiзсiн.
      10. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне 1999 жылға арналған көшiп келу квотасының жобасын ұсынсын.
      11. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры 1998 жылдың 1 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының 1999 жылға арналған бюджетiнiң жобасын тапсырсын.
      12. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 1998 жылдың 1 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне 1999 жылға арналған Жол қоры бюджетiнiң жобасын ұсынсын.
      13. Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн телерадиохабарын таратуға мемлекеттiк тапсырыс туралы ереже әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын.
      14. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiкпен келiсiм бойынша, 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн белгiленген нысан бойынша (2-қосымша) 1999 жылға арналған мемлекеттiк бюджетке енгiзуге ұсынылатын ғылыми бағдарламалар мен жобалардың тiзбесiн әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
      15. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
      1) 1998 жылдың 25 наурызына дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне аумақтық тұрғыда мынадай:
      тамырлы ағаштарды босату;
      санаттары бойынша жерлер, оның балл-бонитетпен бағалануы туралы;
      су жинау қорғанының тұтынушылар бойынша лимитiнiң көлемi туралы деректер ұсынсын;
      2) 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн:
      су берумен байланысты емес, су шаруашылығы объектiлерiнде жоспарлы алдын алу және күрделi жөндеулердi жүргiзуге арналған материалдық және техникалық ресурстар шығыстарының кезеңдiлiгi мен нормаларын;
      бiр орман шаруашылығына шаққандағы алаңдардың көлемдерiн және қызметкерлер, оның iшiнде орманшылар, тоғайбасы көмекшiлерi, тоғайшылар санының нормативiн;
      орман және аңшылық шаруашылық бiрлестiктерi тұрғысында, орманды алқаптарды;
      бiр орманшыға келетiн шолу нормасын;
      орман шаруашылық және авиа-орман қорғау жұмыстарын орындауға арналған шығыстардың және бағалардың нормаларын бекiтсiн;
      3) 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне:
      1999 жылға арналған жерге меншiк құқығын, жер учаскелерiн жалға алуды қоса алғанда жердi пайдалану құқығын сатудан мемлекеттiк бюджетке түсiмдерiнiң болжамын;
      Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына қайтарымсыз негiзде көзделетiн шығыстардың негiздемелi есептерiн;
      ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге берiлген машина жасау өнiмдерi үшiн лизингтiк төлемдер бойынша негiзгi борышты өтеудiң кестесiн ұсынсын.
      16. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi:
      1) 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қоршаған ортаны қорғау қорына қаражаттың түсуiнiң болжамын және республикалық қоршаған ортаны қорғау қорының қаражаты есебiнен қаржыландыру көзделген шаралардың тiзбесiн ұсынсын;
      2) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн:
      мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен гидрометеорологиялық ақпаратты тұтынушылардың тiзбесiн;
      республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын ұйымдарға ұсынылатын гидрометеорологиялық ақпараттар түрлерiне арналған тарифтер мен бағаларды әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
      17. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн аумақтық тұрғыда республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын ұйымдардағы электр қуатына, жылу және өзге де коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтерiне, көлiктiң түрлерi бойынша жүк және жолаушылар тасымалына, үйлердi ұстауға, ағымдағы және күрделi жөндеуге арналған шығындарының нормаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
      18. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
      1) 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн:
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерiн заттай мүлiкпен қамтамасыз ету нормалары;
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің әскери қызметшілерін азық-түлікпен қамтамасыз ету нормалары;
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери техникалары мен қару-жарақтарын пайдалану, жөндеу және конверсиялау кезiндегi жанар-жағар майлар, майлар және арнаулы сұйықтар шығынының нормаларын;
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери бөлімдерін және мекемелерін мал дәрігерлік мүлкімен жабдықтау нормалары.
      2) 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiндегi әскери тасымалдарды ресiмдеу жөнiндегi басшылықты және олар үшiн есеп айырысуды;
      мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлердiң әскери бөлiмшелер жөнелтетiн хаттарын, мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерiне жiберiлетiн хаттарды және әскери қызметке шақырылған азаматтардың өз киiмдерiн тегiн жiберу үшiн есеп айырысудың тәртiбiн әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен бекiтсiн.
      ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.19. N 762
               қаулысымен. P000762_
      19. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
      1) 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне белгiленген нысан бойынша (3-қосымша) аумақтық тұрғыда заңды және жеке тұлғалардың көлiк құралдарының сандық құрамы жөнiндегi 1999 жылға арналған болжам ұсынсын;
      2) 1998 жылдың 15 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп, түзеу мекемелерi кәсiпорындарының өндiрiстiк қуаттарына тексеру жүргiзсiн, ұйымдардың iшкi және сыртқы рыноктарда сұранысқа ие өнiмдердi шығару мүмкiндiктерiн зерделесiн, аталған мақсатқа арналған инвестициялардың көлемiн анықтасын және оларды 1999-2003 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалардың тiзбесiне енгiзу жөнiнде ұсыныстар дайындасын;
      3) 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, бiр бас бостандығынан айыруға сотталған адамды ұстауға қажеттi ақшалай қаражаттың нормативтерiн әзiрлесiн.
      20. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп, 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне оларға ведомстволық бағыныстағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының желiлерiн оңтайландыру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
      21. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
      1) 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Республикасының елшiлiктерi мен консулдықтары бойынша 1999 жылы консулдық қызметтер көрсетудiң себiнен түсетiн түсiмдердiң негiзделген есептемелерiн ұсынсын;
      2) Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарының қатысуымен, "Байқоңыр" кешенi объектiлерiн пайдаланғаны үшiн жалдау ақысының түсуiн қамтамасыз ету жөнiнде Ресей Федерациясының тиiстi мемлекеттiк органдарымен қажеттi шаралар жүргiзсiн;
      3) Мүшелiк жарналарды төлеу үшiн қажеттi шығындардың негiзделген есептерiн қоса беру арқылы, Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың тiзбесiн жасасын.
      22. Екiншi деңгейдегi банктер, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне заңды тұлғаларға бұрын бюджеттiң қаражаты есебiнен берілген несиелер бойынша негiзгi борыш пен сыйақылар (мүдделер) сомасының 1999 жылы өтелуi туралы деректер ұсынсын.
      23. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) 1998 жылдың 1 мамырына дейiн:
      республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызметшiлердi, әскери қызметшiлердi және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн сақтандыру үшiн сақтандыру ұйымдарына жарналар аударуының шарттарын жасауды және нормативтерiн белгiлеудi реттеу;
      автокөлiк иелерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шарттарын жасауын реттеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiне енгiзсiн;
      2) 1998 жылдың 1 мамырына дейiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне конкурстық негiзде 1999 жылы мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып алынатын тауарлардың және орындалатын жұмыстардың (қызмет көрсетулердiң) номенклатурасы және мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган конкурстарды ұйымдастырушы болатын олардың тапсырысшыларының тiзбесi бойынша ұсыныстар енгiзсiн;
      3) 1998 жылдың 15 мамырына дейiн:
      1999 жылы жекешелендiруге жататын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн:
      акцияларының мемлекеттiк пакеттерi қор рыноктары арқылы сатуға жататын кәсiпорындардың тiзбесiне кiргiзiлген кәсiпорындардың бухгалтерлiк шоттарының жаңа стандарттарына халықаралық аудит пен конверсия жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
      4) 1998 жылдың 15 мамырына дейiн мемлекеттiк және республикалық бюджеттердiң 1999 жылға арналған шығыстарының жоғарғы лимиттерiн республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ облыстар, Ақмола және Алматы қалалары әкiмдерiнiң назарына жеткiзсiн.
      24. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдар мен ұйымдар 1998 жылы 1 маусымына дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен үлгi бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң 1999 жылға арналған шығыстарының есебi үшiн қажеттi көрсеткiштердi;
      Қазақстан Республикасының функционалдық және экономикалық бюджеттiк жiктемесi бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң 1999 жылға арналған шығыстарының жоғарғы лимиттерiн бөлу туралы деректердi;
      олардың сыртқы көздердiң есебiнен алатын мақсатты ресми трансферттерiнiң (гранттарының) болжамды түрлерi жөнiндегi деректердi;
      атқарылуы 1999 жылы республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын, қаржыландырудың нақты көздерiмен қамтамасыз етiлмеген шараларға шығындалуы мүмкiн болатын нормативтiк құқықтық актiлердi өзгерту немесе қолданылуын тоқтата тұру, қолданысқа кезең-кезеңмен енгiзу жөнiнде ұсыныс тапсырсын.
      25. Ақылы қызметтер көрсететiн және республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қолдауақы алатын ұйымдар 1998 жылдың 1 маусымына дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне өздерiнiң 1999 жылға арналған қаржылық балансының болжамын ұсынсын.
      26. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1998 жылдың 25

 

тамызына дейiн "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң талқылауына енгiзсiн.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министр


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1998 жылы 16 наурыздағы

                                          N 219 қаулысына

                                             1-қосымша


              1999 жылға арналған мемлекеттiк бюджеттiң

                   негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамы


      _____________________________________________________________

     |                                                |1999 жылдың |

     |                                                |болжамы     |

     |________________________________________________|____________|

     |I. Кiрiстер мен алынған ресми трансферттер      |            |

     |А. Кiрiстер                                     |            |

     |1. Салық түсiмдерi                              |            |

     |2. Салыққа жатпайтын түсiмдер                   |            |

     |3. Капиталмен жасалған операциялардан алынатын  |            |

     |   кiрiстер                                     |            |

     |Б. Алынған ресми трансферттер (гранттар)        |            |

     |                                                |            |

     |II. Шығыстар                                    |            |

     |1. Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет           |            |

     |   көрсетулер                                   |            |

     |2. Қорғаныс                                     |            |

     |3. Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк             |            |

     |4. Бiлiм беру                                   |            |

     |5. Денсаулық сақтау                             |            |

     |6. Әлеуметтiк сақтандыру және қамсыздандыру     |            |

     |7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық             |            |

     |8. Демалысты ұйымдастыру және мәдениет          |            |

     |   саласындағы қызмет                           |            |

     |9. Отын-энергетика кешенi                       |            |

     |10. Ауыл, су және орман шаруашылығы, балық      |            |

     |    аулау, аң аулау және табиғат қорғау         |            |

     |                                                |            |

     |11. Кен өндiру өнеркәсiбi және отынды қоспа.    |            |

     |    ғанда, пайдалы қазбалар; өңдеу өнеркәсiбi;  |            |

     |    құрылыс                                     |            |

     |12. Көлiк және байланыс                         |            |

     |13. Экономикалық қызметке байланысты басқа да   |            |

     |    қызмет көрсетулер                           |            |

     |14. Негiзгi топтарға жатқызылмаған шығыстар     |            |

     |                                                |            |

     |III. Өтеу шегерiлген несиелендiру               |            |

     |IV. Бюджет тапшылығы                            |            |

     |V. Бюджет тапшылығын қаржыландыру               |            |

     |________________________________________________|____________|


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                      1998 жылы 16 наурыздағы

                                          N 219 қаулысына

                                             2-қосымша


        1999 жылы мемлекеттiк бюджеттен қаржыландыру

                  ұсынылған бағдарламалардың


                        ТIЗБЕСI


     1. Бағдарламаның атауы


 
       Бұл тарауды бағдарлама немесе жоба бекiтiлген құжатқа сәйкес бағдарламаның немесе жобаның толық атауы көрсетiлуi керек.
      2. Бекiтiлу деңгейi
      Бұл тарауда бағдарлама, жоба бекiтiлген құжатты (Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы, Үкiметiнiң қаулысы, келiсiм және т.б.) атау керек.
      3. Жылдар бойынша мақсаты және негiзгi кезеңдерi
      Бұл тарауда бағдарламаның (жобаның) жалпы мақсаты және жылдар бойынша оны жүзеге асырудың негiзгi кезеңдерiн, яғни жұмыстың әрбiр жылға арналған негiзгi мiндеттерi мен көлемiн көрсету қажет.
      4. Мемлекеттiк тапсырысшы
      Мемлекеттiк тапсырысшы - осы бағдарламаның (жобаның), iске асырылуы үшiн жауапты министрлiк (ведомство), орган.
      5. Бағдарламаны iске асырудың бүкiл кезеңiне, оның iшiнде қаржы жылына арналған қаржыландыру көзi.
      Қаржыландырудың көзi республикалық бюджет, жергiлiктi бюджеттер

 

(оның iшiнде мемлекеттiк сыртқы заемның немесе гранттың қаржылары)

болуы мүмкiн. Егер бағдарлама (жоба) мемлекеттiк сыртқы заемдардың

немесе гранттардың есебiнен жүзеге асырылса, онда нақты кредиторды

немесе грант пен заемдарды берген ұйымды көрсету керек.

     6. Орындалу нәтижелерi

     Бұл тарауда тұтастай алғанда бағдарламаны орындаудың жоспарлы

нәтижелерiн, сондай-ақ өткен жылдардың нақты нәтижелерi мен осы жылғы

және алдағы әрбiр жылдағы бағдарламаны орындаудың жоспарлы нәтижелерiн

көрсету керек.


                                       Қазақстан Республикасы

                                       Үкiметiнiң

                                       1998 жылы 16 наурыздағы

                                       N 219 қаулысына

                                       3-қосымша


            Заңды және жеке тұлғалардың көлiк құралдарының


                               ТIЗБЕСI

      ____________________________________________________________

     |    Көлiк құралдардың           |Двигатель. |Саны    |Ескер.|

     |        түрлерi                 |дiң қуаты  |(бiрлiк)|ту    |

     |                                |   кВт     |        |      |

     |________________________________|___________|________|______|

     |Автобустар                      |           |        |      |

     |________________________________|___________|________|______|

     |Мотоциклдер, мотороллерлер      |           |        |      |

     |________________________________|___________|________|______|

     |Катерлер, кемелер,              |           |        |      |

     |тiркемелер, баржалар            |           |        |      |

     |________________________________|___________|________|______|

     |Яхталар, ұшатын аппараттар      |           |        |      |

     |________________________________|___________|________|______|

     |Жүк автомобильдерi және басқалар|           |        |      |

     |________________________________|___________|________|______|

     |Өздiгiнен жүретiн машиналар     |           |        |      |

     |________________________________|___________|________|______|

     |Жеңiл автомобильдер, қуаттарына |           |        |      |

     |қарай:                          |           |        |      |

     |1-ден 3 жылға дейiн (жеңiл      |           |        |      |

     |автомобильдердiң барлық марка.  |           |        |      |

     |лары)                           |           |        |      |

     |3-ден 5 жылға дейiн (жеңiл      |           |        |      |

     |автомобильдердiң барлық марка.  |           |        |      |

     |лары)                           |           |        |      |

     |5 жылдан әрi (ТМД елдерiнде     |           |        |      |

     |жасалған жеңiл көлiк құралда.   |           |        |      |

     |рынан басқа)                    |           |        |      |

     |5-тен 6 жылға дейiн (ТМД елде.  |           |        |      |

     |рiнде жасалған жеңiл көлiк      |           |        |      |

     |құралдары                       |           |        |      |

     |6-дан әрi (ТМД елдерiнде        |           |        |      |

     |жасалған жеңiл көлiк құралдары) |           |        |      |

     |________________________________|___________|________|______|