Авариялық броны бар тұтынушыларды электрмен жабдықтау және электрмен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын беруiне арналған шығындарды өтеудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 12 наурыздағы N 207

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының электр энергиясын беруде үзiлiстерге жол беруге өмiрлiк маңызды объектiлерiн үздiксiз электрмен жабдықтау, бұл объектiлердiң авариялық бронь бойынша тұтынған электр энергиясы үшiн уақытылы кепiлдiктi ақы төлеуiн қамтамасыз ету, электр энергетикасы объектiлерiнiң жұмысында төлем жасау себебi бойынша кiдiрiске жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Авариялық броны бар тұтынушыларды электрмен жабдықтау және электрмен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын беруiне арналған шығындарды өтеудiң тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiмен келiсiм бойынша бiр айлық мерзiм iшiнде республикалық маңызы бар үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiн жасасын және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын, сондай-ақ оларға арналған авариялық бронның шамасын белгiлесiн.
      3. Республикалық маңызы бар үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерiн қаржыландырудың көзi болып осы объектiлер үшiн электр энергиясын тұтыну жөнiндегi шығыстарға арналған сомалардың шегiнде республикалық бюджет белгiленсiн.
      4. Облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерiне энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен бiрлесiп төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармалармен келiсiм бойынша жергiлiктi маңызы бар үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiн жасау және оны белгiленген тәртiппен бекiту, сондай-ақ олар үшiн қаржыландыру көзi

мен авариялық бронның шамасын белгiлеу ұсынылсын.
     5. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгi бұрын қабылданған ведомстволық нормативтiк актiлерiн осы
қаулыға сәйкес келтiрсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 12 наурыздағы
                                            N 207  Қаулысымен
                                               бекiтiлген

            Авариялық броны бар тұтынушыларды электрмен
          жабдықтау және электрмен жабдықтаушы ұйымдардың
       электр энергиясын беруiне арналған шығындарды өтеудiң
                           тәртiбi туралы
                               ЕРЕЖЕ



      Осы Ереже, оларды электрмен ажыратып тастау адамдардың өмiрiне қауiп тудыратын немесе апаттық немесе экономикалық зардаптарға әкеп соғатын Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы объектiлерiн электр энергиясымен қамтамасыз етудiң тәртiбiн айқындайды және оны бергенi үшiн төлем жасаудың тәртiбiн белгiлейдi.

                1. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар

      Үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерi (бұдан әрi - ҮЭО) - оларды ажыратып тастау адамдардың өлiмiне, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi жұмысының бұзылуына, апаттық экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптарға апарып соғуы мүмкiн, технологиялық себептерiне байланысты үздiксiз электрмен жабдықтауды қажет ететiн шаруашылық инфрақұрылым объектiлерi.
      Авариялық бронь - оны беру үздiксiз электрмен жабдықтау объектiсiнiң ол үшiн өмiрлiк маңызы бар құрылғыларының жұмыс iстеуiн сақтайтын және тыныс тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апаттық экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлiмiн болдырмайтын ең аз қажеттiлiктегi электр қуаты.
      Республикалық маңызы бар ҮЭО - мемлекеттiк меншiк нысанындағы үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерi, оларға авариялық бронь мөлшерлерiнде электр энергиясы берiлгенi үшiн осы объектiлер үшiн электр энергиясын тұтыну жөнiндегi шығыстарға арналған сомалардың шегiнде, республикалық бюджет жауапкершiлiкте болады.
      Жергiлiктi маңызы бар ҮЭО - тiзбесiн облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерi бекiтетiн мемлекеттiк меншiк нысанындағы үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерi.
      Электр энергетикасы объектiлерi жұмысының айрықша режимi - электр энергетикасы объектiлерiнде iрi технологиялық бұзылулар кезiнде енгiзiлетiн мәжбүрлi режим.
      Энергиямен жабдықтаушы ұйым - тұтынушыларға электр энергиясын берудi жүзеге асырушы және заңдарға сәйкес мұндай қызметке құқығы бар мамандандырылған ұйым.

          2.Авариялық бронмен қамтамасыз етiлетiн объектiлер

      1. Олар үшiн авариялық бронның шамасы белгiленетiн үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiне мыналар кiредi:
      мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн объектiлер;
      теле-радиокоммуникациялар;
      сумен жабдықтау, канализация және жылумен жабдықтау кәсiпорындары;
      олардың ұсталуы бюджетте көзделген өртке қарсы қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн объектiлер.
      2. ҮЭО тiзбесiне енгiзiлген әрбiр объектi үшiн электрмен жабдықтаушы ұйым ҮЭО өкiлiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi 1997 жылғы 1 тамызда бекiткен авариялық актiнi жасауды және РД 34РК.20.549-97 электрмен жабдықтаудың технологиялық бронының тәртiбi туралы Нұсқаулыққа сәйкес авариялық бронь актiсiн жасайды, онда авариялық бронның шамасы мен объектiнi қоректендiру схемасы көрсетiледi.
      Авариялық бронь актiсi Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне (жергiлiктi атқарушы органға) жiберiледi.
      Авариялық бронь актiсi электрмен жабдықтауға арналған шартқа мiндеттi қосымша болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi (жергiлiктi атқарушы орган) авариялық бронь актiлерiн алған соң тиiсiнше әрбiр аймақ үшiн авариялық бронды өтеуге арналған қажеттi қуаттың жиынтық шамасын белгiлейдi.
      4. Әрбiр ҮЭО үшiн авариялық бронның шамалары көрсетiлiп ҮЭО тiзбелерi энергетика объектiлерi жұмысының режимiн басқару жөнiндегi аймақтық диспетчерлiк пункттерге (орталықтарға) берiледi.

            3. Үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерiне
               арналған электр энергиясын берудiң тәртiбi

      5. Әрбiр ҮЭО қалыпты жұмыс iстеуi үшiн қажеттi көлемдегi электр энергиясын берудi электрмен жабдықтаушы ұйым, белгiленген тәртiппен жасасылған, екiжақты шарттың негiзiнде жүзеге асырады.
      ҮЭО шартты жасау кезiнде электрмен жабдықтаушы ұйымға Қазынашылықтың (облыстық қаржы басқармасының) авариялық бронь бойынша ҮЭО арналған есеп айырысулары жөнiндегi кепiлдiктi мiндеттемелерiн беруге мiндеттi. Бұл кепiлдiктi мiндеттемелер шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
      6. ҮЭО электрмен жабдықтаушы ұйымның берген электр энергиясы үшiн есептерiне төлем жасамаған кезде электрмен жабдықтаушы ұйым ҮЭО-ге электр энергиясын берудi авариялық бронь деңгейiне дейiн шектеуге құқылы, бұл жөнiнде өзiнiң құрамында ҮЭО бар ұйымға кемiнде 14 тәулiк бұрын ескертедi.
      7. Төтенше жағдайлар туындаған кезде (жер сiлкiнiсi, су тасқыны, басқа да табиғи зiлзалалар) ҮЭО-ге электр энергиясын беруге арналған шарттық мiндеттемелердi атқаруды электрмен жабдықтаушы ұйым Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша тоқтата тұруы мүмкiн. Бұл жағдайларда электр энергиясын бөлу барлық электрмен жабдықтаушы ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылатын оның нұсқауы бойынша жүзеге асырылатын болады.
      8. ҮЭО-ге электр энергетикасы объектiлерi жұмысының айрықша режимi кезiнде электр энергиясын бөлу аймақтың авариялық бронын өтеу үшiн қажеттi электр энергиясы мөлшерiн ҮЭО үшiн берудi қамтамасыз ететiн электрмен жабдықтаушы ұйымдар жасаған схемалар бойынша жүзеге асырылуы тиiс.

          4. Үздiксiз энергиямен жабдықтау объектiлерi үшiн
            электр энергиясын беру бойынша есеп айырысулардың
                               тәртiбi

      9. Ажыратылмайтын объектiлердiң бекiтiлген тiзбесiне кiретiн ҮЭО үшiн шарттар бойынша берiлетiн электр энергиясына энергиямен жабдықтаушы ұйыммен есеп айырысулар ай сайын iс жүзiнде тұтынылған электр энергиясы үшiн энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың есеп айырысу шотына аударым жасалып жүргiзiледi.
      10. ҮЭО технологиялық тiзбегiнiң құрамындағы, авариялық бронды талап ететiн мемлекеттiк емес меншiк нысанындағы ұйым авариялық бронь бойынша тұтынатын электр энергиясы үшiн өтемдi тiкелей депозиттердiң, несиенiң немесе банктердiң кепiлдiгiнiң есебiнен жасасылған шарттардың шеңберiнде жүргiзедi.
      11. ҮЭО-нiң электр энергетикасы объектiлерi жұмысының айрықша режимiнiң кезеңiндегi авариялық бронды өтеуге тұтынатын электр энергиясы үшiн есеп айырысуларды электр энергиясын iс жүзiнде берушi жүргiзедi.
      12. ҮЭО-нi авариялық бронь деңгейiне дейiн электрмен жабдықтауды шектеу жағдаяттары пайда болған кезде авариялық бронь бойынша тұтынылған электр энергиясы үшiн есеп айырысулар осы объектiлерге электр энергиясын тұтыну жөнiндегi шығыстарға арналған сомалардың шектерiнде бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.