"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн қабылданатын кiрiстер түрiнiң тiзбесi бекiтiлсiн (қоса берiлiпотыр).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 12 наурыздағы
N 205 қаулысымен
бекiтiлген
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн қабылданатын кiрiстер түрлерiнiң
ТIЗБЕСI
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн қабылданатын кiрiстердiң түрлерiне Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықта мiндеттi зейнетақы жарналары есептелетiн кiрiстердiң барлық түрлерi:
жалақының барлық түрiн қоса есептегенде еңбекақы түрiнде алынатын кiрiстер, сондай-ақ жалақы қорына кiретiн, жұмыс iстелмеген уақыт үшiн заңдарға сәйкес қызметкерлерге есептелген ақша сомасын қоса алғанда, ақшадай және заттай нысанда есептелген (қаржыландыру көзiне қарамастан) түрлi сыйақылар, қосымша ақылар, үстеме ақылар және жекелеген әлеуметтiк жеңiлдiктер;
негiзгi қаражатты, олардың қондырғыларын алу жөнiндегi шығындарды және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 46-бабына сәйкес күрделi сипаттағы басқа да шығындарды, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорларына және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi жарналар мен аударымдарды алып тастағандағы, заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысушы жеке адамдардың жиынтық кiрiсi;
патенттер бойынша заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын жеке адамдарға арналған патенттiң мөлшерi айқындалып, көзделiнiп алынатын кiрiс жатады.