Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 12 наурыздағы N 204

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
 

P960790_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29,
256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындардың тiзбесi мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:

     "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс
                басқармасы
     462   "Қазақстан Республикасының
            Президентi Iс басқармасының
            автошаруашылығы: республикалық
            мемлекеттiк кәсiпорны
            (шаруашылық жүргiзу құқығында)
                                                  Ақмола қаласы
     463    Қазақстан Республикасының
            Президентi Iс басқармасының
            "Қазақстан Республикасының
            Президентi Әкiмшiлiгiнiң,
            Парламентi және Үкiметi
            әкiмшiлiк ғимараттарына
            қызмет көрсету жөнiндегi
            дирекциясы" республикалық
            мемлекеттiк кәсiпорны
            (шаруашылық жүргiзу құқығында)
                                                   Ақмола қаласы
     464    Қазақстан Республикасының
            Президентi Iс басқармасының
            "Материалдық-техникалық
            қамтамасыз ету базасы"
            республикалық мемлекеттiк
            кәсiпорны (шаруашылық
            жүргiзу құқығында)
                                                    Ақмола қаласы
     465    Қазақстан Республикасының
            Президентi Iс басқармасының
            "Ақмола қаласындағы
            мемлекеттiк резиденциялар
            дирекциясы" республикалық
            мемлекеттiк кәсiпорны
            (шаруашылық жүргiзу құқығында)
                                                     Ақмола қаласы".

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi