Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 11 наурыздағы N 198

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбы мен мәтінінде "жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстардың, "жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар", деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды", "мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 921  қаулысымен .

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес және ғылыми-техникалық ақпарат алмасуды, елдiң ғылыми-техникалық әлеуетiнiң жай-күйiн талдауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстардың негiзiнде арнаулы ақпарат қорларын құру, зерттеулер мен әзiрленiмдердiң қайталануын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiп) бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы бiр ай мерзiм iшiнде Тәртiптi iске асыру үшiн қажеттi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлесiн және бекiтсiн, мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар туралы ақпараттық құжаттардың мемлекеттiк қорын құруды және орындаушы-ұйымдардың жүргiзiлiп жатқан және аяқталған мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар туралы мәлiметтердi уақтылы ұсынуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. 
      3. Республиканың мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды орындайтын министрлiктерi, ведомстволары және ұйымдары 1998 жылдың ақпаннан бастап мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды тiркеу үшiн Республикалық мемлекеттiк ғылыми мекеме - Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығында қажеттi құжаттарды ұсынуды қамтамасыз етсiн. 
      4. Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы жыл сайын есептiден кейiнгi жылдың бiрiншi тоқсанында, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, сондай-ақ олардың өз функциялық мiндеттерiн атқаруына байланысты министрлiктер мен ведомстволардың сұратуы бойынша мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар, елдiң бұл саладағы ғылыми-техникалық әлеуетi туралы есептi жылғы Мемлекеттiк қордың ақпараттық құжаттармен толығуына талдаумен және Қазақстан Республикасында мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар тақырып бойынша зерттеулер мен әзiрленiмдердi орындау жөнiндегi жұмыстарды жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстармен қоса анықтамалар ұсынсын. <*>
       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 921  қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы          
Үкiметiнiң                 
1998 жылғы 11 наурыздағы        
N 198 Қаулысымен            
бекiтiлген               

       Қазақстан Республикасында басталған, жалғастырылып
        жатқан және аяқталған мемлекеттiк құпиялардан
           тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу,
     тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық
               жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң
                         ТӘРТIБI

       Ескерту. Тақырыбы мен мәтінiнде: "жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды", "жабық ҒЗТКЖ" деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды"; "құпиялы ҒЗТКжЖТЖ" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 921  қаулысымен .

                     I. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртiп мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды (бұдан әрi - ҒЗТКжЖТЖ) орындаудың барлық кезеңдерiнде тiркеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруға, олар бойынша есеп құжаттарын ұсынуға және Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн құпиялы ҒЗТКжЖТЖ туралы ақпарат дайындауға бiрыңғай талаптарды белгiлейдi. 
      2. Қазақстан Республикасының барлық ұйымдары орындайтын қаржыландыру бюджеттiң қаражатын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын жабық ҒЗТКЖ мiндеттi тiркеуге жатады. 
      3. Құпиялы ҒЗТКжЖТЖ мемлекеттiк тiркеу Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынға - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығына (бұдан әрi - СА ҒТО) жүктеледi. <*>
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 921  қаулысымен .
      4. Осы Тәртiпте көзделген барлық тiркеу және есеп құжаттары СА ҒТО-ға тегiн ұсынылады. Оларды дайындауға және жөнелтуге байланысты шығындар ҒЗТКжЖТЖ жүргiзуге арналып бөлiнген қаражаттың есебiнен атқарушы ұйымдарға жүктеледi. 
      5. Тiркеудiң негiзiнде СА ҒТО Қазақстан Республикасында жүргiзiлген құпиялы ҒЗТКжЖТЖ туралы автоматтандырылған деректер банкiн жүргiзедi, белгiленген тәртiппен жүргiзiлiп жатқан және аяқталған ҒЗТКжЖТЖ туралы, сондай-ақ атқарушы ұйымдар туралы ақпараттарға рұқсат етiлуiн қамтамасыз етедi. 
      6. Құпиялы ҒЗТКжЖТЖ тiркеу және олар бойынша есептi құжаттар ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы бекiткен тiркеу және ақпараттық карталардың нысандары, сондай-ақ оларды толтыруға және есептiк құжаттарды ресiмдеуге талаптар пайдаланылады. 
                

        II. ҒЗТКЖ тiркеу 

 
      7. Тiкелей орындаушы ұйым жабық ҒЗТКЖ тiркеу үшiн СА ҒТО-ға жұмысты қаржыландыру басталған сәттен бастап 30 күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде екi данада белгiленген үлгiдегi тiркеу картасын жолдайды. 
      ҒЗТКжЖТЖ бiрнеше ұйым жүргiзген кезде (кешендi жұмыстар) әрбiр атқарушы ұйым СА ҒТО-ға жұмыстың дербес орындалатын бөлiгiне тiркеу картасын жолдайды. 
      СА ҒТО тiркеу картасы бойынша жұмысқа тiркеу нөмiрiн бередi және 20 күндiк мерзiмде тiркеу картасының бiр данасын атқарушы ұйымға жолдайды. 
      Атқарушы ұйым тiркелген жұмыстағы өзгерiстер туралы мынадай: 
      жұмыстың аяқталу немесе тоқтатылу мерзiмi өзгерген (жазбаша хабарлама жiберiледi); 
      жұмыстың атауы өзгерген (атқарушы қайтадан ресiмдеген тiркеу картасы жолданады) жағдайларда 30 күндiк мерзiм iшiнде СА ҒТО-ға хабарлауға мiндеттi. СА ҒТО аталған жұмысқа бiр мезгiлде бұрынғы нөмiрдi жою арқылы жаңа тiркеу нөмiрiн бередi. 

       

            III. Есептiк құжаттарды ұсыну 

 
      8. Тiркелген ҒЗТКжЖТЖ атқарушы ұйым жұмыс (немесе оның кезеңi) аяқталған сәттен бастап 30 күннен аспайтын мерзiм iшiнде СА ҒТО-ға белгiленген үлгiдегi ақпараттық карта жолдайды. 
      Кешендi жұмыс аяқталғаннан кейiн барлық атқарушы ұйымдар (бас ұйым және қоса атқарушы ұйымдар) СА ҒТО-ға дербес орындалған бөлiктер (кезеңдер) жөнiнде ақпараттық карталар ұсынады. 
      9. Аяқталған ҒЗТКжЖТЖ (немесе оның кезеңi) туралы ғылыми-техникалық есептi атқарушы ұйымның басшысы бекiтедi және ол осы ұйымның бiрiншi бөлiмiнде сақталады. 
      ҒЗТКжЖТЖ туралы ғылыми-техникалық есеп ҒЗЖ туралы есептi ресiмдеудiң құрылымы мен ережесiн регламенттейтiн мемлекеттiк стандарттың (ГОСТ 7.32-91) талаптарына сәйкес ресiмделуi тиiс. 
      10. Дұрыс ресiмделмеген тiркеу және ақпараттық карталарды СА ҒТО қайтарудың объективтi себептерiн көрсете отырып, түзету үшiн атқарушы ұйымға қайтарады. 
      Атқарушы ұйым қайтарылған құжаттарды алған күннен бастап 20 күннен кешiктiрмей оларға түзету енгiзуге және СА ҒТО-ға қайта жiберуге мiндеттi. 
      СА ҒТО-ға ұсынылатын құжаттардағы мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығы, материалдарды ресiмдеудiң сапасы үшiн атқарушы ұйым жауапкершiлiкте болады. 
      11. САҒТО-да диссертация қорғалған мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар тақырыптар бойынша диссертацияның белгiлi үлгiдегi есеп карточкасы (ДЕК) ұсынылады. <*>
       Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 921  қаулысымен .  
      12. Тiркелген құпиялы ҒЗТКжЖТЖ туралы мәлiметтердi СА ҒТО заңдарға сәйкес тапсырысшыларға ұсынады.