Қазақстан Республикасының дүниежүзiлiк телекоммуникациялар қауымдастығына енуiне, жалпы пайдаланымдағы жылжымалы радиобайланыс қызметiне сұраныстың артуына және елдердiң арасында пайдаланушылар үшiн роумингтi ұйымдастырудың қажеттiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасында GSM стандартының ұялық байлансын (кең ауқымды жылжымалы байланыс жүйесi) енгiзу туралы ұсынысқа келiсiм берiлсiн, сондай-ақ СDМА стандарты.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.05.27. N 488
қаулысымен. P980488_
2. GSM және СDМА стандартты ұялық байланыстардың желiсiн құру және пайдалану үшiн радиожиiлiктердi беру тек конкурстық негiзде, заңдарға сәйкес жүзеге асырылсын.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.05.27. N 488
қаулысымен. P980488_
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп бiр айлық мерзiм iшiнде GSM стандартының ұялық байланысы операторларының қызметiн қамтамасыз ету үшiн 890-915 МГц, 935-960 МГц диапазондарында радиожиiлiктер белдеуiн босату мәселелерiн пысықтасын.
3-1. Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы конкурс 1999 жылдың II жартыжылдығында тоқсанында жарияланатындығын ескере отырып, CDMA стандартты ұялық байланысының желiсiн ұйымдастыру және пайдалану үшiн қажеттi радиожиiлiктер белдеулерiн, екi оператор бөлудi қамтамасыз
етсiн.
ЕСКЕРТУ. Жаңа 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.05.27.
N 488 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 1999.02.15. N 121 қаулысымен.
4. Мына құрамда Қазақстан Республикасында GSM стандартының
ұялық байланыс желiлерiн ұйымдастыру құқығына арналған конкурс
өткiзу жөнiндегi комиссия құралсын.
Кәрібжанов Қайрат - Қазақстан Республикасының Көлiк,
Сәлімұлы коммуникациялар және туризм вице-министрi,
комиссияның төрағасы
Нәсиев Асқар - Қазақстан Республикасының Көлiк,
Қайратұлы коммуникациялар және туризм министрлiгi
Ақпараттық жүйелер департаментiнiң
директоры
Д.С.Оразалинов - Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк
ведомствоаралық комиссия төрағасының
орынбасары - "Радиожиiлiк спектрiн
бөлу және пайдалану жөнiндегi бюро"
республикалық мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорнының директоры
Б.Б.Қанешев - Қазақстан Республикасының Стратегиялық
жоспарлау және реформалау жөнiндегi
агенттiгi инфрақұрылымдарды дамыту
стратегиясы басқармасының бастығы
О.С.Ержанов - Қазақстан Республикасының Қаржы-
вице министрi
С.П.Солодилов - Байланыс және радиотехникалық
қамтамасыз ету әскерлерiнiң бастығы,
Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерiнiң Әскери-әуе күштерi штабы
бастығының орынбасары
М.Г.Мартиросов - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
министрлiгi байланыс басқармасының
бастығы
Ю.М.Арыстанбеков - Қазақстан Республикасының Ұлттық
қауiпсiздiк комитетi жанындағы
Үкiметтiк байланыс агенттiгiнiң
басқармасы бастығының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Шаншарбаева Мәдина - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Жанаталқызы министрлiгiнiң Заңдар және
халықаралық құқық департаментi директорының
орынбасары
Б.Ж.Аймақов - Қазақстан Республикасының Инвестициялар
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
Жобаларды бағалау және келiссөздер
жүргiзу дирекциясының директоры
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.05.27. N 488
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1999.02.15. N 121
қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi конкурстық комиссияның қызметi мен жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желiлерiне қосылудың тең жағдайын қамтамасыз етсiн.
6. Конкурстық комиссия:
Ұялық байланыс желiлерiн ұйымдастыру және пайдалану құқығына
конкурстар өткiзу туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн;
GSM стандартты ұялық байланысының желiлерiн ұйымдастыру және
пайдалану құқығына 1999 жылдың II жартыжылдығында, ал СDМА-ға IV
тоқсанында конкурс жариялансын.
ЕСКЕРТУ. 6-тармақтың 2-3-абзацтары жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
1998.05.27. N 488 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 6-тармақтың өзгерді - ҚРҮ-нiң 1999.02.15. N 121 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi