Әлеуметтік және криминогенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Yкіметінің ҚАУЛЫСЫ »1998 жылғы 9 ақпан N 86

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жеке құрамын, ішкі әскерлер бөлімшелерін, әскери техникаларын және әскери мүлкін әлеуметтік және криминогенді жағдайлар шиеленіскен аудандарға жедел жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі:
      заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жеке құрамын, ішкі әскерлер бөлімшелерін, әскери техникаларын және әскери мүлкін әлеуметтік және криминогенді жағдайлар шиеленіскен аудандарға уақытылы жеткізу және жедел міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер қолбасшысының бас басқармасына әуе кемелерінің қажетті паркін бірінші беруді қамтамасыз етсін;
       Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Қаржы министрлігімен бірлесіп бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы авиарейстерді орындауға арналған өтінімдерін қамтамасыз етудің тәртібін әзірлесін және жеке құрам мен қару жарақты жеткізу үшін қажетті әуе кемелерінің саны мен үлгілерін айқындасын.
      Авиакөлік беру жөніндегі шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының

Yкіметі резерв қорының есебінен жүргізілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі республиканың кез 
келген аймағында жағдай шиеленіскен жағдайларда міндеттерді жедел және 
тиімді шешу үшін жеке құрамның, ішкі әскерлер бөлімшелерінің әскери 
даярлығын қамтамасыз етсін;
     Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен 
бірлесіп бір ай мерзім ішінде күштер мен құралдарды әлеуметтік және 
криминогенді шиеленісулер болуы мүмкін аудандарға жедел жеткізудің арнайы 
жоспарын әзірлесін.
         
      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі