Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 30 қаңтардағы N 56

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетудi, жылжымайтын мүлiктi бағалауды лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262 P971262_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 37, 359-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

     2-тармақтағы "1 қаңтарына дейiн" деген сөздер "1 сәуiрiне
дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
     6-тармақтағы "бiр ай мерзiм iшiнде" деген сөздер алынып
тасталынсын;
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Адвокаттық қызметпен байланысты
емес ақылы заң қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы ережеде:
     1-тармақтағы "мен оның аумақтық органдары" деген сөздер алынып
тасталсын.
     IХ тарау алынып тасталсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi