"Жедел басып шығару баспаханасы" республикалық мемлекеттiк қазынашылық кәсiпорынын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 27

Қолданыстағы

      "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
 

      1. Алматы қаласы, Қонаев көшесi 15/1 мекен-жайында орналасқан баспахананың негiзiнде жедел басқару құқығында "Жедел басып шығару баспаханасы" республикалық мемлекеттiк қазынашылық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 
 

      2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi орган болып белгiленсiн. 
 

      3. Кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi: шағын көлемдi оқулықтар, оқу-әдiстемелiк құралдар, нормативтiк-құқықтық актiлер, ғылыми әдебиет пен басқа да баспа өнiмдерiн шығару болып белгiленсiн. 
 

      4. Уәкiлеттi орган бiр ай мерзiм iшiнде Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және Кәсiпорынды әдiлет органдарында тiркесiн, Кәсiпорын басшысын тағайындасын және белгiленген тәртiппен онымен келiсiм-шарт жасассын, басқа да ұйымдастыру мәселелерiн шешсiн. 
 

      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Кәсiпорынды белгiленген тәртiппен тiркегеннен кейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына Кәсiпорынды Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне енгiзу туралы қаулының жобасын енгiзсiн. 
 

      6. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 қарашадағы N 1455  қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 
      аталған қаулының 1-қосымшасында."Баспахана, Алматы, Қонаев көшесi, 15/1" деген жол алынып тасталсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi