Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының Есiрткi заттарға бақылау жасау
жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1367
қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
Қазақстан Республикасының есiрткiге бақылау жасау жөнiндегi
мемлекеттiк комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Есiмов А.С. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары, төраға
Нүкенов М.О. - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк
комитетi төрағасының орынбасары, төрағаның
орынбасары (келiсiм бойынша)
Мами Қ.А. - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқасының
төрағасы (келiсiм бойынша)
Тоқсейiтов Р.Қ. - Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет
және денсаулық сақтау вице-министрi
Арынов Е.М. - Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет
және денсаулық сақтау вице-министрi
Оразбаев Б.Е. - Қазақстан Республикасының Энергетика,
индустрия және сауда вице-министрi
Сәрсенбаев Н.А. - Қазақстан Республикасының Стратегиялық
жоспарлау және реформалар жөнiндегi
агенттiгi төрағасының орынбасары
Тараков Л.Ю. - Қазақстан Республикасының Ақпарат және
қоғамдық келiсiм вице-министрi;
И.Н. Тасмағамбетов, А.А. Ақанов, Н.С.Әшiмов, Ж.Д.Мұқашев, Т.С.Сарабекова, Д.К.Сүлеев, Т.Р.Тiлебалдинов, Х.Е.Досқалиев көрсетiлген құрамнан шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi