Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 30 желтоқсан N 1863. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 2000.08.12. N 1253 қаулысымен. (N 1253 қаулының күшi тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2000. N 1316 қаулысымен.)

Жаңартылған

      Сыртқы сауданы одан әрi ырықтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      "Тауарларды декларациялау және оларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 19 ақпандағы N 129 қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 5, 56-құжат):
      аталған қаулының 1-қосымшасында:
      "Тауарларды өткiзу тәртiбi" деген 2-бөлiмнiң 2.1-тармағының жетiншi абзацы алынып тасталсын;
      "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысында   (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26, 302-құжат):
      6-тармақ алынып тасталсын;
      7 және 8-тармақтардағы "(мемлекеттiк кәсiпорындардан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
      7, 8, 9, 10-тармақтар тиiсiнше 6, 7, 8, 9-тармақтар болып есептелсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасымен бiрлесе отырып (келiсiм бойынша) биржалық тауарларды сатып алу-сату жөнiндегi мәмiлелердi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге "Тауарлар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 2170 Заң күшi бар Жарлығын  орындауы тұрғысынан жүйелi түрде тексеру жүргiзiп отырсын.
      3. Осы қаулы 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi