Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 қаңтардағы N 132 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1862

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Орталық Азия ынтымақтасу және даму банкi Кеңесiне уәкiлдi өкiл және оның орынбасарын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 қаңтардағы N 132 P960132_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      2-тармақта:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аймақаралық маңызы бар инвестициялық жобаларды қаржыландыру

жөнiндегi мемлекетаралық Кеңестiң Аткомындағы "Қазақстан
Республикасының уәкiлдi өкiлi С.Д.Пiрiмбетов Орталық Азия
ынтымақтастық және даму банкiнiң Кеңесiндегi Қазақстан Республикасының 
уәкiлдi өкiлi болып тағайындалсын";
     үшiншi абзац төртiншi абзац болып есептелсiн;
     мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
     "М.К.Кетебаев Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкiнiң
Кеңесiндегi Қазақстан Республикасының уәкiлдi өкiлi мiндетiнен
босатылсын".

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi