Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1788

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығын iске асыру мәселелерi туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 P971551_ және "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы 1997 жылғы 17 қарашадағы N 1593 P971593_ қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ күшiн жойды - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.27. N 481
               қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiн ұйымдастырудың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегi N 430 P940430_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 20, 192-құжат):
      атауындағы және мәтiнiндегi "мемлекеттiк комитетiнiң", "мемлекеттiк комитетiмен", "мемлекеттiк комитетiне" деген сөздер тиiсiнше "комитетiнiң", "комитетiмен", "комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына P951894_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат);
      көрсетiлген қаулының 1-қосымшасына:
      2-бағандағы реттiк нөмiрi 32-жолдағы "мемлекеттiк комитетiнiң" деген сөздер "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын.
      "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3465 Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1143 қаулысына P971143_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 33, 305-құжат):
      1-тармақтың екiншi абзацындағы, 2-тармақтағы, 3-тармақтың төртiншi абзацындағы, 4, 5-тармақтардағы "мемлекеттiк комитетiне", "мемлекеттiк комитетiнiң", "мемлекеттiк комитетi" деген сөздер "комитетiне", "комитетiнiң", "комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтың екiншi абзацы "филиалын" деген сөзбен аяқталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жұмысын қамтамасыз ететiн мүлiк пен iстердi басқару жөнiндегi өкiлеттiктердi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiне берсiн";
      2-тармақтағы "өрттен қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жоғары училищесi" деген сөздер "жоғары техникалық училищесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi (ТЖМК Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi) туралы ережеге:
      атауындағы "мемлекеттiк комитетiнiң" деген сөздер "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын, "ТЖМК" деген сөз алынып тасталсын;
      мәтiндегi "мемлекеттiк комитетiнiң" деген сөздер "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "қазақ және орыс тiлдерiнде" деген сөздер "мемлекеттiк тiлде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға қосымшаға:
      атауындағы "мемлекеттiк комитетiнiң" деген сөздер "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi бiрiншi жолдағы "ТЖМК" деген сөз алынып тасталсын, "42", "41" деген сандар "40", "39" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 2-жолдағы "23", "20" деген сандар "27", "21" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 3-жолдағы "22", "18" деген сандар "24" деген санмен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 4-жолдағы "Көкшетау өрттен қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жоғары училищесi" деген сөздер "Көкшетау техникалық жоғары училищесi" деген сөздермен ауыстырылсын, "80", "65" деген сандар "87", "72" деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 5-жол алынып тасталсын;

     реттiк нөмiрi 6 және 7-жолдар тиiсiнше реттiк нөмiрi 5 және
6-жолдар болып есептелсiн;
     "жалпы" деген жолдағы "189", "9691" деген сандар "178", "9690"
деген сандармен ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                          N 1788 қаулысына
                                             қосымша

               Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
            жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы
                       қызметi департаментiнiң

                               ҚҰРЫЛЫМЫ

     Мемлекеттiк өрт қадағалау басқармасы

     Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасы

     Кадр және оқу орындары басқармасы

     Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлiмi