Зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк орталықтар зейнетақыны төлеудi жүзеге асыру және мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, қайта есептеудiң тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 10 желтоқсан N 1733. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.03.15. N 245 қаулысымен. ~P990245

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, қайта есептеу және Зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлеудi iске асыру Тәртiбi бекiтiлсiн, (қоса берiлiп отыр).
      2. 1997 жылдың 31 желтоқсанына дейiн төлемшiлердiң Зейнетақы қорына есептелiнген, бiрақ әртүрлi себептермен төленбеген, сақтандыру жарнасының сомасы толық есепке дейiн N 000829708 МФО 19000501008 орталықтандырылған есепке аударылуға жатады.
      3. Зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк орталыққа арналған

төлемшiлердiң 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелген мiндеттi
зейнетақы жарналары қоса берiлiп отырған Тәртiпке сәйкес аударуға
жатады.
     4. Зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк орталық зейнетақы
төлемiнiң қорларын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                     1997 жылғы 10 желтоқсандағы
                                         N 1733 қаулысымен
                                           Бекiтiлген

           Зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк орталықтан
            зейнетақыны төлеудi жүзеге асыру және мiндеттi
          зейнетақы жарналарын есептеудiң, қайта есептеудiң
                        тәртiбiн бекiту туралы

                          1. Жалпы ережелерi



      1. Осы тәртiп Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Заңына сәйкес әзiрлендi. Ол жоғарыда аталған Заңға сәйкес төлемшiлердiң зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк орталыққа (бұдан былай "орталық") төлейтiн ақша қаражатын қайта есептеудiң, есеп жүргiзудiң тәртiбiн, Орталықтан зейнетақы төлеу тәртiбiн, сондай-ақ салымшылардың жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарнасын аударудың тәртiбiн анықтайды.
      2. Зейнетақы орталығының ақша қаражаты мына жайлар есебiнен қалыптасады:
      - тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Заң белгiленген жалақы бойынша, заңды түрде құрылмаған, кәсiпкерлiкпен және басқа қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың Орталыққа жiберетiн мiндеттi зейнетақы жарнасы;
      - көлемi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Заң бекiткен ресми трансферттер.
      3. Орталық заңды түрде құрылмаған кәсiпкерлiкпен және басқа қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардан түсетiн мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алуды жүзеге асырады.
      4. Заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды түрде құрылмай-ақ кәсiпкерлiкпен және басқа қызметпен айналыстан тұлғалар (бұдан былай - төлемшi) өзiнiң тұрған жерi бойынша Қазақстан Республикасының салық органдарында Орталыққа мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушi ретiнде тiркелуiн растайды.
      Жаңадан құрылған ұйымдар салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрiн (СТН) ала отырып дербес заңды тұлға болып тiркелген күннен бастап 10 күн мерзiмнiң iшiнде салық органдарында мiндеттi зейнетақы жарналарының төлемшiлерi ретiнде тiркеледi.
      5. Тiркелгеннен кейiн әрбiр мiндеттi зейнетақы жарналарын төлемшiге мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеудiң мерзiмi туралы жазбаша хабарландыру берiледi.
      6. Заңды тұлғалар мiндеттi зейнетақы жарналарын, айдың екiншi бөлiгiнiң жалақысын беру үшiн белгiленген, бiрақ келесi айдың 10-нан кеш емес, төлемшiлердiң жеке санаттарына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеудiң басқа мерзiмдерiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiмен келiсуi бойынша салық органдарының белгiлеген жағдайларынан басқа, Орталыққа ай сайын аударуға мiндеттi.
      Кәсiпкерлiкпен және басқа қызметпен шұғылданатын заңды түрде

құрылмаған жеке тұлғалар мiндеттi зейнетақы жарналарын Орталыққа
тiркелген күннен бастап төлейдi.
     Төлеушiлердiң мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуi өздерiнiң
банктiк шоттарынан қолма қол ақшасыз есеп айырысуы жолымен не қолма
қол ақшамен жүргiзiледi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 6-тармақ 3-абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.11.
              N 201 қаулысымен. 

P980201_

 


             II. Мiндеттi зейнетақы жарналарын Орталыққа
                     төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi



      7. Заңды тұлғалар үшiн Орталыққа төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналарының ставкалық мөлшерi еңбекке ақы төлеу қорының проценттiк қатынасымен (жалақының есептелген қоры) заңды түрде құрылмаған жеке тұлғалар үшiн жыл сайын бекiтiлетiн республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес айлық табыстың проценттiк қатынасымен белгiленедi.
      8. Орталыққа төленетiн зейнетақы жарналары:
      - заңды тұлғалардың жалақының барлық түрлерiн қоса алғандағы еңбекке ақы түрiнде төленетiн табыстарынан;
      - сондай-ақ жалақы қосылатын жұмыс iстелмеген уақыт үшiн заңға сәйкес жұмыскерлерге есептелген ақша қаржыларын қоса алғандағы ақшалай және табиғи түрде есептелген әртүрлi сый ақылардан, үстемақыларынан, қосымша ақыларынан (қаржыландыру көздерi тәуелсiз);
      - Заңды түрде құрылмай-ақ кәсiпкерлiкпен және басқа қызметтермен шұғылданатын жеке тұлғалардың шығындардан басқа айлық жиынтық табыстан оны алуға байланысты, негiзгi құралдарды сатып алуға, оларды орнатуға және басқа материалдық сипаттағы шығындарына, сондай-ақ мiндеттi жарналар мен мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға, және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры мен жинақтаушы зейнетақы қорына;
      - заңды түрде құрылмай-ақ кәсiпкерлiкпен және басқа қызметтермен шұғылданатын, қызметтiң осы немесе басқа түрiне патент сатып алған, жеке тұлғалардың патент мөлшерi белгiленген болжалды салық салынатын табысынан есептеледi.
      9. Мiндеттi зейнетақы жарналарын Орталыққа аудару Орталықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң МААБ-ында ашылған арналу коды "015", N 413609816, МФО 190501109 шотына жүргiзiледi. <*>
      10. Орталыққа мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбiмен төлеу кезiнде төлеушi банкке үш данада қағаз таратушыдағы төлем тапсырысын өткiзедi. Бiрiншi данасы банкке өткiзiледi, аударымды қабылдағаны туралы банктiң белгiсi бар екiншi және үшiншi данасы төлеушiнiң өзiне қайтарылады, төлеушi төлем тапсырысының екiншi және үшiншi данасы қайтарылғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде төлем тапсырысының үшiншi данасын тiркелген жерiндегi салық органына ұсынады.
      Төлеушiнiң банкi мiндеттi зейнетақы жарнасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) басқармасы арқылы аударған жағдайда төлеушi төлеушiнiң банкi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) басқармасына беретiн төлем тапсырысының қағаз таратушыдағы төртiншi данасын банкке қосымша ұсынады.
      Төлем тапсырыстары бағдарламалық-криптографиялық қорғау және электронды сандық қол қоюлар жүйесiн пайдалану туралы келiсiмге сәйкес байланыстың электронды арналары бойынша берiлген кезде төлеушiнiң банктен алған, қағаз таратушыда басылған, банк куәландырған электронды төлем тапсырысын алғаннан кейiнгi үш жұмыс күнi iшiнде оны тiркелген жерiндегi салық органына беруi қажет. Банктiң Орталыққа ақша аударуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен төлем жүйесiндегi жұмыстарға арналған форматтарға сәйкес жүзеге асырылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 9-10-тармақтар жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.03.11.
               N 201 қаулысымен. P980201_
     11.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 11-тармақ алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.03.11.
              N 201 қаулысымен. 

P980201_

 



      12. Орталыққа жiберiлетiн мiндеттi зейнетақы жарналарын, қаржыландыру көздерiне қарамай, тиiстi салықтарды ұстап қалуға дейiн есептеледi.
      13. Жалақыны алу күнiнiң өзгеруiне байланысты мiндеттi зейнетақы жарнасының төлеу мерзiмi жарна төлеушiнiң салық органдарына берген жазбаша өтiнiшiнiң банктiң жалақы беру мерзiмiнiң өзгеруi туралы берген жазбаша анықтамасының негiзiнде жүзеге асырылады.
      14. Заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адам жарнаның есептелген сомасын салық заңдарында белгiленген мерзiмдерде төлейдi. Бұл ретте жеке адам банкке Орталықтың реквизиттерiн, тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, айы, күнiн және жарна сомасын жазған хабарлама ұсынады. Егер тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген болса, онда жеке адам әлеуметтiк жеке код алу үшiн толтырған тiркеу кәртiшкесiнде тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi. <*>
      15. Еңбектiң айрықша жағдайларына орай қолданылып жүрген заңдардың негiзiнде, жұмыстың ақырғы нәтижелерi бойынша еңбегi үшiн сыйақы белгiленген қызметкерлер үшiн мiндеттi зейнетақы жарналары жалақы есебiнде iс жүзiнде төленген сомадан төленедi. Бұл қызметкерлер үшiн мiндеттi зейнетақы жарнасы бойынша ақырғы есеп айырысу маусым аяқталған соң жүргiзiледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 14-15-тармақтар жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.03.11.
               N 201 қаулысымен. P980201_

      16. Төлемдердiң мына түрлерiне мiндеттi зейнетақы жарналары есептелмейдi:
      - қолданылмаған демалыс үшiн өтемақы;
      - материалдық көмек ретiнде берiлетiн ақшалай жәрдемақы;
      - өтемдiк төлем;
      - тұрақты жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұратын болса, не қызмет көрсету учаскелерiнiң шеңберiндегi қызмет бабына байланысты сапар кезiнде берiлетiн тәулiктiк ақының орнындағы жалақыға қосылатын қосымшалар мен үстемелер;
      - берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң және басқа жеке қорғаныс құралдарының, сабын, майдан тазартатын құралдар, сүт және емдiк-профилактикалық тамақтың бағасы;
      - басқа жерге жұмысқа ауысқанда не көшкен кезде жол жүру, мүлiктердi алып жүру үй-жайды жалға алу жөнiндегi шығындардың орнын толтыру;
      - жұмыстарына байланысты, жұмыскерлердiң жарақат алуы не басқа денсаулықтарына нұқсан келген зиянды өтеу төлемдерi (табыс төлемiнiң шығындалған бөлiгiнен басқа);
      - тиiстi бюджетке немесе қайырымдылық қорына аударылатын, сыйақы берiлмейтiн жұмыс күндерiндегi еңбек үшiн жалақы;
      - мереке күндерiне байланысты, қолданыстағы заңға сәйкес белгiленген мерейтойлар, туған күндер, ұзақ жылдар және мiнсiз қызметi, қоғамдық жұмыс үшiн жалақы қорының есебiнен жүргiзiлетiн (еңбекке ақы төлеудiң бiрыңғай қоры) бiр жолғы көтермелеу төлемдерi;
      - бағалы қағаздар бойынша алынған дивиденттер;
      - оқушылар мен студенттердiң стипендиясы (ұйымдар жiберген арнайы орта және жоғары оқу орындарының оқушыларынан басқа).
      17. Мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушiлер тоқсан сайын 2 данада есеп айырысу ведомостiн жасайды, бiреуi есеп берумен бiрге әр айдың 10-шы күнiнен кешiктiрiлмей салық органына ұсынылады, есеп айырысу ведомостiнiң екiншi данасы төлемшiнiң бухгалтериясында қалады.
      18. Мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушiлер бухгалтерлiк есеп жүргiзген кезде "Бухгалтерлiк есеп туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын және оған сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердi, ал мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.03.11.
               N 201 қаулысымен. P980201_

      19. Шаруашылық есеп айырысуда тұрған субъектiлер мiндеттi зейнетақы жарналарына есептелген сомаларды "Шығындар" 811, 821 шоттарының, 903, 913, 923, 933, 943 "Өндiрiстiк есеп шоттар" дебетi бойынша және 653/2 "Зейнетақымен қамтамасыз ету жөнiндегi есеп айырысулар" шоттарының кредиттi бойынша бейнелейдi. <*>
      Қаржыны Орталыққа аударған кезде 653/2 "Зейнетақымен қамтамасыз ету жөнiндегi есеп айырысулар" шоттары дебетке берiледi және 441 "Есеп айырысу шотындағы қолдағы бар ақша" шоты кредитке алынады.
      Бюджеттiк мекемелер мiндеттi зейнетақы төлемiне аударуды 198/1 "Сақтандыру жарналары жөнiндегi есеп айырысулар" суб.шотының кредитi бойынша немесе тиiстi 20 "Бюджет бойынша шығындар немесе 21" Басқа шығындар" суб.шоттарының дебетi бойынша бейнеледi. Тиiстi қаржыны Орталыққа берген кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi 198/1 суб.шотын дебетке және ақша қаржысын есепке алу жөнiндегi суб.шотты (090,100,110) кредитке Орталыққа әрбiр өткен күн үшiн (төлем күнiн қоса алғанда) осы сомаларды төлеу күнiне бередi.
      21. Орталыққа қателесiп аударылған сома төлемшiнiң арызы бойынша (растайтын құжаты болса) Орталық салық заңымен қарастырылған мерзiмде қайтарады. Көрсетiлген сома негiзсiз кiдiртiлген жағдайда, осы сомалар төленетiн мерзiмiнен өткен әр күнге, Орталық Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсi белгiлегендей, қайта қаржыландырудың 1,2-еселiк мөлшердегi ресми ставкасының тұрақсыздық айыбын төлейдi.
      22. Заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi зейнетақы төлемдерi аудару жөнiндегi тапсырмаларын уақытында орындамағаны үшiн банктер Қазақстан Республикасының Президентiнiң "Бюджетке төленетiн салықтар мен басқа мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығының 164-бабына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

               III. Жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi
           зейнетақы жарналарын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi

      23. Жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын жеке тұлғалар үшiн (жұмыскерлерге) Заңды тұлғалар, сондай-ақ әскери қызметкерлер мен жұмыскерлер үшiн тиiстi Қорғаныс министрлiгi мен Iшкi Iстер қызметтерi, Ұлттық Қауiпсiздiк комитетi, Республикалық Гвардия мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, аталған органдардың "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген ставка бойынша мына ретпен төлейдi:
      - Орталыққа төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезiнде жалақы түрiнде төленетiн және еңбекке төленетiн ақы қорына есептеу үшiн алынған табыстардан. Бұл кезде жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн мiндеттi зейнетақы төлемдерiн есепке алу әрбiр жеке тұлғаға (қызметкерге) бөлеу жүргiзiледi;
      - iшкi iстер органының қызметкерлерi мен әскери қызметкерлер үшiн жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын мiндеттi зейнетақы жарналарының ақшалай мөлшерi қолданыстағы заңға сәйкес белгiленедi;
      - жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы төлемдерi, салық заңына сәйкес, салық салынатын табыстан шегерiледi;
      ЕСКЕРТУ. 23-тармақтың 5-6 абзацтары алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
               1998.03.11.N 201 қаулысымен. P980201_

      24. Салымшының мiндеттi зейнетақы төлемiн аудару туралы тапсырмасы болмаған жағдайда заңды тұлғалар мiндеттi зейнетақы жарнасына қандай да бiр нақты жинаушы қорға ұсталған соманы Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорына аударады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 24-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.03.11.N 201
               қаулысымен. P980201_

      25. Мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару Орталықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң МААБ-ында ашылған арналу коды "010, N 413609816, МФО 190501109 шоты арқылы жүргiзiледi.
      Төлеушi мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аударым арқылы төлеген кезде банкке әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша үш данада қағаз таратушыдағы төлем тапсырысын және екi данада жеке адамдардың тiзiмiн ұсынады. Төлем құжатының бiрiншi данасы мен жеке адамдар тiзiмiнiң бiрiншi данасы банкте қалады, қабылдағаны туралы банктiң белгiсi бар төлем құжатының екiншi және үшiншi данасы мен жеке адамдар тiзiмiнiң бiр данасы төлеушiге қайтарылады. Бұдан кейiн төлеушi үш жұмыс күнi iшiнде төлем тапсырысының үшiншi данасын тiркелген жерiндегi салық органына бередi.
      Төлеушiнiң банкi мiндеттi зейнетақы жарнасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) басқармасы арқылы аударған жағдайда төлеушi төлеушiнiң банкi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) басқармасына беретiн төлем тапсырысының қағаз таратушыдағы төртiншi данасын және жеке адамдар тiзiмiнiң үшiншi данасын банкке өткiзедi.
      Төлем тапсырыстары бағдарламалық-криптографиялық қорғау және электронды сандық қол қоюлар жүйесiн пайдалану туралы келiсiмге сәйкес байланыстың электронды арналары бойынша берiлген кезде төлеушi төлеушiнiң банкiнен, қағаз таратушыдан басылған, банк куәландырған электронды төлем тапсырысын алғаннан кейiнгi үш жұмыс күнi iшiнде оны тiркелген жерiндегi салық органына беруi қажет.
      Төлеушiлердiң қағаз таратушыда толтырған төлем құжаттарында пайдасына ақша аудару жүргiзiлетiн жинақтаушы зейнетақы қорының реквизиттерi "Төлемнiң арналуы" деген бағанада көрсетiледi.
      Жеке адамдардың тiзiмi әрбiр жеке адам бойынша әлеуметтiк жеке кодын (егер ол берiлген жағдайда), тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, айы мен күнiн, жарнаның сомасын қамтуы тиiс. Егер тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген болса, онда жеке адам әлеуметтiк код алу үшiн толтырған тiркеу кәртiшкесiнде тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi. <*>
      26. Заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiкпен және өзге де қызметпен айналысатын жеке адам жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарнасын төлеген кезде банкке жинақтаушы зейнетақы қорының реквизиттерiн, тегiн, атын, әкесiнiң атын жазған хабарлама ұсынады. Егер тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген болса, онда жеке адам әлеуметтiк жеке код алу үшiн толтырған тiркеу кәртiшкесiнде тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 25-26-тармақтар жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.03.11.
               N 201 қаулысымен. P980201_

      27. Жинақтаушы зейнетақы қорына арналған мiндеттi зейнетақы жарналары осы Тәртiптiң 16-тармағында көрсетiлген тiзбеге байланысты еңбекке ақы төлеу түрлерiне есептелмейдi.
      28. Жинақтаушы зейнетақы қорына уақытында төленбеген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары нақтылы төленген және табыстың алынған жағдайларында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсi белгiлегендей осы соманы төлеу күнiнен мерзiмi өтiп кеткен әр күн үшiн (төлеу күнiн қоса отырып) Орталық арқылы тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорына қайта қаржыландыру 1,2 есе мөлшердегi ставка өсiмiн есептей отырып өндiрiп алуға жатады.
      29. Банктердiң Орталыққа ақша аударуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен төлем жүйесiндегi жұмыстарға арналған форматтарға сәйкес жеке адамдардың тiзiмiмен қоса электрондық төлем тапсырыстарымен жүргiзiледi.
      Елуден астам қызметкерi бар заңды тұлға, осы Тәртiптiң 25-тармағының талаптарын орындаудан басқада, банкке жеке адамдардың тiзiмiмен қоса жоғарыда көрсетiлген форматта, электрондық таратушыдағы (байланыс желiлерi бойынша не магниттi таратушыларда) төлем тапсырыстарын ұсынады.
      Екiншi деңгейдегi банктерге деректердi өңдеу жөнiнде және/немесе зейнетақы жарналарын аудару жөнiнде клиенттерге ұсынылатын қызметтер үшiн банктiң iс жүзiндегi шығындарынан аспайтын мөлшерде ақы төлеу ұсынылады. <*>
      30. Мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушiлер бухгалтерлiк есеп жүргiзген кезде "Бухгалтерлiк есеп туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын және оған сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердi, ал мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 29-30-тармақтар жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.03.11.
               N 201 қаулысымен. P980201_

      31. Шаруашылық есепте тұрған субъектiлер мiндеттi зейнетақы жарналарына есептелген сомаларды 811, 821 "Шығындар", 903, 913, 921, 933, 943 "Өндiрiстiк есеп шоттар" шоттарының дебетi бойынша және 635/3 "Зейнетақымен қамтамасыз ету жөнiндегi есеп айырысулар" шотының кредитi бойынша бейнелейдi. <*>
      Орталыққа қаржы аударылған кезде 653/3 "Зейнетақымен қамтамасыз ету жөнiндегi есеп айырысулар" шоты дебетке және 441 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шоты кредитке берiледi.
      Бюджеттiк мекемелер мiндеттi зейнетақы жарналарына аударуды 198/2 "Қауiпсiздендiру жарналарын жөнiндегi айырысулар" суб.шотының кредитi бойынша және 20 "Бюджет жөнiндегi шығын" немесе 21 "Басқа шығындар суб.шоттарының дебетi бойынша бейнелейдi. Тиiстi қаржылар Орталыққа аударылған кезде 198/2 суб.шоты дебетке берiледi және ақша қаржысының есебi жөнiндегi суб.шот (090100110) кредитке берiледi.
      ЕСКЕРТУ. 31-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.03.11. N 201
               қаулысымен. P980201_

                    IV. Орталықтан зейнетақы төлемiн
                      төлеудi жүзеге асыру тәртiбi

      32. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiндегi Орталыққа арнап ашылған есеп шотқа түсетiн мiндеттi зейнетақы жарналары мен ресми трансферттер зейнетақы төлемiне жiберiледi.
      33. Халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi Орталықтың қалалық, аудандық бөлiмдерiне белгiленген нысан бойынша зейнетақы iс-қағазынан әрбiр зейнеткерге тағайындалған зейнетақы мөлшерi туралы көшiрменi ұсынады.
      34. Көшiрмеден алынған мәлiметтердi Орталықтың қалалық, аудандық бөлiмдерi бұл мәлiметтердi Орталыққа беретiн Орталықтың облыстық филиалына электронды түрде жiбередi.
      35. Облыстық филиалдар зейнетақыны қаржыландыруды жүзеге асыру үшiн Орталыққа белгiленген нысанда әр айдың 15-нен кешiктiрмей қалалармен аудандар шегiнде зейнетақы төлеуге өтiнiм жасайды.
      36. Орталықтың қалалық, аудандық бөлiмдерi тағайындалған зейнетақы туралы көшiрме негiзiнде, белгiленген нысанда әрбiр зейнеткерге қағаз түрiнде зейнетақы төлеу жөнiндегi есеп карточкасын жүргiзедi, Орталықтың облыстық филиалдары есеп карточкаларын электрондық түрде жүргiзедi. Зейнетақының тағайындалған мөлшерi туралы көшiрменiң негiзiнде орталықта белгiленген нысанда зейнеткердiң есеп карточкасы жүргiзiледi. Есеп карточкасының негiзiнде қалалық, аудандық бөлiмдер белгiленген нысанда, зейнетақы төлемiне қажеттiлiктiң тiзiм-тiзiмдемесiн құрады және электронды түрде Орталықтың облыстық филиалына бередi. Орталықтың облыстық филиалы зейнетақы төлемiне қажеттiлiктiң облыс бойынша жинақтық тiзiмдемесiн белгiленген нысанда жасайды және электронды түрде Орталыққа бередi.
      37. Зейнеткер қайтыс болған жағдайда, халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң жазбаша хабарламасының негiзінде Орталықтың қалалық және аудандық бөлiмдерi сол күнi Орталыққа жерлеуге бiр жолғы төлем алу үшiн қажеттi қаржы сомасына Заңмен белгiленген Нысан бойынша өтiнiм бередi.
      38. Ай сайын, қалалық және аудандық бөлiмдер атқарушы өндiрiс тәртiбiмен белгiленген нысан бойынша зейнетақыдан ұстап қалудан мәлiметтердi Орталыққа берiп отырады.
      39. Орталық қызмет көрсететiн банктiң корреспонденттiк шотының қажеттiлiгiне сәйкес ай сайын әр айдың 20-нан кешiктiрмей зейнетақы төлеуге өз шотынан бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмаларын аударады және тiзiм-тiзiмдеменi қоса салады.
      40. Орталық облыстық филиалдарын жалпы аймақ бойынша белгiленген нысанда зейнетақы төлемiне арналған нақты қаржыландырылған сомасы туралы хабардар етедi.
      41. Орталықтың берген тiзiмiне сәйкес, қызмет көрсететiн банк әр айдың 1-не дейiн зейнеткерлердiң жеке шотына өткен ай үшiн берiлетiн қаржы сомасын енгiзедi.
      42. Қызмет көрсететiн банк зейнетақыны өткен ай үшiн апаруды және төлеудi, ағымдағы айдың 20-на дейiн жүзеге асырады.
      43. Қызмет көрсететiн банк әр айдың 25-не дейiн қалалық, аудандық бөлiмдермен бiрлесе отырып қорытынды бойынша салыстыру жүргiзедi және белгiленген нысан бойынша үш данада акт жасайды: оның бiреуi банкте қалады, екiншiсi қалалық, аудандық бөлiмдерге және үшiншi дана

облыстық филиалға жiберiледi.
     44. Қалалық, аудандық бөлiмдер салыстыру актiсi негiзiнде есеп
жасап, оны ай сайын белгiленген нысанда орталықтың облыстық филиалына
тапсырады.
     45. Зейнетақы төлемiн ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететiн
банктiң қызметiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен
тариф бойынша, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәртiбiмен шығындарды
мiндеттi зейнетақы жарналары қаржыларының есебiне жатқызу негiзiнде
жүргiзiледi.
     46. Жинақтаушы зейнетақы қорына арналып Орталықтың шотына түскен
жеке тұлғалардың мiндеттi зейнетақы жарналары банктiк екi күн iшiнде
салымшылардың тiзiмiн қоса отырып жинақтаушы зейнетақы қорына
аударылады.

                 V. Шет елге зейнетақы төлеудi жүзеге
                           асырудың тәртiбi

     47-52
<*>

     ЕСКЕРТУ. 47-52 тармақтар алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.12.22.
              N 1313 қаулысымен. 

P981313_

 

         VI. Мiндеттi зейнетақы жарнасын төлеудi бақылау және
              бұзушылыққа қарсы қолданылатын санкциялар



      53. Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеп шығару мен аударуға бақылау жасауды Қазақстан Республикасындағы Қаржы министрлiгiнiң салық органдарының қызметтерi жүзеге асырады.
      54. Төлеушiлердiң мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуiне бақылау жасауды қамтамасыз ету үшiн Орталық күн сайын өткен күн үшiн Орталық пен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетi арасындағы келiсiмге сәйкес көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiне төлеушiлер тiркелген облыстар, аудандар бойынша түскен мiндеттi зейнетақы жарналарының тiзiмдерiн, төлеушiлер тiркемелерiн және оларға қоса берiлетiн электронды төлем тапсырыстарын ұсынады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 54-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.11.
               N 201 қаулысымен. P980201_