Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 10 желтоқсан N 1732. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.05.20. N 592 қаулысымен. ~P990592

Күшін жойған

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң Кеңсесi туралы ереже бекiтiлсiн.
     2. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi туралы
ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30
сәуiрдегi N 689 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                      1997 жылғы 10 желтоқсандағы
                                          N 1732 қаулысымен
                                           Бекiтiлген

          Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
                                туралы
                                 ЕРЕЖЕ

                               МИССИЯСЫ



      Премьер-Министрдiң Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi тиiмдi жұмысы үшiн жағдай жасау және Үкiмет шешiмдерiн дайындауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.

                           I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Премьер-Министрдiң Кеңсесi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен Үкiметiнiң қызметiн ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, консультативтiк және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
      2. Премьер-Министрдiң Кеңсесi өз қызметiн Республиканың Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң және Премьер-Министрiнiң актiлерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiн және осы Ереженi басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.
      3. Премьер-Министрдiң Кеңсесi заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде өзiнiң атауы жазылған мөрi болады.
      4. Премьер-Министрдiң Кеңсесi туралы ереженi, сондай-ақ оның құрылымды мен штаттық санын Республиканың Үкiметi бекiтедi.

             II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРI
                         КЕҢСЕСIНIҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

      5. Премьер-Министрдiң Кеңсесi мынадай негiзгi функцияларды:
      Үкiметтiң Регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етудi;
      Үкiметтiң мәжiлiстерiнде қарауға арналған мәселелердiң тоқсан сайынғы тiзбесiн дайындауды;
      Үкiмет мәжiлiсi күн тәртiбiнiң жобасын жасауды;
      министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар дайындаған Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң жобаларын сараптауды;
      Республика Үкiметi енгiзетiн заңдар мен Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң жобаларын сараптауды;
      Үкiметтiң мәжiлiстерiнде қол қойылған қаулыларды шығаруды;
      оларды Үкiметтiң мәжiлiсiнде қараған кезде келiспеушiлiк пайда болған және оларды жою жөнiнде тапсырма берiлген жағдайларда Үкiмет қаулыларының жобаларын пысықтауға қатысуды;
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне Президенттiң, Үкiметтiң және Премьер-Министрдiң актiлерiнiң орындалу барысы туралы жүйелi түрде хабарлап отыруды;
      Премьер-Министрге тиiстi жылға арналған Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасы мен Заң жобасы жұмыстарының жоспары жөнiндегi шаралардың орындалуы туралы ай сайын хабарлап отыруды;
      Президенттiң, Үкiметтiң, Премьер-Министрдiң актiлерiнiң атқарылу мерзiмдерiне бақылауды жүзеге асыруды;
      Үкiмет пен оның Төралқасының мәжiлiстерiн, халықаралық кездесулер мен сапарларды және Премьер-Министр мен оның орынбасарлары өткiзетiн басқа да шараларды ақпараттық-талдамалық, құқықтық, ұйымдастырушылық, консультативтiк және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi;
      Премьер-Министр мен оның орынбасарлары үшiн Республиканың жай-күйi мен әлеуметтiк-экономикалық дамуын сипаттайтын материалдар дайындауды;

     Премьер-Министрдiң бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын
қамтамасыз етудi;
     Премьер-Министр мен Үкiметтiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етуге
және өзге де мәселелердi шешуге қатысуды;
     Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауды, жүйелендiрудi және
кодтандыруды;
     Республиканың Үкiметi тағайындайтын лауазымдардың тiзбесiне
кiретiн кадрлардың сапалық құрамы мен қозғалысына талдау жүргiзудi;
     кадрларды оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыруды;
     Премьер-Министр мен Үкiметтiң қызметiн құжаттамалық қамтамасыз
етудi және қызмет көрсетудi, iс қағаздарын жүргiзудi;
     мемлекеттiк, орыс және басқа да тiлдердiң жұмыс iстеуiн
қамтамасыз етудi;
     қызметтiк құжаттарды қарауды;
     азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiмдерiн қарауды;
     азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

              III. ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КЕҢСЕСIНIҢ ӨКIЛЕТТIГI

     6. Премьер-Министр Кеңсесiнiң өзiнiң функцияларын жүзеге асыру
үшiн, өз құзыреттерiнiң шегiнде:
     мемлекеттiк органдардың қолында бар кез-келген, оның iшiнде
құпия, ақпараттық деректердiң банкiн пайдалануға;


      мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен Премьер-Министр Кеңсесiнiң жүргiзуге қатысты мәселелер бойынша қызметтiк жазбалар алмасуды жүргiзуге;
      министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар дайындаған заңдардың Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң, Үкiметтiң қаулыларының және Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң жобаларына сараптауды жүзеге асыруға;
      оларды Үкiметтiң мәжiлiстерiнде қараған кезде келiспеушiлiк пайда болған және оларды жою жөнiнде тапсырма берiлген жағдайларда Үкiметтiң қаулыларының жобаларын пысықтауға қатысуға;
      Президенттiң актiлерiнiң, Үкiметтiң қаулыларының, Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң атқарылуына тексеру жүргiзуге қатысуға;
      Президенттiң, Үкiметтiң, Премьер-Министрдiң актiлерiнiң атқарылу мерзiмдерiне бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар алқаларының мәжiлiстерiне қатысуға құқығы бар.
      7. Премьер-Министр Кеңсесiнiң мемлекеттiк органдардың қажеттi материалдарды, хабарламаларды ұсынуы жөнiндегi талабы, егер тапсырмада басқа атқару мерзiмдерi белгiленбесе, заңдарда белгiленген мерзiмдерде атқарылуға жатады.

                IV. ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КЕҢСЕСIНIҢ БАСШЫЛЫҒЫ

      8. Премьер-Министрдiң Кеңсесiн Үкiметтiң мүшесi болып табылатын, Премьер-Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Кеңсенiң Басшысы басқарады.
      9. Кеңсе Басшысының Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының ұсынуы бойынша Үкiмет қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын екi орынбасары болады.
      10. Кеңсенiң Басшысы мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
      орынбасарларының мiндеттерiн айқындайды;
      Премьер-Министрдiң Кеңсесi туралы ереженi Үкiметтiң бекiтуiне ұсынады;
      Кеңсенiң штаттық кестесiн бекiтедi, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң қарауына Кеңсенiң жауапты қызметкерлерiн тағайындау және босату туралы ұсыныс енгiзедi, Премьер-Министрге жеке лауазымдық жалақылар мен Кеңсе қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi;
      Кеңсенiң бөлiмдерi мен басқа да құрылымдық бөлiмшелерiне жалпы басшылық пен олардың қызметтерiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
      Кеңседегi iшкi еңбек тәртiбiнiң ережесiн бекiтедi;
      Премьер-Министр Кеңсесiнiң шығыстар сметасын бекiтедi және оның шегiнде қаржы қаражатына билiк етедi;
      Премьер-Министрдiң Кеңсесi бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтарды бекiтедi;
      Премьер-Министрдiң Кеңсесiнiң Президенттiң Әкiмшiлiгiмен, Республика Парламентi Палаталарының Аппараттарымен, министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, өзге де орталық, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      Үкiмет пен оның Төралқасының мәжiлiстерiн ұйымдастырушылық, құқықтық, консультативтiк, материалдық-техникалық дайындау мен өткiзудi қамтамасыз етедi;
      Үкiмет қаулыларының жобаларына, Үкiмет енгiзетiн Президент актiлерiнiң жобаларына, Үкiметтiң мәжiлiсiне енгiзiлетiн заң жобаларына, сондай-ақ Үкiмет мәжiлiстерiнiң хаттамаларына виза қояды;
      Үкiмет қаулыларының жобасын әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк органдардың арасында пайда болған келiспеушiлiктердi жою үшiн кеңес ұйымдастырады;
      Премьер-Министрге заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, Үкiметтiң қаулыларының, Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң жобаларын, басқа да құжаттар мен материалдарды ұсынады;
      Президент актiлерiнiң, Үкiмет шешiмдерiнiң, халықаралық келiсiмдердiң, Президенттiң, Премьер-Министрдiң және оның орынбасарларының тапсырмаларының атқарылуына олардың орындалу барысы туралы Премьер-Министрге жүйелi түрде хабарлай отырып бақылау жасау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Үкiметтiң атына түскен арыздар мен өтiнiмдердi тиiстi мемлекеттiк органдарға жолдайды;
      Премьер-Министрге Үкiметтiң тиiстi жылға арналған Iс-қимыл жоспары мен Заң жобалары жұмыстарының жоспары жөнiндегi шаралардың орындалуы туралы ай сайын хабарлап отырады;
      өз құзыретiнiң шегiнде тапсырманы бақылаудан алуға не оны атқаруды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдауға рұқсат бередi;
      Премьер-Министр Кеңсесiнiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;
      Премьер-Министрдiң Кеңсесiне техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн Кеңсенiң қызметкерлерiн және ведомстволық бағыныстағы ұйымдастырдың басшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      Премьер-Министрдiң Кеңсесi құзыретiнiң шегiнде қызметтiк құжаттамаға қол қояды;
      өзiне Республика Премьер-Министрi мен Үкiметi жүктеген басқа да функцияларды орындайды.
      11. Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының:
      министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға Үкiметтiң қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеу және келiсу жөнiнде нұсқау беруге;
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың Үкiметтiң шешiмдерiн дайындау жөнiндегi жұмысын үйлестiруге;
      министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, ұйымдардан Үкiмет үшiн қажеттi материалдарды, заңдардың Президент актiлерiнiң, Үкiмет қаулыларының, Премьер-Министр өкiмдерiнiң орындалуы туралы ақпарат сұратуға және оларға атқарылуы мiндеттi тапсырмалар беруге;
      меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардан құжаттарды, Үкiметтiң құзыретiне қатысты мәселелер бойынша өзге де материалдарды қоса алғанда қажеттi ақпараттар сұратуға;
      олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген және Қазақстан Республикасының Үкiметi Регламентiнiң талаптарын бұзу арқылы ұсынылған жағдайда заңдардың, Республика Президентi актiлерiнiң, Республика Үкiметi қаулыларының және Премьер-Министрi өкiмдерiнiң жобаларын министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға қайтаруға;
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделмеген қосымша қаржыландыру мәселелерi не жеке салық, кеден және басқа да жеңiлдiктер беру жөнiндегi өтiнiмдерiн тiркеместен қайтаруға;
      отандық және шетелдiк ұйымдармен Үкiмет пен Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде шарттар (келiсiм-шарттар) жасасуға құқығы бар.

         V. ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КЕҢСЕСIНIҢ ҚЫЗМЕТIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      12. Премьер-Министрдiң Кеңсесiне жүктелген функцияларды орындау үшiн оның құрамында бөлiмдер және басқа да құрылымдық бөлiмшелер құрылады.
      13. Премьер-Министр Кеңсесiнiң құрылымдық бөлiмшесi осы Ереженiң негiзiнде, сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы бекiтетiн бөлiмдер және басқа да құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелердiң негiзiнде қызмет iстейдi.
      Бөлiмдердiң қызметкерлерi құзыреттерiне сәйкес не Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының тапсырмасы бойынша Үкiмет енгiзетiн заңдардың, Президент актiлерiнiң, Үкiметтiң қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын шығару үшiн жауапты болып табылады.
      14. Бөлiмдердiң және басқа да құрылымдық бөлiмшелердiң басшыларын, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлер болып табылатын Кеңсесiнiң басқа да қызметкерлерiн (бұдан әрi - жауапты қызметкерлер) Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының ұсынуы бойынша Республиканың Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
      15. Премьер-Министр Кеңсесiнiң бөлiмдерi мен басқа да құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары олар басқаратын бөлiмдер мен басқа да бөлiмшелерге жүктелген мiндеттердiң уақтылы және толық орындалуы, Кеңсенiң Басшысы мен оның орынбасарлары тапсырмаларының уақтылы және толық атқарылуы үшiн жауаптылықта болады, қызметкерлердi тағайындау, орнын ауыстыру және босату туралы ұсыныс енгiзедi, қызметкерлердiң арасында мiндеттердi бөледi.
      16. <*>
      ЕСКЕРТУ. 16-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 295
               қаулысымен. P980295_