Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.08.2013 № 865 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған:
Өнеркәсiптiң толық маусым iшiндегi жұмысы жыл бойғы жұмыс үшiн зейнетақы тағайындауға арналған стажға есептелетiн маусымдық салаларының тiзiмi;
Орындалу уақыты денсаулық сақтау мекемелерi медициналық қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына зейнетақы тағайындауға арналған еңбек стажының бiр жарым мөлшерiне есептелетiн жұмыстардың тiзбесi бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 3 желтоқсандағы
N 1679 қаулысымен
бекiтiлген
Орындалу уақыты денсаулық сақтау мекемелерi
медициналық қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына зейнетақы
тағайындауға арналған еңбек стажының бiр жарым мөлшерiне
есептелетiн жұмыстардың
ТIЗБЕСI
____________________________________________________________________
Жұмыстардың атауы | Қызметi
_____________________________________________________________________
Республикалық, облыстық, қалалық, аудандық
патологиялық-анатомиялық бюролар, емдеу мекемелерiнiң
патологиялық-анатомиялық бөлiмдерi
Мәйiттердi патологиялық-анатомиялық | патологанатом дәрiгерлер
ашу және операция мен биопсия кезiнде |
алынған мәйiттiк материалды, органдар |
мен еттердi гистологиялық зерттеу |
|
Патологиялық-анатомиялық ашуларды | орта медициналық қызметкерлер
жүргiзуге қатысу. Мәйiттiк, | кiшi медициналық қызметкерлер
операциялық және биологиялық |
материалдарды өңдеу |
|
Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық
сақтау министрлiгiнiң Сот медицинасы орталығы, облыстық,
қалалық, аудандық, ауданаралық сот-медициналық сараптама бюролары
|
Мәйiттер мен мәйiттiк материалды | Дәрiгерлер сот-медициналық
сот-медициналық ашу және зерттеу | сарапшылар
|
Сот-медициналық ашуларды және | Орта медициналық қызметкерлер
мәйiттiк материалды өңдеудi | Кiшi медициналық қызметкерлер
жүргiзуге қатысу |
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 3 желтоқсандағы
N 1679 қаулысымен
бекiтiлген
Толық маусым iшiндегi жұмыс зейнетақы тағайындау
үшiн бiр жылдық стажға есептелетiн өндiрiстiң
маусымдық салаларының
ТIЗIМI
Ағаш дайындау және ағаш ағызу
Ет және сүт өнеркәсiбi
Балық өнеркәсiбi
Өнеркәсiптiң қант және консервi салалары