Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық Орталығы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 3 желтоқсан N 1678

Қолданыстағы

      Ел Президентiнiң "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" атты Қазақстан халқына жолдауындағы "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, бiлiмi және әл-ауқаты" ұзақ мерзiмдi басымдықты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық Орталығын (бұдан былай - Ұлттық Орталық) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Республикалық денсаулық орталығын қайта құру, сондай-ақ қосымшаға сәйкес облыстық және Алматы қалалық денсаулық орталықтары мен дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiн функционалдық жағынан Ұлттық Орталыққа бағындыра отырып денсаулық сақтау ұйымдарының штаттарын беру жолымен құру туралы ұсынысы қабылдансын.
      Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Республикалық Денсаулық орталығын қайта құру туралы ұсыныс енгiзсiн.
      2. Ұлттық Орталық қызметiнiң мынандай негiзгi бағыттары белгiленсiн:
      2030 жылға дейiнгi елдiң даму стратегиясы туралы Қазақстан Республикасының Президентi Жолдауының басым бағыттарына сәйкес республикалық және аймақтық халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастыру, зиянды әрекеттерiң алдын алу және күресу, гигиеналық тәрбиелеу және қоршаған ортаны сауықтыру мақсатты бағдарламаларын жасау;
      Салауатты өмiр салтының әртүрлi аспектiлерi жөнiндегi ғылыми-негiзделген бағдарламаларды әзiрлеу және енгiзу бойынша министрлiктермен, ведомстволармен, жергiлiктi атқару органдарымен, ұйымдармен және мекемелермен өзара әрекетте болу;
      Салауатты өмiр салтын қалыптастыру, сондай-ақ экономика, денсаулық сақтауды басқару және реформалау жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстары;
      Салауатты өмiр салтын қалыптастырудың және денсаулық сақтауды ұйымдастырудың өзектi мәселелерi бойынша медициналық кадрларды дайындау және қайта дайындау;
      Салауатты өмiр салтын қалыптастыру және принциптерiн енгiзу, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану, қатердiң алдын-алу жөнiнде халықпен, мектепке дейiнгi балалар және бiлiм беру мекемелерiмен, ұйымдар мен кәсiпорындардың ұжымдарымен жұмыс iстеу;
      халықтың әртүрлi санатын гигиеналық оқыту бағдарламасын дайындау;
      Салауатты өмiр салтын уағыздау, зиянды әдеттердiң алдын алу және күресу жөнiндегi көпшiлiк-спорттық және мәдени шаралар өткiзу;
      бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс iстеу және орталықтың негiзгi мiндеттерiн жүзеге асыру жөнiндегi баспагерлiк жұмыс.
      3. Ұлттық Орталықтың қаржыландыру республикалық бюджеттiң денсаулық сақтау шығыстарына қарастырған қаражаттарының шегiнде жасалсын.
      4. Облыс, республикалық маңыздағы қалалар және астана әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi жүргiзiлiп жатқан денсаулық сақтау органдары мен мекемелерiнiң желiсi мен құрылымын оңтайландырудың есебiнен салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары жөнiндегi аймақтық орталықтар құру мүмкiндiктерiн қарастырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық

 

сақтау министрлiгi бiр айлық мерзiм iшiнде Ұлттық Орталықтың Жарғысы

мен құрылымын бекiтсiн;

     қайта құрылған бұрынғы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң iлгерiде

қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiрсiн.

     6. Ұлттық Орталықтың орналасқан жерi: Алматы қаласы, Абылай хан

даңғылы, 63 және Д.Қонаев көшесi, 86 болып белгiленсiн.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi


                                        Қазақстан Республикасы

                                              Үкiметiнiң

                                      1997 жылғы 3 желтоқсандағы

                                          N 1678 қаулысына

                                               Қосымша


       Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық

       сақтау министрлiгiнiң Салауатты өмiр салтын қалыптастыру

          проблемалары Ұлттық Орталығына штаттары берiлетiн

                 денсаулық сақтау ұйымдарының тiзбесi


     __________________________________________________________________

     N  |                    Ұйымның атауы           | Штаты, адам

     __________________________________________________________________

     1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау         27 адам

        министрлiгiнiң Республикалық дәрiгерлiк-дене

        шынықтыру диспансерi

     2. ДДҰ орталығы                                    3 адам

     3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау         7 адам

        министрлiгi Денсаулық сақтаудың медициналық

        және экономикалық проблемалары ғылыми

        орталығы

     4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау         10 адам

        министрлiгiнiң Кардиология ғылыми-зерттеу

        институты

     5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау         3 адам

        министрлiгi Денсаулық сақтаудың медициналық

        және экономикалық проблемалары ғылыми

        орталығының Баспа орталығы

     6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау         5 адам

        министрлiгiнiң Гигиена және кәсiптiк

        аурулар ғылыми-зерттеу институты

     7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау         5 адам

        министрлiгiнiң Эпидемиология, микробиология

        және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты

     8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау         5 адам

        министрлiгiнiң Обаға қарсы ғылыми-зерттеу

        институты

     9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау         7 адам

        министрлiгiнiң Республикалық санитарлық-

        эпидемиологиялық станциясы

     10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау        5 адам

         министрлiгiнiң Радиациялық медицина

         ғылыми-зерттеу институты (Курчатов қаласы)


                                        Барлығы         77 адам