Уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi ұлттық оператор туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 26 қарашадағы N 1659 қаулысына қосымша Уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi ұлттық оператор туралы ЕРЕЖЕ I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 3593 Жарлығы мен "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1148 қаулысына сәйкес әзiрлендi және ұлттық оператордың уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импортына байланысты функцияларын белгiлейдi.
2. Уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсаттағы материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi ұлттық оператор - "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы (бұдан әрi - Қазатомөнеркәсiп) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қару-жарақты, әскери техниканы және қос мақсаттағы өнiмдi экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, жоғарыда көрсетiлген мәселелерге қатысты Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жоғарыда аталған Жарлығына сәйкес уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөнiнде өзiне Қазақстан Республикасы берген басым құқықты иеленедi.
3. Қазатомөнеркәсiп өзiне берiлген өкiлеттiктердiң толық көлемiнде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес олардың сыртқы және iшкi рыноктарда қорғалуын қамтамасыз етедi.
II. Негiзгi мiндеттерi
4. Қазатомөнеркәсiптiк уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi ұлттық оператор ретiндегi негiзгi мiндеттерi:
әлемдiк рынокта атом-энергетика кешенiнiң өнiмдерiн сату саласында Қазақстан Республикасының мүдделерiн қамтамасыз ету;
уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импортын жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Сауда министрлiгi арасындағы "Қазақстанның уран бойынша антидемпингтiк тексерудi тоқтата тұру туралы" 1992 жылғы 16 қыркүйекте жасалған келiсiм мен оған барлық толықтырулардың атқарылуына, сондай-ақ Қазақстан уранын АҚШ рыногына жөнелту жөнiндегi квоталардың пайдалануына бақылауды жүзеге асыру;
сыртқы және iшкi рыноктарда атом-энергетика кешенiнiң өнiмдерiне демпингтiк процестердi болдырмау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзуге қатысу болып табылады.
III. Негiзгi функциялары
5. Қазатомөнеркәсiп негiзгi мiндеттерiне сүйене отырып:
тиiстi лицензиялар алу арқылы тiкелей немесе өзiнiң (қарамағындағы) ұйымдары арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импортын жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын өндiрушi кәсiпорындардың арасында уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты квотасының қатаң сақталуын, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес берiлетiн тиiстi лицензиялар алуы бойынша бақылауды қамтамасыз етедi;
МАГАТЭ-нiң жетекшi материалдарының негiзiнде арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың импорты мен экспортын және оларды өндiрудi қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасының атом энергетикасы кешенiнiң өнiмдерiн сату жөнiнде бiрыңғай есеп жүргiзу мен мемлекеттiк бақылаушы органдардың алдында есеп берудi жүзеге асырады;
белгiленген квоталарға сәйкес, халықаралық ережелердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша да Қазақстан Республикасының кеден аймағынан тыста ураны бар шикiзаттарды тасымалдаудың схемасы мен оларды қайта өңдеуге берудiң кестесiн айқындайды;
қайта өңдеушi кәсiпорындардың аумақтық қатыстылығына қарамастан Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсаты арқылы алынған лицензиялар бойынша қазақстандық қайта өңделген ураны бар өнiмдердiң экспортына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттердiң экспорттық өнiмдерiнiң Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өтуiне байланысты мәселелердi реттеуге қатысуға басымдықты құқыққа ие болады.
IV. Құқықтары
6. Қазатомөнеркәсiптiң:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, өз құзыретiнiң шегiнде нормативтiк-құқықтық актiлер қабылдау жөнiндегi ұсыныстар енгiзуге, сондай-ақ лауазымды, заңды және жеке тұлғалардың, оның iшiнде шетелдiктердiң атқаруы үшiн мiндеттi әдiстемелiк құжаттарды, нұсқаулықтарды және ережелердi бекiтуге;
ураны бар шикiзаттарды тасымалдау және сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу, жобалау-iздестiру және кешендi сипаттағы басқа да жұмыстарға тапсырысшы болуға;
ғалымдарды, мамандарды және сарапшыларды атом-энергетика кешенi саласындағы консультацияларға, зерделеуге және проблемаларды шешуге тартуға құқығы бар.
V. Қызметiн ұйымдастыру
7. Уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi ұлттық оператор - "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы өзiнiң қызметiн осы Ереже мен "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясының жарғысына сәйкес ұйымдастырады.