Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 P961533_ қаулысында: аталған қаулының қосымшасында: "Реформаларды заңдық қамтамасыз ету" деген VII бөлiмдегi реттiк нөмiрi 111 жолдар: "Кешендi кәсiпкерлiк Заң жобасы 1997 жылғы Әдiлетминi" қызмет туралы Үкiмет қаулысы қыркүйек алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылға арналған Заң жобасы жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 7 қаңтардағы N 14 P970014_ қаулысында: аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспарынан реттiк нөмiрi 58 жолдар алынып тасталсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi