"Қазаэрожоба" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 17 қарашадағы N 1594

Қолданыстағы

      "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат) Қазақстан Республикасының авиациялық кешенiн жетiлдiру, әуежайларды, аэродромдар мен аэронавигация объектiлерiн жобалау және олардың пайдалануға жарамдылығын айқындау жөнiндегi қызметтi жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 

      1. "Қазаэрожоба" қазақ мемлекеттiк азаматтық авиация жобалау-iздестiру ғылыми-зерттеу институты шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазаэрожоба" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта құрылсын. 

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн. 

      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетi Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оның заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өтуiн қамтамасыз етсiн. 

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) "Қазақ азаматтық авиация басқармасын қайта құру және "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 27 тамыздағы N 741  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 33, 388-құжат): 
      2-тармақтың алтыншы абзацындағы "Қазаэрожоба" қазақ мемлекеттiк жобалау-iздестiру және ғылыми зерттеу институты" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiндегi "Әуе көлiгi" деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетi";
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 60а жолдармен толықтырылсын:
      "60а. "Қазаэрожоба республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) Алматы қаласы".

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi