Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 желтоқсандағы N 1471 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 7 қараша N 1531. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.09. N 19 қаулысымен. ~P010019

Күшін жойған

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     "Ақмола қаласына көшетiн мемлекеттiк қызметшiлердi материалдық
ынталандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 желтоқсандағы N 1471  

P961471_

  қаулысына мынадай
өзгерiстер енгiзiлсiн:
     1-тармақта:
     тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "қызметкердiң өзiне - көшетiн отбасы мүшелерiн қоса алғанда,
бiлiктiлiк сыныбы үшiн қосымша ақы мен еңбек сiңiрген жылдары үшiн
үстемақыны есепке ала отырып, 6 айлық лауазымдық жалақысына тең
мөлшерде"
     оныншы абзац алынып тасталсын;
     4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "4. Мемлекеттiк қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн көшiру
жөнiндегi шығындардың орнын толтыру республикалық бюджетте орталық
мемлекеттiк органдарға көзделген жалпы сметалық қаржы есебiнен
жүргiзiлсiн".

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi