Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiр жолғы төлемдi жүзеге асырудың тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 2 қазандағы N 1405

Қолданыстағы
      "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiр жолғы төлем туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636 U973636_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiр жолғы төлемдi жүзеге асырудың тәртiбi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiмен қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiр жолғы төлемге арналған агенттiк келiсiм жасасын.
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк

қорғау министрлiгi, Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi,
облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi 1997 жылы, Қаза тапқан,
қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап
алушыларына, қамқоршыларына бiр жолғы төлемдi жүзеге асырудың
тәртiбiне сәйкес, бiр жолғы төлемдi қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы
                                   Қазақстан Республикасы
                                        Үкiметiнiң
                                   1997 жылғы 2 қазандағы
                                     N 1405 қаулысымен
                                        бекiтiлген

        Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң
        ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына
               бiр жолғы төлемдi жүзеге асырудың
                           ТӘРТIБI



      1. Осы Тәртiп "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiр жолғы төлем туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636 Жарлығына сәйкес қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiр жолғы төлемнiң тетiгiн айқындайды.
      2. Бiр жолғы төлем:
      шақыру бойынша әскери қызметiн өтеу кезiнде қаза тапқандардың немесе әскери қызметiн өтеу кезiнде алынған жарақаттың, контузияның, зақымның, науқастың зардабынан әскери қызметтен босағаннан кейiн қайтыс болғандардың (қайтыс болуы олардың құқыққа қарсы әрекеттерiнiң нәтижесiнде болған жағдайларды қоспағанда) ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына 87750 теңге сомасында;
      әскери қимылдар кезiнде қайтыс болғандардың, қаза тапқандардың (қайтыс болуы олардың құқыққа қарсы әрекеттерiнiң нәтижесiнде болған жағдайларды қоспағанда) ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына 117000 теңге сомасында жүргiзiледi.
      3. Бiр жолғы төлем алуға құқығы бар қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары аудандық (қалалық) халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне мына құжаттарды:
      а) белгiленген нысанда өтiнiш (1-қосымша);
      б) әскери қызметiнiң қайтыс болғандығын, қаза тапқандығын (оның iшiнде өзiне қол жұмсағанын) растайтын шешiм, анықтама, хабарлау немесе құжат;
      в) қайтыс болған немесе қаза тапқан адамға туыстық қатынасын растайтын құжат;
      г) бiр жолғы төлем алуға құқығы бар азаматтың төлқұжатын немесе жеке басының куәлiгiн ұсынады.
      4. Халықты әлеуметтiк қорғау органдары ұсынылған құжаттарды осы Тәртiптiң 3-тармағына сәйкес арнайы журналдарға тiркейдi, белгiленген нысандарға (2 және 3-қосымшалар) сәйкес азаматтардың тiзiмiн жасайды және оларды онкүндiк сайын тиiстi төлем жүргiзу үшiн Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң аудандық (қалалық) филиалдарына бередi.
      5. Бiр жолғы төлем Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мен Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң арасында жасалған агенттiк келiсiмнiң негiзiнде Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң филиалдары арқылы жүзеге асырылады.
      80 жасқа толған азаматтарға бiр жолғы төлем үйiне жеткiзiп беру арқылы жүзеге асырылады.
      6. Бiр жолғы төлем республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi агенттiк келiсiмге сәйкес ақша қаражатын, көрсетiлген қаражатты кейiн Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiне аудару үшiн, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бюджеттiк шотына аударады.
      8. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк

қорғау министрлiгi Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiмен
бiрлесiп ай сайын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне
облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының тұрғысында, төлемдердiң
нәтижелерi бойынша есеп ұсынады.

                                             1-қосымша

                        __________________аудандық (қалалық)
                        халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң
                        бастығы ___________________________
                                        (аты-жөнi)
                        мырзаға
                        _________________мекен-жай бойынша
                        тұратын ___________________________
                                 (өтiнiш берушiнiң аты-жөнi)

     "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң
ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiр жолғы төлем
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 16
қыркүйектегi N 3636 Жарлығына сәйкес бiр жолғы төлемге

                            Ө Т I Н I Ш
     ________________________________________________________
     (уақиғаның сипаты мен тиесiлi соманың мөлшерi көрсетiледi)
     ___________________________________________________байланысты
     бiр жолғы төлемдi жүзеге асыруыңызды сұраймын.
     Өтiнiшке қоса мына құжаттарды ұсынамын:
     _______________________________________
     _______________________________________
     _______________________________________
     _______________________________________

                                       Өтiнiш берушiнiң қолы
     1997 жылғы " " ____________

                                           2-қосымша

     Бiр жолғы төлем алатын, шақыру бойынша әскери қызметiн
     өтеу кезеңiнде немесе 1945 жылғы 3 қыркүйектен 1993 жылғы
     20 қаңтарға дейiнгi кезеңде әскери қызметiн өтеу кезiнде
     алынған жарақаттың, контузияның, зақымның, науқастың
     зардабынан әскери қызметтен босағаннан кейiн қаза тапқан,
     қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарының, асырап
                    алушыларының, қамқоршыларының
                               ТIЗIМI
_________________________________________________________________
 N |   Аты-жөнi       |Төлқұжатының |Мекен-жайы|Бiр жолғы|Ескерту
р/с|                  |немесе жеке  |          |төлемнiң |
   |                  |басын куәлан.|          |сомасы,  |
   |                  |дыратын      |          | теңге   |
   |                  |құжаттың     |          |         |
   |                  |деректерi    |          |         |
__________________________________________________________________
 1 |        2         |      3      |     4    |     5   |   6
__________________________________________________________________

     Аудандық (қалалық)
     халықты әлеуметтiк
     қорғау бөлiмiнiң
     бастығы

     (мөрi, қолы)
     1997 жылғы " "_______
     Ескертпе:
     Тiзiмдер үш данада жасалады.

                                             3-қосымша

        Бiр жолғы төлем алатын, 1945 жылғы 3 қыркүйектен 1993 жылғы
        20 қаңтарға дейiнгi кезеңдегi әскери қимылдар кезеңiнде
        қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң
        ата-аналарының, асырап алушыларының, қамқоршыларының
                               ТIЗIМI
_________________________________________________________________
 N |   Аты-жөнi       |Төлқұжатының |Мекен-жайы|Бiр жолғы|Ескерту
р/с|                  |немесе жеке  |          |төлемнiң |
   |                  |басын куәлан.|          |сомасы,  |
   |                  |дыратын      |          | теңге   |
   |                  |құжаттың     |          |         |
   |                  |деректерi    |          |         |
__________________________________________________________________
 1 |        2         |      3      |     4    |     5   |   6
__________________________________________________________________

     Аудандық (қалалық)
     халықты әлеуметтiк
     қорғау бөлiмiнiң
     бастығы

     (мөрi, қолы)
     1997 жылғы " "_______
     Ескертпе:
     Тiзiмдер үш данада жасалады.