Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 2 қазандағы N 1402

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Зейнетақы активтерiн инвестициялық

басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау туралы ереже бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық
комиссиясы осы қаулыны iске асыру жөнiндегi қажеттi шаралар
қабылдасын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы
                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 2 қазандағы
                                        N 1402 қаулысымен
                                             бекiтiлген

              Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару
                жөнiндегi қызметтi лицензиялау туралы
                                ЕРЕЖЕ



      Осы Ереже зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар және Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жинақтаушы қорлардың активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау мен бақылаудың тәртiбiн белгiлейдi және осы қызметтi жүзеге асыруға арналған бiлiктiлiк талаптарын айқындайды және ол "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi.

                          I. Жалпы ережелер

      1. Лицензиялау зейнетақы активтерiн және Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi компаниялардың (бұдан әрi - Лицензиат) қызметтерiне бақылау жасауды қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
      2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызмет - инвестициялық шешiмдер қабылдау және эмиссиялық бағалы қағаздармен және басқа да зейнетақы активтерiмен Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен мәмiлелер жасау болып табылады.
      3. Бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - Лицензиар) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алған Лицензиаттардың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзедi. Аталған тiзiлiмге лицензияларды уақытша тоқтату мен Лицензиаттан оларды қайтарып алудың барлық фактiлерi туралы мәлiметтер де енгiзiледi.
      4. Лицензиат зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.

                II. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар

      5. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн өтiнiш берушi Лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
      а) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      б) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      в) шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң статистикалық кәртiшкесiнiң көшiрмесi;
      г) барлық өзгерiстермен және толықтырулармен қоса алғанда, нотариалдық куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi (екi данада);
      д) өтiнiштi берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, сондай-ақ құрылтайшыларға, басшы қызметкерлерге "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Лицензиардың нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген талаптарды растайтын құжаттар;
      е) лицензиялық алымның төленгенi туралы төлем құжаттарының көшiрмелерi.
      6. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияларды банктердiң құруы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.

               III. Құжаттарды қарау және лицензия беру

      7. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялауға ұсынылған құжаттарды Лицензиар құжаттар берiлген күннен бастап 30 күннiң iшiнде қарайды. Пысықталуына байланысты құжаттар қайталап берiлгенде, өтiнiш берушi құжатта қайталап берiлген күнгi жеке капиталының есебiн және Лицензиардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сай келетiн бухгалтерлiк есептi ұсынады.
      8. Ұсынылған құжаттар қолданылып жүрген заңдардың және осы

Ереженiң талаптарына сай келгенде, өтiнiш берушiге зейнетақы
активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
құқығына лицензия берiледi.
     9. Лицензия басшыға немесе Лицензиаттың уәкiлеттi өкiлiне
(сенiмхат негiзiнде) берiледi.
     10. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi
қызметтi жүргiзуге арналған лицензиялар тұрақты болып табылады.
     11. Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына
тарайды.

                   IV. Лицензия бергенi үшiн алым

     12. Лицензиялық алымның мөлшерi мен оны төлеудiң тәртiбi
Қазақстан Республикасының салық заңдарымен айқындалады.

         V. Лицензия беруден бас тарту және оған шағымдану

     13. Лицензия, егер:
     қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға субъектiлердiң осы
санатына заң актiлерiмен тыйым салынса;
     талап етiлетiн барлық құжаттар тапсырылмаса;
     ұсынылған ақпараттың жалғандығы фактiсi анықталса;
     лицензиялық алым төленбесе;
     өтiнiш берушiге қатысты соттың оған қызметтiң осы түрiмен
айналысуға тыйым салуы болса;
     өтiнiш берушi белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай болмаса,
берiлмейдi.
     14. Лицензия беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге
лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдерде жазбаша түрде дәлелдi
жауап қайтарылады.
     15. Егер лицензия белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе
лицензия беруден бас тарту өтiнiш берушiге негiзсiз болып көрiнсе,
ол бұл әрекеттерге сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.

                   VI. Лицензияның күшiн тоқтату

     16. Лицензия мынадай жағдайларда:
     лицензия берiлген заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе
таратылғанда;
     зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi қызмет тоқтатылғанда;
     лицензия керi қайтарып алынғанда өз күшiн тоқтатады.
     17. Заңды тұлға қайта тiркелген кезде лицензия сақталады.
     18. Лицензияның күшiн тоқтатуға байланысты даулар сот
тәртiбiмен шешiледi.

            VII. Лицензияның күшiн уақытша тоқтату және
                       оны керi қайтарып алу

     19. Лицензиар уақытша тоқтату себебiн көрсете отырып,
лицензияның күшiн алты ай мерзiмге дейiн тоқтатуға құқылы.
     20. Лицензияның күшi мынадай жағдайларда:
     лицензия негiзделiп берiлген ақпараттың жалған екенi
анықталғанда;
     зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi
реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер бұзылғанда, уақытша
тоқтатылуы мүмкiн.
     21. Лицензияның күшi уақытша тоқтатылған жағдайда Лицензиат
анықталған тәртiп бұзушылықтарды жоюға мiндеттi, олар жойылғаннан 
кейiн лицензия қайта күшiне енедi, бұл туралы Лицензиатқа жазбаша 
түрде хабарланады.
     Лицензияның күшiн уақытша тоқтату туралы жазбаша хабарлама
алғаннан кейiнгi Лицензиаттың қызметi заңсыз деп саналады және
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп
соғады.
     22. Лицензия мынадай жағдайларда:
     Лицензиат қолданылып жүрген заңдардың талаптарын орындамағанда;
     Лицензиар лицензияның күшiн уақытша тоқтатқан себептер
жойылмағанда;
     сот Лицензиатқа жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен
айналысуға тыйым салғанда керi қайтарылып алынуы мүмкiн.
     23. Лицензия керi қайтарып алынған жағдайда, Лицензиат ресми
хабарлама алған сәттен бастап он күн iшiнде лицензияны Лицензиарға
қайтаруға мiндеттi.
     24. Лицензиардың лицензияны керi қайтарып алу немесе оның күшiн
уақытша тоқтату туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағым берiлуi мүмкiн.

        VIII. Лицензия шарттарының орындалуына бақылау жасау

     25. Лицензия шарттарының орындалуына бақылауды Лицензиар жүзеге
асырады.
     26. Лицензиаттың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару
жөнiндегi қызметiнiң нәтижелер туралы есептi ұсынуының тәртiбi мен
мерзiмдерi Лицензиардың нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

                      IХ. Бiлiктiлiк талаптары



      27. Лицензия алуға үмiттенетiн заңды тұлғаға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
      а) өтiнiш берушiнiң штатында (оның филиалында, өкiлдiгiнде) 3-санаттағы бiлiктiлiк куәлiгi бар кемiнде үш маманның болуы, оның iшiнде:
      басшы қызметкерлер:
      зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелердiң басшылары;
      инвестициялық шешiмдердi қабылдау мен жүзеге асыруға тiкелей қатысатын мамандар;
      б) үй-жайдың, ұйымдастыру техникасының, компьютерлердiң, бағдарламалық-техникалық құралдардың және делдалдық кеңселермен, зейнетақы қорларымен, Орталық депозитариймен және кастодиан банктермен өзара iс-қимылды қамтамасыз ететiн телекоммуникациялық жабдықтың болуы;
      в) заңды тұлға өз құрылтайшыларының қаржылық тұрақтылығын растауға тиiс;
      г) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi ұйымдастыруды регламенттейтiн iшкi құжаттар әзiрленуi тиiс.