Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 30 қыркүйектегi N 1396

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы"

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңын және
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы
17 сәуiрдегi Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және
зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау
туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       мiндетiн атқарушы

                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 30 қыркүйектегi
                                          N 1396 қаулысымен
                                             бекiтiлген

           Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы
       жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге
          асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау туралы
                             ЕРЕЖЕ



      Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау туралы осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Жарлығына сәйкес әзiрлендi және жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi лицензияларды берудiң және қайтып алудың (тоқтатудың), оның қолданылуын тоқтата тұрудың және олардың қызметiне бақылау жасаудың тәртiбiн айқындайды.

      I. Жалпы ережелер

      1. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi лицензиялау - жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрi - лицензиат) қызметiн мемлекеттiк реттеу және оған бақылау жасау мақсатында жүргiзiледi.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi лицензиялауды уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгi (бұдан әрi - лицензиар) жүзеге асырады.
      3. Лицензиар зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi ұйымдастыруға берiлген лицензиялардың есебiн жүрiзедi, сондай-ақ лицензиялардың күшiн тоқтата тұруы, тоқтату және оны лицензиаттан қайтып алу жөнiндегi мәлiметтердiң есебiн де қамтамасыз етедi.
      4. Лицензиарға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң басшысы не ол болмаған кезеңде, оның орнындағы адам қол қояды.
      5. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүргiзуге арналған лицензиялар тұрақты және уақытша болып табылады.
      6. Лицензиаттың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметпен қоса атқарылмайды.
      7. Лицензиар берiлген лицензиялар туралы мәлiметтердi, сондай-ақ лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешiмдердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
      8. Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағына қолданылады.

      II. Лицензияларды берудiң шарттары

      9. Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын заңды және жеке тұлғалар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары корпоративтi жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады.
      10. Мемлекеттiк емес ашық зейнетақы қорының қызметi кезеңiнде лицензиар рұқсат еткен жағдайды қоспағанда, құрылтайшылардың (акционерлердiң) бiрде-бiреуi қордың акцияларының мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс құқығымен жиырма бес процентiнен астамына тiкелей немесе жанама түрде иелiк ете және/немесе басқара алмайды.
      11. Лицензиар рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң акциялар пакетi немесе үлесi бар кәсiпорындар мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерi бола алмайды.
      12. Жинақтаушы зейнетақы қоры заңға сәйкес, лицензиар бекiткен

тәртiпте мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры басшысының
кандидатурасын қоспағанда, қордың басшы қызметкерлерiнiң
кандидатурасын лицензиармен келiсуге мiндеттi.
     13. Лицензиаттың жарғы капиталы көздер есебiнен, тек ақшамен және
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мөлшерде ғана қалыптастырылуы
тиiс.
     14. Лицензия алу туралы өтiнiш беру сәтiнде жинақтаушы зейнетақы
қорының жарғы капиталы толықтай төленген болуы тиiс.
     15. Лицензиаттың заңдарға сәйкес лицензиар бекiткен жинақтаушы
зейнетақы қорының Ережелерi болуы тиiс.
     16. Лицензиялар Лицензиаттың басшысына немесе уәкiлеттi өкiлiне
(сенiмхаттың негiзiнде) берiледi.

     III. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар



      17. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн лицензиат лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) лицензиялау туралы заңдарға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      3) барлық өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге тiгiлген және нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмесi (екi данада);
      4) "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру

туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиардың
нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген, лицензиатқа қойылатын
бiлiктiлiк талаптарын растайтын құжаттар, сондай-ақ құрылтайшыларға,
басшы қызметкерлерге қойылатын талаптар;
     5) лицензиялық алымды төлегендiгiн растайтын құжаттың көшiрмесi.
     18. Жоғарыда атап көрсетiлген барлық құжаттарға қол қойған
лицензиаттың лауазымды тұлғалары осы құжаттардағы деректердiң
дұрыстығы үшiн, заңда белгiленген жауаптылықта болады.

     IV. Лицензия беру туралы өтiнiштi қараудың мерзiмi

     19. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге
асыру жөнiндегi қызметтi лицензиялауға берiлген құжаттарды лицензиар
лицензиялауға құжаттар ұсынылған сәттен бастап бiр ай мерзiм iшiнде
қарайды.

     V. Лицензия беру үшiн алым

     20. Лицензиялық алымның мөлшерi мен оны төлеудiң тәртiбi
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

     VI. Лицензия беруден бас тарту және оған шағымдану

     21. Егер:
     құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
келмесе;
     субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге
асыруға заң актiлерiмен тыйым салынған болса;
     лицензиаттың атауы Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген талаптарға сәйкес келмесе;
     осы Ереженiң 3-тарауына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар
тапсырылмаса;
     лицензия бергенi үшiн алым енгiзiлмесе;
     өтiнiш берушiге қатысты соттың оған қызметтiң осы түрiмен
айналысуға тыйым салған шешiмi болса;
     лицензиаттың басшы қызметкерлерi заңда белгiленген бiлiктiлiк
талаптарына жауап бермесе;
     өтiнiш иесi берген ақпарат қолданылып жүрген заңдарды және
лицензиардың нормативтiк актiлерiн бұзғандығын куәландырса, лицензия
берiлмейдi.
     22. Лицензия беруден бас тарту кезiнде өтiнiш иесiне лицензия
беру үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелдi жауап
қайтарылады.
     23. Егер лицензия белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе лицензия
беруден бас тарту лицензиатқа негiзсiз болып көрiнсе, ол бiр ай
мерзiмде бұл iс-әрекеттерге сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.

     VII. Лицензияның күшiн жоюы

     24. Лицензия:
     лицензия берiлген мерзiм аяқталғанда;
     сот шешiмiмен лицензия қайтып алынғанда;
     жинақтаушы зейнетақы қоры қайта ұйымдастырылған немесе
таратылған жағдайларда өз күшiн жояды.
     25. Лицензиат қайта тiркелген кезде лицензия өз күшiн сақтайды.
     26. Лицензияның күшi тоқтатылған жағдайда, лицензиат
акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмiн немесе соттың шешiмiн алған
сәттен бастап, он күн iшiнде лицензияны лицензиарға қайтаруға
мiндеттi.
     27. Лицензияның күшiн жоюға байланысты даулар сот тәртiбiмен
шешiледi.

     VIII. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және
           оны қайтып алу

     28. Лицензияның қолданылуы мынадай:
     негiзiнде лицензия берiлген ақпарат ақиқат болмаған;


      қор зейнетақы шарты бойынша мiндеттемелердi ұдайы (қатарынан 12 күнтiзбелiк ай iшiнде үш және одан көп ретте) орындамаған немесе жеткiлiксiз дәрежеде орындаған;
      Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтiк құқықтық актiлерi, лицензиаттың зейнетақы ережелерi және лицензиардың нормативтiк құқықтық актiлерi бұзылған, не лицензиардың жазбаша нұсқамалары орындалмаған;
      есептемелер мен мәлiметтер берiлмеген немесе көре тұра терiс берiлген жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
      29. Лицензиар тоқтата тұрудың себептерiн көрсете отырып, лицензияның қолданылуын 6 айға дейiн мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
      30. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда лицензиат анықталған жолсыздықтарды жоюға мiндеттi, содан соң лицензияның қолданылуы лицензиардың жазбаша хабарламасы бойынша қайта басталуы мүмкiн.
      Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн, лицензиардың қызметi заңсыз деп саналады және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауаптылыққа алып барады.
      31. Лицензиардың лицензияның күшiн тоқтата тұру туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

      IХ. Лицензиялық ережелердiң сақталуына бақылау жасау

      32. Лицензиаттың зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiне бақылау жасауды лицензиар жүзеге асырады.
      33. Лицензиат осы Ереженiң 17-тармағына сәйкес лицензия алу үшiн ұсынылған мәлiметтер мен құжаттарға өзгерiстер туралы, сондай-ақ зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниямен және банк-кастодианмен (мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорлары үшiн) шарттар жасалғандығы (немесе ережелердiң өзгеруi) туралы лицензиарға жазбаша нысанда хабарлауға мiндеттi.
      Өзгерiстер туралы деректер лицензиарға лицензия алу үшiн ұсынылған құжаттарға өзгерiстер пайда болған күннен бастап, он күн мерзiмде табыс етiлуi тиiс.
      34. Лицензиялық қызметтi жүзеге асыруға бақылау жасаудың барысында лицензиар статистикалық және қаржылық есептiлiк негiзiнде, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметке, сондай-ақ лицензиардың нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген өлшемдер бойынша лицензиаттың қаржылық тұрақтылығын, салымшылардың қаражатының мақсатты пайдаланылуын және лицензиаттың атқаратын қызметiнiң "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестiлiгiн айқындау мақсатында жергiлiктi жерлерде тексерiстердi жүзеге асыруға мiндеттi.
      35. Лицензиардың лауазымды тұлғалары жариялануға жататын мәлiметтердi қоспағанда, тексеру барысында алынған ақпаратты жария қылғаны үшiн жауапкершiлiкте болады. Лауазымды тұлғалардың заңсыз iс-әрекеттерiнiң нәтижесiнде келтiрiлген шығындар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеледi.