Босқын репатрианттардың қоныс аударуын ұйымдастыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 30 қыркүйектегi N 1388

Қолданыстағы
      "1997 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 27 наурыздағы N 3432 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 622 P970622_ қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 17, 146-құжат) жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Сыртқы iстер министрлiгiмен, Iшкi iстер министрлiгiмен, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен, Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Қорғаныс министрлiгiмен, Мемлекеттiк кеден комитетiмен, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп босқын репатрианттар отбасыларының Монғолия мен Иран Ислам Республикасынан Қазақстан Республикасына ұйымдастырылған түрде қоныс аударуын жүзеге асырсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң, қосымшаға сәйкес, босқын-репатрианттарды тасымалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу үшiн 1997 жылы қоныс аудару шараларына жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражаттың бiр бөлiгiн аталған министрлiктiң орталықтандырылған шотына аудару туралы ұсынысы қабылдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тапсырымдар бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң көлiк қызметтерiне төлем жасауы үшiн 1997 жылы қоныс аудару шараларына көзделген жергiлiктi бюджеттерден қаражат аударуына арнап ағымдағы шот ашсын.
      4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк

қорғау министрлiгi жүргiзiлген жұмыстың нәтижелерi бойынша облыстар
мен Алматы қаласының әкiмдерiне, олардың аталған министрлiктiң
орталықтандырылған шотына аударған қаражатының тиiмдi әрi мақсатты
пайдаланылуы туралы есеп ұсынсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 30 қыркүйектегi
                                       N 1388 қаулысына қосымша

          Қазақстан Республикасына Монғолиядан және Иран Ислам
            Республикасынан қоныс аударушы отбасылары мен
        олардың үй мүлкiн тасымалдау бойынша көлiк қызметiне
                    ақы төлеуге қажеттi қаражат
___________________________________________________________________
Рет|Көшiп келушiлер    |     Монғолия         |Иран Ислам Республи.|
 N |орналастырылатын   |                      |касы                |
   |облыстар           |______________________|____________________|
   |                   |отбасы |адам  |сомасы |отбасы|адам  |сомасы|
   |                   |       |саны  |(млн.  |      |саны  |(млн. |
   |                   |       |      |теңге) |      |      |теңге)|
___|___________________|_______|______|_______|______|______|______|

 1. Алматы                10      50     2,0
    (Талдықорған)
 2. Шығыс Қазақстан
    (Семей)               30     150     5,4
 3. Қарағанды             10      50     3,0
 4. Қостанай              25     125     8,0
 5. Маңғыстау                                    40     240   18,0
 6. Павлодар              20     100     5,0
 7. Солтүстiк Қазақстан
    (Көкшетау)            30     150     8,0
 8. Оңтүстiк Қазақстан                           25     150   11,0
 9. Алматы қаласы          3      15     2,0      2      10    1,0
    Барлығы:             128     640    33,4     67     400   30,0

_____________________________
Рет|         Жиыны:
 N |_________________________
   |отбасы |адам  |сомасы
   |       |саны  |(млн.
   |       |      |теңге)
___|_______|______|__________

 1.   10      50     2,0

 2.
      30     150     5,4
 3.   10      50     3,0
 4.   25     125     8,0
 5.   40     240    18,0
 6.   20     100     5,0
 7.
      30     150     8,0
 8.   25     150    11,0
 9.    5      25     3,0
     195    1040    63,4